Тыңдалым. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында



Дата26.10.2023
өлшемі1 Mb.
#188434
Байланысты:
3сынып-1 ТЖБ 1четв
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау процесін жетілдіру Абилова Б СМДО 2к-2ж

«Қазақ тілі» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

3 « » сынып оқушысы ________________________________________________

Тыңдалым.
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бір адам жолда ескі тағаны көріп:
- Балам, анау тағаны алшы! – дейді.
- Әке, ескі таға ғой, пайдасы жоқ, - деп, бала тағаны алмайды. Әкесі тағаны өзі алады.
Әкесі ескі тағаны ұсталарға үш тиынға сатады. Шие сатып алады. Әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала шиені жерден алып, жейді. Ол жерге түскен шиені он рет алып жейді. Әкесі баласына:
- Көрдің бе: «Пайдасы жоқ!» - деп, тағаны алмадың. Шиені он рет алдың. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң – көптен құр қаласың, - дейді.
(Ы.Алтынсарин)
1.Мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін көрсет (1, 2, 3, 4, 5, 6).
(2 балл)






2. Сұрақтарға жауап бер. Кестеге тиісті сөздерді жаз. (2 балл)



Әкесі жолдан не тауып алды?


Таға қандай болды?


Әкесі тағаны кімге сатты?


Әкесі не сатып алды?


Оқылым.
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Менің атым – Әлібек. Жазда ағам екеуіміз атамның ауылына бардық. Атамның қорасында жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі бар. Оларды «үй жануарлары» немесе «мал» деп атайды. Біз атамызға көмектестік. Малға шөп бердік. Қораны тазаладық. Біз малдың төлдерін жақсы көреміз. Маған құлын ұнайды. Ал ағама бота ұнайды. Қарындасым қозыны жақсы көреді. Ініме бұзау ұнайды. Төлдер әдемі, сүйкімді. Олар шөп жейді, ойнайды.

  • Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендір. ( 2балл)

С иыр қозы
Жылқы бота
Қой бұзау
Түйе құлын

  • Кім қандай үй жануарын жақсы көреді? Сәйкестендір. (2 балл)

Әлібекке ағама ініме қарындасыма





Жазылым.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаз. (4 балл)

Мен құстарды жақсы көре...... . Сен қарлығаш пен көгершіндерді қорғай...... . Күзде құстар жылы жаққа ұшып кете... . Тоқылдақ орманда мекендей...... . Сіз үй құстарына жем шаша...... . Үй құстары төмен ұша...... .


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым
4. «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене? тақырыбына диалог құрастыр. (4 балл)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет