Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет110/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126

Техникалық мұрағат меңгерушісі



Лауазымдық міндеттері. Техникалық мұрағат жұмысын ұйымдастырады, сызбаларды, жобаларды, ғылыми-техникалық есептерді, микрофильмдер мен басқа да зерттеу жүргізумен, әзірлемелерді орындаумен, сонымен қатар олардың нәтижелерін өндірісте пайдаланумен байланысты ұйымға жүктелген құжатқа негізделген материалдар мен техникалық құжаттамаларды қабылдауды, тіркеуді, жүйелеу мен сақтауды ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінің мұрағатқа техникалық құжаттарды уақытында тапсыруы мен олардың дұрыс ресімделуіне жүйелі бақылауды жүзеге асыру. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес сақталуға жатпайтын материалдарға сараптамалық бағалау мен іріктеу жүргізуді қамтамасыз ету. Істер номенклатурасын, катогтарды, картотека мен басқа да мұрағатта тұрған техникалық материалдардың есебін, іріктелуі мен зерттелуін жеңілдететін анықтамалық аппаратты құру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды. Ұйым бөлімшелеріне істерді дұрыс қалыптастыру мен ресімдеуде әдістемелік көмекті, сонымен қатар олардың уақытында мұрағатқа тапсырылуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Қызметкерлерге құжаттар іріктеу мен беруді ұйымдастырады, мұрағат материалындағы деректер бойынша қажетті анықтамаларды дайындауды, сонымен қатар түскен сұраныстар бойынша белгіленген тәртіпте көшірмелерді таратуды ұйымдастырады. Құжаттардың күйіне, олардың сақталуына, уақытында қалпына келуі мен ауысытырлуына бақылауды жүзеге асырады. Техникалық мұрағат қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: мұрағат ұйымдарының жұмысын регламенттейтін мұрағат органдарының басшылық материалдары; материалдар мен техникалық құжаттаманы топтастырудың қолданыстағы жүйесі; техникалық құжаттамаларға арналған мемлекеттік стандарттар; мұрағат жүргізу жөніндегі ереже, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік құжаттар; техникалық құжаттарды қалпына келтірудің ресімделуі мен тәсілдері тәртібі; іс жүргізу негізі; экономика негіздері, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Фотозертхана меңгерушісі



Лауазымдық міндеттері. Ұйым бөлімшелерінің өтінімдері бойынша суретке түсу жұмыстарының барлық түрлерінің уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді: заттай түсіру және графикалық жұмыстардың көлемін қысқарту мен жеңілдету мақсатында техникалық құжаттамалардың фотокөшірмелерін алу. Суретке түсіру жұмыстарын орындауға өтінімдерді қабылдау мен тіркеуді, техникалық құжаттаманың түскендігін есепке алуды және орындалған жұмыстар мен материалдардың шығыстары туралы есептілікті құруды ұйымдастырады. Жұмысқа қабылданған техникалық құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Зертхананың жабдықтар мен материалдарға мұқтаждығын анықтайды, олардың белгіленген тәртіпте сатып алынуын қамтамасыз етеді, олардың жай-күйін, дұрыс сақталуы мен қолданылуын қадағалайды. Профилактикалық тексеріс пен жабдықтың уақытында жөнделуін, бақылау-өлшеу аспаптарына тексеріс жүргізуді ұйымдастырады. Жұмыстағы ақау тудыратын себептерді зерттейді, олардың алдын алу үшін шаралар қабылдайды. Неғұрлым жақсы технологиялық процесстер мен фотоматериалдарды өңдеудің тәртібін әзірлеу және игеру жөніндегі жұмыстарға басшылық етуді жүзеге асырады. Жұмыстың жетекші тәсілдері мен әдістерін енгізу, оның сапасын арттыру мен жобалық әзірлеулердің жеделдетулері бойынша шаралар қабылдайды. Фотозертхана қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: түсірудің техникалық тәртіптері мен түсірулерді өңдеу; зертхана жабдықтарын пайдаланудың құрылымы мен ережесі; фото- және фотокөшірмелік жұмыстарды орындау техникасы бойынша нұсқаулық, ереже және басқа да басшылыққа алынатын материалдар, тапсырыстарды ресімдеу, есепке алу және беру тәртібі; жұмыста қолданылатын материалдар мен олардың техникалық сипаттамалары; экономика негізі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Жетекші инженер



Лауазымдық міндеттері. Жауапты атқарушы немесе тақырып (тапсырма) жетекшісінің басшылығымен ғылыми зерттеулерді жүргізуге немесе ғылыми-техникалық әзірлемелерді орындауға қатысады. Ғылыми-техникалық ақпараттарды жинауды, өңдеуді, талдауға және жүйелеуді ұйымдастырады, жоғары сапалы және уақытында орындалған жұмыспен, жасалатын жобаның заңдық күші бар стандарттарға сәйкес келуін, сонымен бірге ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін қамтамасыз етеді. Әртүрлі мақсаттағы сызбаларды, зерттеу, бақылау, жабдықтау құралдарын, лабораториялық макеттерді жобалауды басқарады, қондырғының сипаттамасын жасайды, жобаланатын бұйымның жұмыс істеу әрекетін баяндайды, сонымен қатар техникалық шешімдерді жасау кезінде қабылданған дәлелдеулер мен қажет есептеулерді жүргізеді. Әртүрлі сынақ жұмыстарын ұйымдастырады, олардың нәтижелерін талдайды. Сынақ жүргізу кезінде қондырғыны орнатуды, жөндеуді басқарады, жобаланатын бұйым немесе тәжірибе үлгілерін зерттейді, жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жаңа техникалық шешімдер мен жобаларды енгізуге ат салысады, техникалық көмек көрсетеді. Жобаланатын объектіні дайындау, монтаждау, жөндеу, сынау және пайдалануға беру кезінде авторлық бақылау жұмыстарын жүргізеді. Әзірленген техникалық шешімдерді және орындалған әзірлемелерді енгізуді ұйымдастырады. Арнайы әдебиетті және басқа да ғылыми-техникалық ақпараттарды, отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін меңгереді, сонымен бірге жүргізілетін зерттеулер мен жасақтарда жобаланатын объектіні енгізу тәжірибесін қолданады. Аяқталған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін, сонымен бірге отандық және шетелдік тәжірибені қорытындылай келе үлгілер дайындайды, басқа ұйымдардан келіп түскен техникалық құжаттарға пікірлер мен қорытындылар береді. Ғылыми жұмыстарды сараптауға, ғылыми-техникалық жетістіктерді насихаттауға, мақалаларды дайындауға, жаңалық ашуға өтініш білдіруге, сонымен бірге семинарлар мен конференцияларға, ғылыми-техникалық қоғамдардың жұмыстарына қатысады. Атқарылған жұмыс туралы есеп жасайды. Зерттеулер мен әзірлемелерді бірге жүргізген инженерлер мен техниктерге жетекшілік етеді.

Білуге тиіс: тиісті экономикалық қызметтің даму бағытын анықтайтын, жетекші материалдар; оның даму келешегі; зерттеу тәсілдері, тәжірибелік жұмыстарды жобалау және жүргізу; ғылымдағы отандық және шетелдік әріптестердің жетістіктері, сол саладағы білімге ие болу; қарастырылып отырған және оларға байланысты мәселелер бойынша арнайы әдебиет; техникалық құжатты жасау және рәсімдеу кезінде қолданылатын стандарттар, техникалық шарттар, басқа да жетекшілік материалдар; патент жүргізу негіздері; жобалау кезіндегі еңбекті ұйымдастыру талаптары; экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының негізгі заңдары; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет