Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені



бет2/4
Дата26.01.2022
өлшемі32 Kb.
#115007
1   2   3   4
Байланысты:
сөж1
Аб 2 көркем еңбек Жаңабайқызы Айжан, ОЖСБ алгебра, Бежевый Коричневый Элегантный Простой Корпоративный Засечки Презентация
Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АЖ) ретінде келесі объектер жиынтығын түсіну керек:



  1. есептеуіш техника құралдарын;

  2. программалық жасауды;

  3. байланыс арналарын;

  4. түрлі тасушылардағы ақпараттарды;

  5. қызметшілер мен жүйені пайдаланушыларды.

АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі жүйенің мына күйлерінде:

  1. жүйенің сыртқы және ішкі қауіп-қатерлердің тұрақсыздандыру әсеріне қарсы тұра алу қабілеті бар кезіндегісі;

  2. жүйенің жұмыс істеуі және жүйенің бар болуы сыртқы ортаға және оның өзінің элементтеріне қауіп келтірмеуі кезіндегісі қарастырылады.

Тәжірибе жүзінде ақпараттық қауіпсіздік қорғалатын ақпараттың келесі негізгі қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады:

  • конфиденциалдылық (құпияланғандық), яғни ақпаратқа тек заңды пайдаланушылар қатынай алатындығы;

  • тұтастық, біріншіден, тек заңды және сәйкесті өкілдігі бар пайдаланушылар ғана өзгерте алатын ақпараттың қорғалуын, ал екіншіден ақпараттың ішкі қайшылықсыздығын және (егер берілген қасиет қолданыла алатын болса) заттардың нақты жағдайын бейнелеуін қамтамасыз ететіндігі;

  • қатынау қолайлығы, қорғалатын ақпаратқа заңды пайдаланушыларға бөгетсіз қатынаудың кепілі болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет