Ақпарат және ақпарат үрдістері



бет2/12
Дата12.10.2019
өлшемі1,44 Mb.
#49764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Информатика әдістемелік нұсқау
sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНИКА


ЭЕМ Телеграф Магниттік Теледидар,

жазу радио, телефон

1.2-сурет. Ақпараттық техника құрамы
Болашақта дискретті мәліметтермен жұмыс істейтін аспаптар көбейе түсуі тиіс,өйткені олар жоғары дәлдікпен сенімді түрде тыңғылықты қызмет атқарады. Сол себепті қазіргі кезеңде цифрлы телефондар мен теледидарлар шығарыла бастады.
Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптеп жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:

1) еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;

2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру;

3) ЭЕМ-дерді халық шаруашылығында экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарына пайдалану;

4) ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану;

5) ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медицина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.).

Информатиканың дамуы елдің экономикалық құрылымының және еңбек өнімділігінің өсу деңгейін көрсетеді, сол себепті ол елдің экономикалық қуаттылығының көрсеткіші бола алады.
Ақпарат: құрылымы, түрлері, қасиеттері

Зат пен энергия – біздің әлемнің өте маңызды екі мәні, өте маңызды екі құрамдас бөлігі. Тура осылар сияқты айтарлықтай маңызды өсімдіктер мен жануарлардың, адамзат қоғамының тіршілік етуіне қажеттігі жоғарыда айтылғандардан кем емес, әлемнің үшінші маңызды мәні – информация (ақпарат).

Адамдардың күнделікті өмірдегі іс әрекеті (оқуы, жұмыс істеуі, өзара байланысы т.с.сс) информация алмасуынсыз жүзеге асырылмайды. өмірдегі кез келген информация өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айналамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.



Ақпарат– кітаптан, газет-журналдардан немесе жаңалықтар хабарынан алынатын мәліметтер ғана емес, сонымен қатар күрделі биологиялық молекуланың құрылымында, ғарыш кемсіне берілетін радиосигналдарда сақталатын мәліметтер.

Ақпарат– информатиканың алғашқы, анықтамасыз берілетін ұғымы.

Информация термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «information» сөзінен шыққан.

Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Ақпарат – қоршаған орта туралы анықталмағандықты анықтайтын мәліметтер. Мәліметтер – объектілерді, құбылстарды, процестерді сипаттайтын жеке фактілер.

Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. «Кең мағынада» философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Ақпарат ұғымын оның берілу үрдісін сызбалық сипаттаудан анықтайық. Яғни, ақпарат ұғымы таратқыш, қабылдағыш және байланыс арнасы арқылы берілетін хабар (сурет 2).



байланыс арнасы



хабар

Сурет 2 – Ақпарат берілуінің сызбалық сипаттамасы


Хабарды таратқыш және қабылдағыш адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Яғни, ақпаратты бейнелеуге және түсінуге болады. Сондықтан әрбір ақпараттың бейнелену пішімі және мазмұны болады.

Хабар – белгілі пішімде көрсетілген және беруге арналған ақпарат, яғни ақпараттың бейнелену пішімі. Хабар материалды-энергетикалық пішімде – сызбалар, мәтін, дыбыс, жарық, қимыл және т.б. түрінде беріледі. Яғни, хабар қандай да бір қатынас тілінің өрнегі болады, олар – табиғи тілдер, математика тіл, әуез тілі, мимика белгілері және т.б.

Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) - үздіксіз және дискретті ақпаратты анықтадық.

Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеу дегеніміз – функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу.



Мысалы: функцияның анықталу облысы нүктелерімен тең ұзындықты кесінділерге бөлінеді, ал әрбір кесіндідегі функция мәні тұрақты және оның осы кесіндідегі орта мәніне тең деп алынады. «Баспалдақтарды» ордината өсіне проекцияланғаннан шыққан мәндері үздіксіз функцияның дискретті түрін анықтайды. Үздіксіз хабарды дискреттеу мүмкіндегі информатика үшін өте маңызды, себебі есептеу техникасымен өңделетін ақпарат дискретті болуы қажет.

Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таныс емес. Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:

  • таңбалы – мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б.);

  • графикалық (суреттер, бейнелер көмігімен, т.б. көмегімен);

  • дыбыстық.

Жалпы алған кез келген мәтін, сурет, дыбыс, музыка, сызба, мәлімет, электр сигналдары, магниттік жазба барлығы да информация болып табылады.

Біздің әрқайсысымыз күнделікті өмірде информацияны жинауға, сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және пайдалануға қатысамыз.

Информацияны қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі ақпараттық үрдіс деп аталады.

Сонымен бізді қоршаған алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтастыруға, яғни түрлерге жіктеуге болады.



Пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты:

  • биологиялық;




  • әлеуметтік;

  • ғылыми;

  • экономикалық.

  • Берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты түрлері:

  • Визуальды (таңбалар мен бейнелер) – көру арқылы;

  • Аудиальды (дыбыс арқылы) – есту мүшелері арқылы қабылдаймыз;

  • Тактильдік (сезім арқылы) – тері арқылы ұқабылдаймыз;

  • Органалептикалық (дәм (тіл) және иіс (мұрын) арқылы сезу);

  • Машиналық (есептеу техникасының құралдары арқылы).

Аудиальды – қатты күлу, жапырақтар сыбдыры, қарғалардың қарқылдауы, өлеңді мазмұндап оқу, магнитофон тыңдау.

Тактильді: жұмсақ, қатты, тегіс, тұтас.

Органалептикалық: духи иісі, гүлдердің иісі, кофе иісі, тәтті, қышқыл, дәмді, тұзды, ашты.

Визуальды – кітап оқу, теледидар көру, суреттер көру.

Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет