Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы


Қанды, оның компоненттерін алу үшін өңдеу тәртібі



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата13.01.2022
өлшемі264,98 Kb.
#111430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
666.kaz -1
666.kaz -1, 666.kaz -1, 666.kaz -1, 11 сынып БЖБ. Әдебиет, 11 сынып БЖБ. Әдебиет
4. Қанды, оның компоненттерін алу үшін өңдеу тәртібі

1-Параграф. Жалпы ережелер

      53. Қанның гемопоэздік дің жасушаларын алуды қоспағанда, оның компоненттерін алу үшін 

жаңа алынған қанды өңдеу қанды бастапқы фракциялау блогында жүргізіледі.

      54. Қанды бастапқы фракциялау блогы қан қызметі ұйымдарын жарақтандыру үшін көзделген 

тиісті жабдықтармен және материалдармен жарақтандырылады.

      55. Қан компоненттерін алу үшін дайындалған консервіленген қанды бөлу рефрижераторлық 

центрифугаларды пайдалана отырып центрифугалау әдісімен жүргізіледі. Қанды центрифугалау режимі 

өндірістік регламентке сәйкес белгіленеді.

      56. Қатты центрифугалау кезінде қан мынадай компоненттерге бөлінеді: лейкоциттер мен 

тромбоциттердің жұқа қабаты - лейкотромбоциттер қабаты (бұдан әрі - ЛТҚ) орналасқан айрықша 

эритроциттерден тұратын жеткіліксіз плазма және тұнба үстіндегі негізінен глобулиндік масса.

      Жұмсақ центрифугалау кезінде қан тромбоциттермен байытылған плазмаға (бұдан әрі - ТБП) 

және глобулиндік массаға бөлінеді.

      57. Қан копоненттерін алу кезінде плазмаэкстрактор (механикалық және автоматты), 

түтіктерді тұмшалауға арналған дәнекерлеуіш және асептикалық коннектор пайдаланылады.

      58. Жаңа алу кезінде қан және оның компоненттері лейкофильтрлеу ресіміне ұшырайды.




      Лейкофильтрлеудің барынша тиімділігіне қанды донациялаудан кейінгі 48 сағаттың ішінде 

жүргізген кезде қол жеткізіледі.

      Фильтрлеу үшін өнім берушінің нұсқаулығына сәйкес Қазақстан Рсепубликасында қолдануға 

рұқсат етілген арнайы лейкофильтрлер қолдаланылады.

      Бұл ретте, тромбоциттерді сақтай отырып, лейкоциттерді таңдай бөлетін селективті 

лейкофильтрлері бар гемакондар да қолданылмайды.

      59. Қанды және оның компоненттерін қайта өңдеу және сақтау кезеңдерінде қабылдау мен беру

жөнелтпе құжат бойынша электрондық және (немесе) қағаз тасымалдауыштарда жүзеге асырылады.

      Қабылдау және өткізу кезінде мыналар жүргізіледі:

      1) жүргізу журналы ақпарат ілеспе құжатта көрсетілетін қанды және оның компоненттерін 

көзбен шолып бағалау (макробағалау);

      2) гемакондарды және қан және оның компоненттерінің көлемін сандық есепке алу.

      60. Қанды және оның компоненттерін кезең-кезеңмен таңбалау:

      1) дайындау бөлімшесінде донациялау алдында:

      негізгі және трансферттік қапшыққа компоненттің атауы, донациялау коды бар технологиялық 

заттаңба немесе донациялау нөмірімен марка жабыстыру;

      негізгі және трансферттік қапшықтардың зауыттық заттаңбасына донор туралы ақпарат (

донордың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), донация коды (марка нөмірі), қан тобы) және 

дайындау күні туралы ақпарат енгізіледі;

      негізгі қапшықтың зауыттық заттаңбасына қанды дайындау уақыты мен аяқталмаған донациялау 

жағдайында қанның мөлшері туралы ақпаратты қосымша енгізу;

      2) қанды фракциялағаннан кейін қан компоненттері бар қапшықтардың зауыттық заттаңбасында 

алынған компоненттің көлемін (мөлшерін) көрсету;

      3) жарамдылықты анықтағаннан кейін қанның және оның компоненттерінің дозаларын таңбалау 

осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады;

      4) компонентті аз көлемдегі бөліктерге бөлген кезде компоненттің әрбір бөлігі осы 

компоненттің сәйкестендіру нөмірімен, сондай-ақ компонент дозасының осы пайдалануды бақылауды 

қамтамасыз ететін қосымша бірегей сәйкестендіргішпен таңбалау;

      5) сәулелеуге ұшыраған компоненттер үшін компонентті сәулелеу процесін көрсететін 

радиацияға сезімтал заттаңбаларды пайдаланылану жүргізіледі.

      61. Заттаңбада қосымша жүргізілген зертханалық зерттеулер туралы ақпарат болады (мысалы: 

цитомегаловирусқа, токсоплазмозға тексерілді, тестіленді).

      62. Қабылданған қан және оның компоненттері сақтау үшін тиісті температуралық режимі бар 

арнайы медициналық жабдыққа орналастырылады.

      Температураны бақылайтын автоматты жазу құралдары болмаған кезде тәулігіне кемінде үш рет

тоңазытқыштар мен мұздату камераларының температуралық режимінің мониторингі жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет