Ақпарат және ақпарат үрдістері



бет7/12
Дата12.10.2019
өлшемі1,44 Mb.
#49764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Информатика әдістемелік нұсқау
sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9

Жұмыс құжаттарымен жұмыс істеуге арналған процедураларды қарастырайық. Жұмыс парақтарын кестелер құру, стстистикалық бағалауларды есептеу, мәліметтер қорын басқару, диаграммаларды дайындау үшін қолданады. Оладың әрқайсысы үшін EXCEL программасы жеке құжат құрып, дискіде файл түрінде сақтайды.


Файл өзара байланысқан жұмыс парақтарынан тұрады, олар 3 өлшемді құжатты құрайды (блокнот, жұмыс папкасы) 3 өлшемді құжаттардың көмегімен пайдаланушы бірмезгілде бірнеше кестелермен, диаграммаларды тікелей пайдаланып, олармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады.

Жаңа үшөлшемді құжат әзірлеу. Жаңа құжат құру үшін меню қатарынан File –New директивасын шақырамыз. Экранға Book –2 құжаты шығады:

EXCEL пограммасы жаңа құжаттарға Book атын және ағымдағы реттік номерді береді. Жаңа құжатты Құрал-саймандар тақтасындағы (Пиктографиялық тақта) 1-ші шарт белгісі арқылы құруға болады.



Жаңа жұмыс құжатын іске қосу

Дискіден жұмыс құжаты сақталған файлды іске қосу үшін меню қатарынан File – Open директивасын шақыру керек. Сол сияқты Құрал-саймандар тақтасындағы шартбелгіні пайдалануға болады. Екі жағдайда да файлды іске қосу үшін Сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезеге диск және файл орналасқан директория көрсетіледі. Егер таңдау дұрыс жүргізілсе, онда сол жақты файлдар тізімі көрсетіледі, сол жерден керек файл атын таңдайсыз. Файл атын белгілегенде ол File name – жолында пайда болады, бұдан соң сұхбаттық терезені ОК – батырмасы арқылы жабылады немесе ізделінген файл атында екі рет тышқан батырмасын шерту керек.



Құжатты сақтау

Дайындалған құжатты алғашқы сақтау кезінде меню қатарынан File –Save as... командалар тізбегін орындайды. Бұдан кейін ашылған сұхбаттық терезеде сақталатын файлдың атын, диск және орналасатын директорияны көрсету керек. Excel программасы үнсіздікпен стандартты файл атын ұсынады- Book[ рет номері], қолданушы бұл атты кез келген атпен ауыстыруына болады. Файл атында келесі таңбаларды қолдану қолайсыз - #, $, %, ^,& . Excel программасындағы файлдардың кеңейтілулері - . xls, бұны өзгертуге болмайды. Барлық енгізулер аяқталғаннан кейін Ок-батырмасы баслады.

Резервтік көшірмелерді әзірлеу

Резервтік көшірмені дайындау үшін, меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындап, ашылған диалогтік терезеде Options командалық батырмасын басып, келесі ашылған SaveOptions терезесінде Always Create Backup опциалық батырмасын басамыз. Сонымен енді файлды сақтау кезінде автоматты түрде резервтік көшірмелер жасалып отырады.



Құжатты автоматты түрде сақтау

Меню қатарынан Tools-Add-Ins командалар тізбегін орындап, Кеңейтілулер менеджерін шақырамыз. Ашылған терезеде AutoSave- опциясын іске қосамыз, содан Ок-батырмасы арқылы терезе жабылады.

Бұдан кейін меню қатарынан Tools командасын орындағанда AutoSave диалогтік терезесі ашылып, онда құжатты сақтау интервалдарын көрсетеміз.

Мәліметтерді қорғау

Пароль енгізу үшін меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындаймыз. Ашылған сұхбаттық терезедегі Options командалық батырмасын пайдаланып, SaveOptions терезесі ашылады, бұл жердегі Protection Password-енгізу жолына жеке паролді көрсетуге болады, сонда файлды іске қосу кезінде осы пароль сұралады.

SaveOptions терезесін жапқаннан кейін, Confirm Password терезесі ашылады, бұл жерде енгізілген пароль рассталады. Егер паролді Write Reservation Password – енгізу жолына жазсақ, файлды ашу кезінде осы паролді сұрайтын сұхбаттық терезе ашылады, бұл жерде паролді енгізіп н/е ReadOnly батырмасын шертеміз. Соғңы жағдайда файлды тек қана оқуға болады, дискіге сол атпен көшіруге болмайды.

Кестелік есептеулер

Формулалар мен функцияларды қолдану мүмкіндігі электрондық кестелермен жұмыс істеудің негізгі қасиеттерінің бірі. Бұл кестедегі сандық мәндерге статистикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді.



Формулаларды енгізу. Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Ұяшықтарға енгізілетін формула “=” белгісінен басталып, ары қарай математикалық теңдіктер жазылады, олар аргументтерден, арифметикалық операциялардан және функциялардан тұрады.Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1+Ғ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

Формулалардағы аргументтер ретінде сандар және ұяшық адрестері пайдаланылады. Арифметикалық операциялар үшін келесі белгілер пайдаланылады: +; - ; * ; / .

Формулада сонымен қатар басқа жұмыс беттеріндегі ұяшықтарға немесе басқа файлдағы кестелерге сілтемелер кездесуі мүмкін. Орнатылған формулалар Менеджері пайдаланушыға үлкен кестедегі қатені, қате сілтемелерді табуға көмектеседі. Формулаларды енгізуді жеңілдету үшін теңдік белгісінен кейін пайдаланылатын ұяшықтарды тышқан батырмасы арқылы нұсқауға болады.

Күрделі формулаларды пайдаланудың мысалы:

Жұмысты орындауға кеткен уақыт С-бағанында көрсетілген, D бағанында бір жұмыс сағаттының бағасы көрсетілген, Е бағанында осы жұмысқа төленетін ақы аралық соммасы көрсетілген. Е16 ұяшығында барлық жұмыстарының жалпы қосындысын көрсету керек. Бұл үшін келесі формуланы жазамыз: Е12+Е13+Е14. Шықан сомманы 0.15 көбейтеміз, қосылған бағаның салығын есептеу үшін Е17:=Е16*0.15 ұяшығында жазамыз.

Соңғы төлеуге арналған сомманы есптеу үшін аралық сомманы қосып аламыз сосын нәтижені 0.15 көбейтеміз. Сандарды қосау үшін SUM() фунцциясын қолдануға болады, онда формула мына түрде болады: Sum(E12:E14)*0.15.

Ұяшықты редакциялау үшін алдымен оны белгілейміз. Келесі қатарында Ғ2 батырмасын басып, редакциялау режимін қосу керек. Excel программасында ұяшыққа сілтеме жасау оңай. Сілтеме қойылғанан кейін ол автоматты түрде жаңарады.

Сәйкес ұяшықтың адресін жаңа жұмыс бетінде орналастыру керек, мысалы В3 ұяшығына қарау үшін Sheet2 жұмыс бетінде мына формуланы енгізу керек: Sheet2 !В3.Егер беттің аталуы арасында пробел болса, онда ол тырнақшаға алынады. Ұяшық адрестері латын әріптерімен жазылады. Екі ұяшықты ақпаратттарды байланыстыруды оңайлату үшін нақты ұяшықтары белгіні буферге көшіреміз және нәтиже шығатын ұяшықты белгілейміз. Paste Special дерективасын Edit менюінан диалогтар терезесінің Paste Link батырмасын басамыз.

Айталық, барлық ұяшықтар тобының соммасын есептеу керек болсын, бұл үшін барлық ұяшықтарды белгілеп алып әрқайсына формулалар жазу керек. Insert менюінда белгіленген ұяшықтар тобының атарын Name ішкі менюіна немесе Define дерективасына шақыру керек. Define Name диалогтар терезесінде осы тооптың атын енгізіңіз. Топтың аты әріптен басталу қажет және 255 символдан аспау қажет. Пробелдар пайдаланбайды. Топтың аты ұяшықтар адресімен бірдей болмау керек. Осы терезеде блокнотқа арналған топ атары тізімі көрсетілген.

Егер сіздің кестеңізде жолдар мен бағаналардың атары бар болса, онда бұл атарды осы аймақтардың аты ретінде алуға болады. Бұл үшін көрші жолдармен ұяшықтарды және жолдарды белгілеп алу керек, Insert Name менюіна Create дерективасын таңдау қажет. Ашылған диалог терезеден атардың орналасқан жері таңдап ОК кнопкасын басу керек.

Егер Define Name диалогтар терезесін шақырсақ, онда Excel программасы белгіленген жолдармен бағаналарға осы атарды бергенін көреміз.

Диаграммаларды құру және көркемдеу



  1. Графикалық диаграммалар кестедегі сандардың бос бағаналарын көркемдейді. Excel 5-ші версиясында жаңадан диаграммалар конструктары шыққан, онда «көрсетілімдік сапа» диаграммаларын құруға болады.

Әдемі үштік диаграмма тек қана көзге көрнеклікке ғана емес документ сапасының жақсаруына мүмкіндік жасайды. Диаграмманың кестенің жаңына орналастыруға болады немесе оны басқа жұмыс бетіне орналастыруға болады. Диаграммалар конструктары Excel программасында өте бір күшті құрылғы болып табылады.

Диаграмманы тұрғузы көмегімен бірнеше қадамдар жасауға болады. Конструкторға кестенің ортасы диаграмманың типі, жазбасы және түсі көрсетіледі. Конструктор диаграммасын шақыру үшін негізгі тақтада пиктограмма берілген.


Конструктор диаграммасы диаграмманың орналасқан жері туралы ақпаратты күтеді, сондықтан маус көрсеткіші пиктограмма формасын алады. Сіз диаграмма орналасатын жұмыс бетінің бос орында маус көрсеткіші көмегімен төртбұрыш қоюңыз қажет. Бұл үшін маустың сол батырмасын басып, жібермей, төртбұрыштың аймақтарын көрсетіп қоюмыз қажет. Егер диаграмманы бөлек бетте құру керек болса, онда Insert менюінің Chart ішкі менюін таңдап ондағы As New Sheet директивын таңдаңыз.

Осыдан кейін крнструктор диалогты терезе ашады, мұнда бес қадам арқылы диаграмма құру қажет. Бірақта алдымен диаграмма ненің негізінде құрылатынын, қай кестеден джеректер алу керек екенін және позициясын көрсету қажет. Бұл үшін бірінші қадамда маус көмегімен барлық жолдар мен бағаналарды және кестені белгілеп алу қажет.

Келесі екі қадамды орындау үшін, Next батырмасын басып, берілген типтің үлгілері мен диаграммалар түрінен сәйкес керегін таңдаңыз. Төртінші қадамда конструктор алдын ала диаграммаларды қарап шығу үшін мүмкіндік жасайды. Соңғы бесінші қадамда диаграмманың атын беру керек. Қорыта келе Finish батырмасын басыңыз, сонда жұмыс бетінің көрсетілген аймағында диаграмма пайда болады.

Тізімдерді өңдеу

Тізімдер біртекті деректер жиынмен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Тізім дегеніміз біртекті құрылғысы бар реттелген деректердің жиыны. Мысалы, абоненттердің фамилиясы және телефон номірі жазылған телефондық анықтама тізім болып табылады. Тізімнің әр элементті деректер бірнеше аландарға бөлінген бір жолда орналастырады. Excel программасында тізімдер кестенің өңдеу операциясының арнайы бір түрі болып табылады; тізімдер – дерекқордың ішкі, жолдары немесе алаңдары (бағаналары) болып табылады. Автоматты фильтрлар анықталған бір тапсырма орындалуы кезінде ғана тізімнің бөліктерін шығарады.

Техникалық асағынан алғанда тізімдер қарапайым кесте сияқты, бұлар үшін Excel программасы толықтырылған өңдеу операциясын жүргізеді. Мысалы, тауарлар тізімінің алаңдарын: артикул нөмңрң, тауар аты, бағасы және оның қоймада бар болуы сияқты деректер жазуға болады. Алаңдар атын Excel программадағы тізімде алаңды іздеуге және өңдеу үшін алады. Бұл атаулар кесте бағаналары атауымен сәйкес болады.

Жұмыс бетінің бірінші жолына тізімнің жеке бөлек алаңдарының атын енгізіңіз. Олардың арасында бос бағаналардың қалуын қадағалаңыз. Бұл жолды Excel программасы тізім тақырыбы жолы ретінде қарастырады. Келесі жолдан бастап өз деректеріңізді енгізіңіз.

Data менюінен Form директивасын шақырған соң диалогтік терезе ашылады, мұнда бірінші жолдың программа тізім тақырыбы туралы сұрайды. “ОК” батырманы дұрыстығы үшін басу керек.

Бұдан кейін деректер енгізу үшін диалогтік терезе ашылады, мұнда тізімнің әр алаңына енгізу алаңы сәйкес болады. Барлық алаңдар деректермен толтырылғаннан кейін, енгізілген элементті тізімге қосу үшін NEW батырмасын басыңыз. Содан кейін келесі деректер элементін енгізу керек. Қорытындыда Close батырмасын терезені жабу үшін қолданыңыз. Кез келген жаңа тізімді бөлек жұмыс бетіне құру керек.

Data менюінен Form директивасын шақырғаннан соң диалог терезесінде тізімнің бірінші элементі шығады. Іздеу режиміне ену үшін Criteria батырмасын басыңыз. Диалог терезесінің түрі өзгереді, Criteria батырмасы Form батырмасына өзгереді. Енгізілген белгі іздеу критериясының белгісі болады. Енгізу барысында алаңдар ретін өзгертпеңіз.

Енді Find Next командалық батырмасын басыңыз. Excel программасы тізімнің бірінші элементінен бастап, керек элементі іздеуді бастайды. Егер программа қажет элементті тапса, ол диалогты терезеге шығады. Егер іздеу шартын қанағаттандыратын тағы бір элементті табу керек болса, Find Next батырмасын басыңыз. Егер іздеуді кері бағытта жүргізу керек болса, Find Prev командалық батырмасына басыңыз. Іздеуде әртүрлі критерияларды араластыруға болады. Мысалы, кейбір алаңдар белгісі берілген саннан үлкен болса немесе берілген символдар тізбегінен сәйкес болса, іздеу элементтерін енгізуге болады.

Егер іздеу критериясын бірде-бір элемент қанағаттандырмаса, дауыс сигналы естіледі. Бірнеше іздеу критериялары берілсе, программа берілген шартты қанағаттандыратын элементті ғана табады.

Деректерді талдау

Excel программа үлкен тізімдерді талдау үшін арнай құралдар қарастырылған.

Деректерді талдау деп – кесте деректері бағынатын, белгілі бір заңдылықтар мен тенденцияларды түсінетін әдістерді айтамыз. Excel программасының версиясына енген (Pivot Table) тірек кестесі тізім деректерінің өзара қатынасын талдауға арналған. Тірек кестесі, кесте конструкторы көмегімен қадам арқылы жасалады. Тірек кестесінің құрылымын интерактивті режимде алаңдар атын кестенің бір бөлігінен екінші бөлігіне ауыстыру арқылы өзгертуге болады.

Тірек кестелерінен басқа Excel программа деректерді жиын арқылы талдау әдісі бар. Теңдеуді шешуді іздеу директивасы өте пайдалы, мұнда анықталған қатынасты қанағаттандыратын берілген алаң белгісі арқылы басқа белгілер табылады.

Data менюінен Pivot Table директивасының диалог терезесінен тірек кестелерінің констуркторын ашыңыз. Бұл терезеде 4 қадам арқылы тірек кестесін құруға болады.

Бірінші қадамда деректер түсуінің алыну көзін көрсету керек. Егер алынатын деректер тізімде бар болса, MS Excel List or Database селекторлық батырмасын басып, келесі қадамға Next батырмасы арқылы көшіңіз.

Екінші қадамда тізім орналасқан жұмыс бетінің ортасын көрсету қажет. Мұнда құрылатын тірек кестесіне тізімнің бір бөлігі ғана қажет болса, тізімнің жарты бөлігін ғана беруге болады.

Үшінші қадамда (Layout) тірек кестесінің құрылымы беріледі. Алаңның оң жағында тізім атаулары орналасады, ал ортада – тірек кестесінің құрылымы ұсынылады. Бұл алаңда, жол, бағана дәне деректер алаңы бар болады. Кесте құрылымын беру үшін жолдар мен алаңдар дерегін маус көмегімен енгіземіз. Тірек кестесін құрғанда келесі ережелерді ұстаныңыз. Деректерге талдау жасалатын алаңдар аттарын Data деректер алаңына сүйретіп әкеліңіз. Жол аттары жазылады ROW-ға, және бағана аттары жазылатын Column-ға классификацияланатын алау аттарын беру қажет. Келесі қадамға өту үшін Next батырмасын басыңыз. Төртінші қадамда кесте құруға арналған бірнеше опцияларды беруге болады. Pivot Table енгізу алаңына Starttng Cele адресі көрсетіледі. Pivot Table Name енгізу алаңында кесте аты көрсетіледі.егер бақылау индикаторында Grand Totals for Columns және Grand Totals for Rows енгізу қажет, сонда тірек кестесінің әрбір жолы мен әр бағанында жалпы соммалар есептелетін болады. Тірек кестесі мен алынатын тізімнің арасында статикалық байланыс бар, ол байланыс тек кесте құрғанда ғана бар болады. Тізім деректерін өзгерткенде тірек кесті өзгермейді. Тізім мен кесте мазмұнын шығару үшін Data менюінен Refresh Data шақыру қажет


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қолданбалы программалық жабдықтың құрамы.

  2. Сериялы құжаттарды дайындау принциптері.

  3. Презентация өңдеу этаптары.

  4. Excel –де адресациялау түсінігі?

  5. Адресация типтері.

  6. Абсолюттік адресация дегеніміз не?

  7. Салыстырмалы адресация дегеніміз не?

  8. Диаграмма түрлері.


VІІ. Дәрістер. Мәліметтер базасы туралы түсінік
Дәріс сабағының мазмұны:

MS Access 2013 мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері

Мәліметтер базасын басқару жүйесі

МБ объектiлерi.

Объектпен жұмыс тәртiптерi.

Мәліметтер базасында кесте құру

Формамен жұмыс істеу.

Сұраныс құру және қолдану.

Есеп берудi өндеу.
Мәліметтер қоры
Мәліметтер қоры (МҚ)

Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.



Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.

Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.

Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.

Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.



Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.

Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.

Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар:



  • мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;

  • мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.

МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.

МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде

  • мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ;

  • дербес МҚБЖ

деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.

Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.

  1. MS Access мәліметтер қоры, оның негізгі ұғымдары.

MS Access мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

  • негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

  • кестелер арасында байланыстар орнату;

  • кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

  • туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.

MS Access басқа да Office бағдарламалары сияқты басты менюден іске қосылады немесе Windows ортасында қарастырылған басқа да стандартты тәсілдерді қолдануға болады. MS Access жүктелгенне кейін келесі нұсқаулардың бірін орындау қажет:

МҚ-ның жаңа файлын – программаны өңдеу объектісін (кез келген атауы бар, .MDB кеңейткіші бар файл) құру қажет (Новая база данных);

Не болмаса бұрыннан бар МҚ файлын ашуды (Открыть базу данных) таңдаймыз.

Әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. Өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.



МҚ файлына Access-тің негізгі объектілері – кестелер, формалар, сұраныстар, есептер, модульдер және макростар енеді.

Кестелер – МҚ-ның негізі болып табылады және бағандар мен жолдардан тұрады. Жолдар біртекті объектінің немесе процестің сипатамасын құрайды. Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Жазба – белгілі бір ереже бойынша ұйымдасқан ақпараттық құрылым. Кестенің әрбір бағаны ақпараттың бір типінен тұрады, ол өріс деп аталынады.

Форма – бір жазбадағы ақпаратты ыңғайлы бейнелеуге арналған.

Сұраныс – берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеп алуға арналған.

Есептер – мәліметтерді баспаға шығаруға арналған.

Макрос – арнайы макрокомандаларды теруден тұрады.



Модуль – Access Basic –те немесе VBA жазылған программа.

Кесте базалық объект болып табылады, ал қалғандары туынды болып есептеледі және алдын ала дайындалған кесте негізінде құрылады.

Әрбір объектінің өз атауы болады. Кез келген объекті атауының ұзындығы 64 символдан аспауы қажет (нүкте мен кейбір қызметші таңбаларды қоспағанда).

Мәліметтер қоры файлын құрғаннан кейін келесі амалдарды орындауға болады:



  • әр түрлі мәліметтер типі бар кестелерді жобалау;

  • кестелер арасында байланыстар орнату;

  • кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

  • енгізілген мәліметтерді формада қарау;

  • әр түрлі кестедегі мәліметтерді байланыстыру;

  • есептер құрастыру.

Ескерту: Access көп терезелі қосымша болып табылады, сондықтан кез келген уақытта 1 мәліметтер қоры ашылуы мүмкін. Сохранить командасы кез келген объект үшін қолданылады.

Access интерфейсі. Access программасының интерфейс элементтеріне мыналар кіреді:

Access-ті шақыру терезесі;



  • Стандартты файлер;

  • Негізгі терезе;

  • Балалық терезе;

  • «Схема данных» терезесі;

  • Көлденең меню;

  • Қалып-күй жолы.

Access-ті іске қосқаннан кейін бірден экранда шақыру терезесі пайда болады. Бұл терезеде келесі нұсқалардың бірін таңдау қажет:

  • Новая база данных

  • Мастера, страницы и проекты базы данных;

  • Открыть базу данных.

Стандартты файлер. МҚ құру немесе ашу командаларының бірін таңдағаннан кейін Стандартты файлер ашылады. Мұнда құрылатын немесе ашылатын файлдың атын және орнын көрсету қажет.

Негізгі терезе. МҚ құрғаннан немесе ашқаннан кейін қосымша терезесінде Негізгі терезе немесе МҚ терезесі ашылады. Негізгі терезе кітаптың мазмұны сияқты МҚ құрылымын көрсетеді.




Бұл терезеде 3 командалық батырма бар:

«Открыть» батырмасы – ағымдағы режимдегі объектіні ашады.

«Конструктор» - объектіні конструктор режимінде ашады.

«Создать» - жаңа объектіні құру үшін қажет.



Балалық терезе (дочернее окно). Негізгі терезеде бірнеше балалық терезелер немесе объектілер терезесі (кесте, форма, сұраныс, макрос терезелері) туындайды. Балалық тереземен немесе объект терезесімен 2 түрлі режимде жұмыс істеуге болады:

Ағымдағы режимде – ақпарат енгізіліп, қарастырылады;

Конструктор режимінде – объектінің құрылымы өзгертіледі.

Схема данных терезесі. МҚ файлына тағы бір құжат енеді, оның да жеке меншікті терезесі болады. Схема данных терезесінде объектілер арасындағы байланыс құрылады, қарастырылады, өзгертіледі, жойылады.

Көлденең меню. Программа туралы, оынң мүмкіндіктері туралы көрініс қалыптастырады. Меню пункттерінің құрамы ағымдағы белсенді құджат терезесіне және типіне байланысты болдаы.

Қалып-күй жолы – программа туралы ақпаратты көрсетеді.

Access МҚ-да қолданылатын мәліметтер типтері. Access МҚ-да мәліметтердің келесі типімен жұмыс істеуге болады:

Мәтіндік - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (ұзындығы 255 символға дейін).

МЕМО өрісі – бірнеше жолдардан тұратын мәтін (ұзындығы 65536 символға дейін).

Сандық –кез келген типтегі сандар.

Күн/уақыт (Дата/время) – күнді/уақыттты құрайтын өріс.

Ақшалық (денежный) – ақшалай шаманы сақтауға арналған.

Санағыш (счетчик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі.

Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип («иә» немесе «жоқ» мәндерінің бірін қабылдайды).



OLE объектілер өрісі - әр түрлі объектілерді (графикалық, дыбыс, мәтін) сақтауға арналған.
Мәліметтер қорын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады.

Құрылымдылық (структурирование) – бұл мәліметтерді көрсету әдістері туралы келісімдерді енгізу. Құрылымдылық емес деп мысалы, текстік файлда жазылған мәліметтерді айтамыз.



Мысал 1. Суретте студенттер туралы мағлұматтар бар (жеке іс-қағазының нөмірі, фамилиясы, аты, отчествосы және туған жылы) құрылымдылық емес мәліметтерге мысал келтірілген. Құрылымдылық емес түрде сақталған қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру өте қиын, ал мұндай ақпаратты сұрыптау мүмкін емес.

Жеке іс қағаз №16562, Рамазанов Жасулан Рамазанұлы, туған жылы 1 ақпан 1985ж., Ж/қ №45621, Мустафина Динара Токтарқызы, туған жылы 12 маусым 1986ж., Ж/қ №78521, Жайлганова Меруерт Саттарқызы, туған жылы 15 қараша 1981 ж.

Осы ақпаратты іздеуді автоматтандыру және жүйелеу үшін мәліметтерді көрсету әдістері туралы қандайда бір келісімді анықтау қажет, яғни туған жылды әр студентке бірдей жазу керек, ол қалған ақпараттың ортасында бірдей ұзындық және орын алу керек. Бұл ескертулер қалған мәліметтерге де қатысты (жеке іс қағаздың нөмірі, фамилия, аты, отчествосы).

Мысал 2. 1 мысалда берілген ақпаратпен қарапайым құрылымын өзгерту кезінде мына суреттегідей түрге келеді.

Жеке іс қағаз №

Фамилия

Аты

Отчествосы

Туған жылы

16562

Рамазанов

Жасулан

Рамазанұлы

01.02.85

45621

Мустафина

Динара

Токтарқызы

12.06.86

78521

Жайлганова

Меруерт

Саттарқызы

15.11.81

Мәліметтер қорын пайдаланушылар болып әр түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сонымен қатар ақырғы пайдаланушылар (конечные пользователи) деп аталатын мәліметтерді пайдаланушылар рөлінде шығатын пәндік облыстың мамандары болуы мүмкін.

Мәліметтер қорының қазіргі технологиясында мәліметтер қорын құру, оны қолдау және оған пайдаланушылардың кіруін қамтамасыз ету арнайы программалық инструментарий – мәліметтер қорын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асыруды болжайды.



Мәліметтер қоры (МҚ) – бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық мәліметтердің аталынған жиынтығы.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бұл мәліметтер қорын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені.

Мәліметтер қорының құрылымдық элементтері

Мәліметтер қоры түсінігі өріс, жазба, файл (кесте) сияқты құрылымдық элементтер түсінігімен тығыз байланысты.



Имя поля 1

Имя поля 2

Имя поля 3

Имя поля 4

Имя поля 5














































Өріс – ақпараттық бөлінбейтін өлшемі – реквизиттерге сәйкес келетін мәліметтерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі. Өрісті суреттеу үшін келесі сипаттамалар пайдаланылады:

-аты, мысалы, Фамилия, аты, отчествосы, туған жылы;

-тип, мысалы, символдық, сандық, күнтізбелік;

-ұзындық, мысалы, 15 байт, символдық максималды мүмкін санымен анықталады;

-сандық мәліметтер үшін нақтылық, мысалы, санның қалдық жағын суреттеуге арналған екі онсандық белгілер.

Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі – оның өрістерінің нақты мәндері құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу.

Файл (кесте) – бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы.

Файл жазбасының логикалық құрылымын суреттеу жазба өрістерінің орналасқан жерін және оның негізгі сипаттамаларын суреттен көруге болады.



Файл аты

Өріс

Кілт белгісі

Өрістің форматы

Аты (белгіленуі)

Толық аталуы

Типі

Ұзындығы

Нақтылығы (сандар үшін)

аты 1
















...
















аты n
















Файлды жазу құрылымында өрістің кілттер болып табылатын мәндері көрсетіледі. Олар: алғашқы кілттер (первичные ключи) - жазба көшірмесін идентификациялайды, екінші кілттер (вторичные ключи) – іздеушілік немесе топтастырушылық белгілер рөлін орындайды.

Мысал. Суретте СТУДЕНТ файлы (кестесі) жазбасының логикалық құрылымын суреттеу мысалы келтірілген. СТУДЕНТ файлы жазбасының құрылымы сызықтық. Жазбада өріс мәнінің қайталанатын топтары жоқ. Өріс мәніне қарау оның номері арқылы жүреді.

Файл аты: СТУДЕНТ

Өріс

Кілт белгісі

Өріс форматы

Белгіленуі

Атауы

типі

ұзындығы

нақтылығы

Номер

Жеке іс-қағазының№

*

Симв

5




Фамилия

Студент фамилиясы




Симв

15




Аты

Студент аты




Симв

10




Отчествосы

Студент отчествосы




Симв

15




Күні

Туған күні




Уақыт

8





Мәліметтер моделінің тұрлері

Мәліметтер моделі – мәліметтер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.

МҚБЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді пайдалануға негізделген.

Мәліметтер моделінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және
реляциялық.
Мәліметтердің иерархиялық моделі

Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген.



Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап – қандайда бір объектіні суреттейтін мәліметтер атрибуттарынының жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен ғана байланысқан. Иерархиялық тоғай ешқандай басқа төбеге бағынышты емес және ең жоғарғы деңгейде тұрған тек бір ғана төбесі (тоғай түбі) бар. Қатысты (бағынышты) тораптар екінші, үшінші және т.с.с. деңгейлерде орналасқан. Мәліметтер қорында тоғайлар саны түбірлік жазбалар санымен анықталады.

Мәліметтер қорының әрбір жазбасында түбірлік жазбана тек бір ғана жолы бар. Мысалы, суреттен С4 жазбасы үшін жол А мен В3 жазбалары арқылы өтетінін көреміз.



Мәліметтердің тораптық моделі

Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей, торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысуы мүмкін.



Суретте мәліметтер қорының тораптық құрылымы граф түрінде көрсетілген.



Мәліметтердің реляциялық моделі

Реляциялық (ағыл. relation – қатынас) түсінігі Е.Коддтың мәліметтер қоры жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты.

Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және мәліметтерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.

Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі мәліметтерді ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екіөлшемді массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады:



  • әрбір кестенің элементі – мәліметтердің бір элементі;

  • кестедегі барлық бағандар бірдей, яғни бағандағы барлық элементтерде бірдей типі (сандық, символдық және т.б.) мен ұзындығы бар;

  • әрбір бағанның өзгеше аты бар;

  • кестеде бірдей жолдар жоқ;

  • жолдар мен бағандардың реті дербес болуы мүмкін.

Қатынастар кесте түрінде көрсетілген, жолдар жазбаларға, ал бағандар – қатынас атрибуттарына, домендерге, өрістерге сәйкес келеді.

Әрбір мәні сәйкес жазбамен анықталатын өріс қарапайым кілт (кілттік өріс) деп аталады. Егер жазбалар бірнеше өрістердің мәнімен анықталса, онда мәліметтер қорының мұндай кестесінің құрама кілті болады.

Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілті құрамына (кілттер бір-біріне сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, кері жағдайда бірінші кесте құрылымына сыртқы кілт - екінші кестенің кілтін енгізу керек.

Мәліметтер қоры бірнеше байланысқан кестелерден тұруы мүмкін. Қатынастармен байланысқан кестелер келесі принцип бойынша іс-әрекет етеді: бастапқы және бағынышты. Бастапқы кестені ата-аналық (родительский) деп, ал бағыныштыны – аналық (дочерний) деп те атайды.

МҚ кестелері келесі принциптердің біреуімен қатынасады:


  • "один – к - одному";

  • "многие – к - одному";

  • "один – ко - многим";

  • "многие – ко - многим".

1. "Один – к - одному" байланысы

Мұндай байланыста ата-аналық кестедегі бір жазба аналық кестедегі бір жазбаға сәйкес келеді.



2. "Один – ко – многим" байланысы

3. "Многие – к –одному" байланысы

"Один – ко – многим" ("многие – к – одному") байланысының екі түрін қарастырады:



  • бірінші жағдайда бастапқы кестедегі барлық жазбалар бағынышты кестедегі жазбалармен сәйкес келуі керек;

  • екінші жағдайда мұндай қатаң талаптар қойылмайды және бастапқы кестедегі кейбір жазбалар бағынышты кестедегі байланысқан жазбалары болмауы мүмкін.

4. "Многие – ко – многим" байланысы

Мәліметтер қорын кез келген "многие – ко – многим" байланысы "один – ко – многим" (многие – к – одному") байланысының бір немесе бірнешеуімен ауыстырылуы мүмкін болатындай құруға мүмкіндік береді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Құрылымдылық дегеніміз не?

  2. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

  3. МҚБЖ дегеніміз не?

  4. Мәліметтер моделі дегеніміз не?

  5. Иерархиялық, тораптық және реляциялық мәліметтер модельдері нені көрсетеді?

  6. Өріс, жазба дегеніміз не?



8. Дәрістер .Power Point презентациялық даярлау бағдарламасы

Power Point бағдарламасында шаблондармен жұмыс

Экрандық интерфейс және Power Point презентацияны жасау

Power Point бағдарламасында шаблондармен жұмыс

Power Point презентациясы өзге бағдарламалардан мультимедиялық объектілерді, анимацияланған суреттерді аудио, видео үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретенідігімен ерекшеленеді.

Power Point бағдарламасы қарапайым объектілерге анимация қоюға мүмкіндік береді. Анимацияның көмегімен презентацияларды көрсету кезінде қай элемент қай кезде және қалай шығу керек екенін жасауға болады.

Кез – келген объектіге анимация қою үшін Анимация – Настройка анимации – Добавить эффект әмірін орындаймыз.

Презентацияны көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін біліп алуымыз керек. Өз бетімен, нұқыған кезде, дыбыстық сүйемелдеумен т.б.

Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағынан Показ слайдов – С начала әмірін орындаймыз немесе F5 пернесін басамыз. Көрсетуді ағымдағы слайдтан бастау үшін Показ слайдов – С текущего слайда әмірін орындаймыз.

Слайдтар көрсетілімін тоқтату үшін Esc  пернесін басамыз.

Көрме (презентация) – өзін көрсету, баяндама жасау, жобаны қорғау, дайын өнім мен қызметті жарнамалау және тағы басқа көптеген дүниені кең аудиторияға ұсыну. Power Point-тің негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме бұл диафильмдердегі сияқты бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырыпәзірленген слайдтардан тұратын қысқөа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтьиды. Power Point көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедия пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.

    Мысал келтіру. Студенттерден сұралады:  егер сендердің өнім өндіретін жеке фирмаларың болса, қалай жарнама жасар едіңдер (Натуралды шырын, шоколад конфеті, автомашина дөңгелегі, құрылыс материалдары). Студенттер өз ойларын айтады. Презентация жасап, өнімдері туралы толық мәлімет беретінін.

   Power Point  программасының  әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі  көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.

Слайд фильмдерді жасаудың құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді. Power Point интерфейсін іске қосу.
Пуск®Программы®MS Office®Power Point.

 Экраннан MS Power Point бағдарламасы ашылып, Power Point ортасымен визуалды таныстырамын.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Power Point программасы қандай мақсаттарға қолдануға ыңғайлы?

2.Презентация дегеніміз -

3.Power Point-ң қандай мүмкіншіліктерін білесіңдер?

4. Слайд дегеніміз-

5.Анимация дегеніміз не?

6. Power Point-та қандай меню атауларын білесіңдер?

7. Power Point программасын қалай қосуға болады?



9.Дәрістер .Компьютерлік графика

Графикалық редакторлардың түрлері

Программалы-аппараттық есептеу кешені көмегімен әдістерді және бейнелерді өңдеуді үйрететін ақпараттанудың арнайы облысы бар – компьютерлік графика. Мәліметтерді визуалдау түрлі адам қызметі саласында іске асырылуда. Кескіннің қалыптасу тәсілінен тәуелді компьютерлік графиканы растрлық, векторлық және фрактальды деп бөліп қарастыруға болады.

Түстік қамту ерекшелігі ақ қара және түсті графика ұғымдарын сипаттайды. Жеке облыстардағы мамандандыруға кейбір бөлімдердің аттарын көрсетеді: инженерлiк графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютер полиграфиясы.

Фрактальді графика математикалық есептеулерге негiзделген. Фрактальді графиканың негізгі элементінің өзі де математикалық болып табылады, яғни ешқандай объектілерді компьютер жадында сақтамайды және кескін тек теңдеулер бойынша салынады. Осындай әдіспен, табиғи жер бедерлерін және үш өлшемді объектілерді ұқсататын қарапайым тұрақты құрылымдармен қоса күрделі иллюстрациялар құрады

Үш өлшемді графика физикалық объектілердің компьютерлік модельдеуін, инженерлік жобалау, ғылыми есептеулер сияқты облыстарда кең қолданысқа енді. Мысал ретінде үш өлшемді модельдеудің өте күрделі нұсқасын қарастырайық – нақты физикалық дененің жылжымалы кескінін жасау. Объектiнi кеңiстiктік модельдеу үшiн ықшамдалған түрде төмендегілер талап етiледi:


  • объектiнiң шынайы пішініне сәйкес келетін, виртуалды қаңқасын жобалап жасау;

  • шынайыға ұқсайтын визуализацияның физикалық қасиеті бойынша виртуалды мәліметтерді жобалау және құру;

  • объектiнiң әр түрлi бетінiң бөлiктерiне материалдар беру;

  • кеңістіктің объект әрекет ететін физикалық параметрлерін баптау, жарық беру, атмосфера қасиеттері, өзара әрекет ететін объектілердің және кеңістік қасиеттері;

  • кадрлардың қорытынды тiзбегiн есептеу;

  • қорытынды анимация ролигiне әсерлер салу.

Растрлық графика нүктеден құралған растрлық көріністерге нүктелер санын көрсететін рұқсат түсінігі ерекше маңызды. Сонымен қатар ажырата білуіміз керек:

  • түпнұсқа рұқсаты;

  • экрандық көріністің рұқсаты;

  • баспа көрінісінің рұқсаты.

Түпнұсқа рұқсаты. Түпнұсқа рұқсаты нүктелерде дюймде (dots per inch-dpi) өлшенеді және көрініс сапасы талабымен файлдың өлшеміне байланысты. Жалпы алғанда, сапаға талап жоғарылаған сайын түпнұсқаның рұқсаты жоғары болу керек.

Экрандық көріністің рұқсаты. Көріністердің экрандық көшірмелеріне растрдың қарапайым нүктелерін пиксел деп атаймыз. Көріністерді өңдеу үшін әдетте, 640 х 480, 800 х 600, 1024 х 768, 1280 х 1024, 1600 х 1200, 1600 х 1280, 1920 х 1200, 1920 х 1600 нүктелі стандартты экрандық рұқсаттарды қамтамасыз етеді. Сапалы монитордың люминофора көрші нүктелері арасындағы ара қашықтық 0,22-0,25 мм құрайды.

Түстің интенсивтілігін 256 деңгейге бөлу қабылданған. Градацияның көп бөлігі адам көзімен қабылданбайды және басы артық болып саналады. Түстің 256 деңгейін шығару үшін растрдың ұяшық өлшемін болса жеткілікті 256 = 16 х 16 нүкте.

Динамикалық диапазон. Түстік кескіндердің көшірме сапасын динамикалық диапазонмен есептеу қалыптасқан (D). Бұл оптикалық тығыздық, санмен алғанда өлшемнің ондық логарифмге тең. Жарық өткізетін оптикалық ортаға динамикалық диапазон 0 мен 4 аралығында жатыр. Жарықты бейнелейтін жазықтық үшін динамикалық диапазон 0-ден 2-ге дейін. Динамикалық диапазон жоғары болған сайын көріністе жартылай түстік саны көп болады және көріністің қабылдау сапасы жақсы болады.

Көріністің параметрлері мен файл өлшемі арасындағы байланыс. Растрлық графиканың әдісімен жартылай түстік және түсті жіберуде жоғары нақтылықты талап ететін жұмыстарды иллюстрациялау қабылданған. Бірақ та растрлық иллюстрация файлдардың өлшемі рұқсат ұлғайған сайын қарқынды өсіп жатыр. Тұрмыстық қарауға арналған фотосурет TIFF форматында тартылуы қосулы режимінде 4 Мбайт орын алады.

Растрлық көріністі масштабтау. Растрлық графиканың жетіспеушілігі ұлғайтқан кезде пикселизацияның пайда болуы. Түпнұсқада нүктенің белгілі бір саны болғандықтан, оны ұлғайтқан кезде өлшемі де үлкейеді, иллюстрацияның өңін бұзатын растрдың элементтері айрықша көрініп тұрады. Пикселизацияға қарсы әрекет мақсатында түпнұсқаны масштабтау кезінде сапалы визуалды болатындай алдын ала цифрлау қажет. Сонымен қатар, масштабтау кезінде иллюстрация өлшемін ұлғайту, нүктелерді масштабтау емес, екі араға қажет нүкте санын қосу жолымен интерполяция тәсілі қолданылады.

Егер растрлық графикада көріністің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – түзу. Түзу математикалық тұрғыда біртұтас объект болып суреттеледі, және сол себепті векторлық графиканың тәсілімен объектілерді көрсетуге арналған мәліметтер көлемі растрлық графикаға қарағанда айтарлықтай аз.

Түзу – векторлық графиканың қарапайым объектісі. Басқа да объекттер сияқты түзудің қасиеттері бар: қалып (түзу, қисық), қалыңдығы, түсі, пішіні (біріңғай, үзік сызықты). Тұйық түзулер толтыру қасиетіне ие. Олар қамтитын кеңістік басқа объекттермен (текстура, карта) немесе таңдалған түспен толтырылуы мүмкін. Қарапайым тұйық емес түзу түйін деп аталатын екі нүктемен шектелген. Түйіннің түзу соңының формасына әсер ететін қасиеттері бар. Векторлық графиканың барлық басқа объектілері түзуден құралады. Мысалыға, кубты төрт түзу арқылы байланысқан алты тіктөртбұрыштан құрауға болады.

Сонымен, растрлық немесе векторлық форматты таңдау кескінмен жұмыс жасау мақсатына байланысты. Егер түсті жіберудің фотографиялық дәлдігі қажет болса ең қолайлысы растр. Логотиптер, сызбалар, рәсімдеу элементтерін векторлық форматта ұсыну ыңғайлы. Растрлық және векторлық ұсынуда да графика монитор экранына немесе нүктелер жиынтығы түрінде баспа құрылғысына шығарылатыны түсінікті. Интернетте графика қосымша модульдер GIF, JPG, PNG орнатпай браузерлер танитын растрлық форматтың біреуінде көрсетіледі. Бір қарағанда векторлық редакторды қолдану маңызды емес болып бара жатыр. Бірақ та көптеген редактірлеу сіздің таңдаған рұқсатыңызбен .gif немесе .jpg форматқа экспортталады. Ал жаңа бастап жүрген суретшілерге векторлық ортада сурет салған оңай, егер түзу дұрыс емес болса, пайда болған элемент жеңіл редакцияланады. Растрлық режимде сурет салғанда сіз фонды түзелмейтіндей бұзып алуыныз мүмкін. Әлбетте, олардың ортақ ұқсастығы бар ол файлдарды әр түрлі форматта сақтау және ашу мүмкіндігі, бірдей аталатын құралдарды (карандаш, перо және т.б.) немесе функцияларды (ерекшелеу, орын ауыстыру, масштабтау және т.б.) қолдану, қажет түсті немесе реңін таңдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Компьютерлік графика дегеніміз не ?

2. Компьютерлік графика түрлері

3. Растрлық графика дегеніміз не?

4. Векторлық графика дегеніміз не?

5. Фрактальді графика дегеніміз не?


10-Дәрістер. Компьютерлік желілер және ИНТЕРНЕТ
Дәріс сабағының мазмұны:

Компьютерлік желілер

Желінің негізгі компоненттері.

Кабель түрлері

Ауқымды интернет желісі

Электронды почта.



Компьютерлік желілер ауқымды және жергілікті желілер болып бөлінетіні белгілі.

Компьютерлік желілер желгілікті (локальная) және ауқымды (глобальная) болып бөлінеді де, аппараттық және бағдарламалық қамту құралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.



Жергілікті компьютерлік желі – ортақ міндеттерді атқаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысқан өзара жақын орналасқан компьютерлер жиыны.

Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасу талабын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен құралдар болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет