Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Бригада (топ) бастығы (жетекшісі)



бет117/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126

Бригада (топ) бастығы (жетекшісі)



Лауазымдық міндеттері. Кешенді жобаны құру жөніндегі қызметкерлер бригадасын (тобын) басқарады. Жоғары сапалы жұмыстардың белгіленген мерзімде, жоғары техникалық деңгейде орындалуын қамтамасыз етеді. Зерттеу және жобалау жұмыстарының перспективалық және жылдық жоспарларын құруға қатысады. Жобаның жекелеген бөлімдерін немесе жұмыстардың жекелеген түрлерін әзірлеу жөніндегі бригаданың (топтың) жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді, әрбір орындаушының белгіленген жұмысты орындауын бақылайды. Жұмыстарды орындау бағдарламаларын, әдістемесін, техникалық-экономикалық негіздемесі мен есебін, сметалық-шарттық құжаттаманы әзірлеуді, сондай-ақ жобаны орындауды ұйымдастырудың желілік және басқа да кестелерін құруды басқарады, оларды қоса орындаушылармен және мүдделі ұйымдармен келіседі. Жобаның құрылымдық элементтерін ұтымды жинақталуын іздеу жұмыстарын жүргізеді, жобаның техникалық тапсырмаға сәйкес келуін, кешеннің қағидалы схемасын дұрыс таңдауды, жабдықты стандарттау мен бірегейлеудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Техникалық құжаттардың уақытылы және сапалы дайындалуына, жобада қабылданған жабдықтың, құраушы бұйымдар мен материалдардың қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайды. Жаңа құрылымдық шешімдерге сараптық тексеру және зерттеу жүргізеді, жабдықтың қабылданған өлшемдерінің негіздеу жөніндегі жұмысты, кешеннің сенімділігі мен ұзақ уақыт қызмет көрсетуін анықтауды ұйымдастырады, оның патентке сәйкестігін бағалайды. Зерттеу материалдарын қорытындылайды, жұмыс кезеңі және тапсырма бойынша жалпы ғылыми-техникалық есептерді жасайды. Жобаланатын қондырғыға сынақ жүргізу жұмысын басқарады, авторлық қадағалау жұмыстарын жүргізеді, оны жетілдіру және енгізу кезінде техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Кешенді өндірістік сынауға өткізу үшін тапсыру актісін ресімдеуді ұйымдастырады. Жобалау кезінде пайдалану үшін ұқсас жұмыстарды орындаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді. Басқа ұйымдардан келіп түскен ғылыми-техникалық құжаттарға, күрделі өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарға, стандарттар мен техникалық талаптардың жобаларына пікірлер мен қорытындылар береді.

Білуге тиіс: экономикалық қызмет түрін дамытуға және жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің тақырыбына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, басшылыққа алатын материалдар; жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау; зерттеулер мен әзірлемелерді жасау, жасалатын жобаларды бағалау әдістері, оларға қойылатын техникалық талаптар; жобаланатын қондырғыны техникалық пайдалану және монтаждау шарттары; техникалық құжаттаманы жасау және рәсімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік материалдар; техникалық есеп жүргізу әдістері; жобалау әзірлемелерінің техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау әдістері; есептеу жұмыстарын атқаратын заманауи техникалық құралдары; жобалаудың озық отандық және шетелдік тәжірибелері; жобалау кезінде жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптары; стандарттау негіздері; патенттану негіздері; өнертапқыштық пен жаңалық ашуға өтінімдерді рәсімдеу тәртібі; экономика, еңбекті ұйымдастыруды және өндірісті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандық бойынша лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Негізгі бөлімнің (сәулет-жоспарлау шеберханасының)

бас маманы



Лауазымдық міндеттері. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, жобалау мен құрылыстың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі негізінде жобаның жекелеген бөлімі (бөлігі) бойынша анағұрлым маңызды жобалық шешімдерді жасайды. Жаңа жобалық шешімдерді патенттік тазалықпен және олардың патентке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында патенттік зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Жобада анағұрлым прогрессивті және үнемді бәсекеге қабілетті жобалық шешімдерді қолдану туралы ұсыныстарды дайындайды. Жобаның бөлімін (бөлігін) жасау үшін тапсырмалар қалыптастырады және оларды орындаушыларға береді. Жасалған жобалық шешімдердің берілген тапсырмаға сәйкестігін тексереді. Жобалауды автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдалана отырып, жобаның бөлімдерін (бөліктерін) әзірлеуге техникалық басқаруды жүзеге асырады және осы бөлімдермен (бөліктермен) байланысты мәселелерді нысандарды жобалаудың, салудың, іске қосудың барлық стадиялары мен кезеңдерінде шешуге және жобалау қуаттарын игеруге қатысады. Өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша құрылысқа авторлық қадағалауды жүзеге асырады. Құрылыстың нақты жағдайын ескере отырып, жаңа нормативтік құжаттарды енгізу кезінде жұмыс құжатына өзгерістер енгізу туралы ұсынысты дайындайды. Жобалау нысандарын жобалау, салу және пайдалану тәжірибелерін талдайды және қорытындылайды, осының негізінде жобалауды жетілдіру, жобалау шешімдерінің техникалық-экономикалық деңгейін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды дайындайды. Өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарға пікірлер мен қорытындылар, жобалау мен құрылысқа байланысты стандарт жобаларын, техникалық шарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың жобасын дайындайды. Жобаларды сараптауға, мақалалар дайындауға және жаңалықтар ашуға өтінім дайындауға, өзінің мамандығы бойынша семинарлар мен конференцияларға қатысады. Қол астындағы қызметкерлерді басқарады.

Білуге тиіс: тиісті экономикалық қызмет түрінің даму перспективасы; жобалау әдістері; жобалау және инженерлік ізденісті ұйымдастыру, жоспарлау және экономикасы; жобалаудың және құрылыстың алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі; нысандарды жобалау, салу және пайдалануға берумен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; жобаланатын нысанға қойылатын техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптар; жобалау кезінде еңбектің ұйымдастырылу негіздері; құрылыс нормалары мен ережелері; жобалық-сметалық және басқа да техникалық құжаттарды жасау мен рәсімдеу кезінде басшылыққа алатын материалдар, стандарттар, техникалық шарттар; стандарттау мен патенттану негіздері; құрылыстың экономикасы мен ұйымдастырылуы; авторлық құқық; жобалау және есептеуіш жұмыстарын автоматтандыру құралдары; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Жұмыс бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша жетекші маман лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет