Антибиотиктерді еріту


БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ



бет5/5
Дата26.01.2022
өлшемі19,67 Kb.
#114777
1   2   3   4   5
Байланысты:
практика 12

30. БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ

Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Қолданылу көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылган: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын 2 шприцті, инъекцияға арналған иненің ұзындығы 40-60 мм, тері антисептигі, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

3. Науқастан мәлімет алыңыз (дәрі-дәрмектерге аллергиясы бар жоқтығын анықтаңыз)

4. Науқасқа дәрі- дәрмектер туралы қажетті ақпарат беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Процедураның өтілуіне ақпараттандырылған келісімін алыңыз.

6. Бетперде киіңіз.

7. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

8. Керекті күтім заттарын жинаңыз.

9. Дәрігердің тағайындаған дәрілерін алу, дәрігердің тағайындауымен салыстырыңыз (дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін дауыстап оқыңыз).

10. Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)

11. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара)

12. Шприцті орауға салыңыз.

13. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:-бөксеге енгізгенде - ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;-санға енгізгенде - арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;-иыққа енгізгенде - жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

14. Қолыңызды тері антисептигімен қайта өңдеңіз.

15. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасында ұстаңыз.

16. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненің канюласына; II саусақпен шприцтің поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

17. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.

18. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприңті теріге тік 90° бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,3 см кем қалдырмаңыз.

19. Сол қолдың бірінші саусағымен поршенді ұстап, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

20. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

21. Тері антисептигімен өңделген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

22. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

23. Шприцтерді, мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.



24. Қолғапты шешіп, КЖАК тастаңыз.

25. Қолды жууып құрғатыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет