«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (бірінші кезең) орындалуы туралы 2014 жылға есеп



бет7/14
Дата18.02.2017
өлшемі2,54 Mb.
#9812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

157.

Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімі, сондай-ақ «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша жоғарыдан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қамтамасыз ету

ҚРҮ-ге ақпарат

БҒМ, ИДМ

жыл сайынғы 4-тоқсан

республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде










Орындауда (жыл сайын).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларының жүйесі үшін кадрларды дайындау 4 мамандық шегінде жүзеге асырылады:

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» - 62 ЖООы, «Ақпараттық жүйелер» - 75 ЖООы, «Математикалық және компьютерлік моделдеу» - 9 ЖООы, «Информатика» - 36 ЖООы.

Көрсетілген мамандықтар бойынша студенттердің қазіргі кездегі құрамы 30 655 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік сұраным бойынша 9 209 адам.

2014 жылы келесі мамандықтар бойынша 9 509 студент бітірді:

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» - 2433 адам;

«Ақпараттық жүйелер» - 3660 адам;

«Математикалық және компьютерлік моделдеу» - 133 адам;

«Информатика» - 3 283 адам.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша кадрларды дайындау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» - 18 ЖООы, «Ақпараттық жүйелер» - 40 ЖООы, «Математикалық және компьютерлік моделдеу» - 7 ЖООы, «Информатика» - 14 ЖООы.

Жоғарыда айтылған мамандықтар бойынша магистранттардың құрамы 1916 адамды құрайды, оның ішінде мемелкеттік сұраным бойынша 1008 адам.

2014 жылы бітірген магистранттардың саны 415 адамды құрады, оның ішінде:

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» - 106 адам;

«Ақпараттық жүйелер» - 176 адам;

«Математикалық және компьютерлік моделдеу» - 41адам;

«Информатика» - 92 адам.

Жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша кадрлырды дайындауға 2014 жылы мемлекеттік сұранымның 2 974 көлеміндегі грантты бөлінді, оның ішінде:


  • бакалавриат бағдарламасы бойынша - 2 369 грант;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі магистратура бағдарламасы бойынша – 567 орын;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі докторантура бағдарламасы бойынша – 38 орын.

«Жобаларды басқару» мамандығы бойынша 2014 жылы мемлекеттік сұранымның магистратураға деген көлемі 24 орынды, докторантураға – 3 орынды құрады.

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

Мақсат: АКТ-ны барынша қолдану арқылы халыққа медициналық қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру

р\н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы


Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

2013 жылдың фактісі

2014 жылдың фактісі

2017 жылдың жоспары

года

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі

%

ДСӘДМ

ДСӘДМ

-

25

60

Ақпараттық технологияларды барынша көп пайдаланудың арқасында 2013 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрықпен Электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мынадай ақпараттық жүйелер пайдалануға енгізілді:

1. Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі;

2. Психикалық аурулармен ауыратын науқастардың тіркелімі;

3. Наркологиялық аурулармен ауыратын науқастардың тіркелімі;

4. Бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі бар науқастарды есепке алу;

5. Фертильді жастағы және жүкті әйелдердің тіркелімі;

6. "Амбулаториялық-емханалық көмек порталы" ақпараттық жүйесінің «Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімі»;

7. "Бірыңғай төлем жүйесі" ақпараттық жүйесінің «АЕК төлем жүйесі».



Осы іс-шараларды орындау бірыңғай денсаулық сақтау жүйесіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының санын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2.

«Электрондық медициналық карталармен» қамтамасыз етілген халықтың бөлігі

%

ДСӘДМ

ДСӘДМ

-

-

60

«Электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде медициналық деректермен алмасу және бірыңғай медициналық кеңістікті құру үшін платформаны сатып алу мен енгізу жоспарлануда. Платформаны сатып алып, кейіннен енгізгеннен кейін халықты "электрондық денсаулық паспорттарымен" қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.

3.

Денсаулық сақтау ұйымының бірыңғай интеграциялық тұғырнамасымен ақпараттық жүйесінің интеграциясы

%

ДСӘДМ

ДСӘДМ

-

-

40

2014 жылы «ҚР денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельдігін қамтамасыз ету мен ақпараттандыру платформасын жеткізу» №KHSTTIRP-D/SW-02 келісімшарты бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді. Техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес келетін конкурстық ұсыныстардың болмауынан конкурс өткен жоқ және қазіргі уақытта конкурстық рәсімдерді қайта өткізуге дайындық жүргізілуде.

4.

Медицина қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы деңгейі

%

ҰЭМ СК

ДСӘДМ

37,9

50

60

Кәсіпорындарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп (коды 0481104, индекс 3-ақпарат, жылдық кезеңділік)

5.

100 медициналық қызметкерге шаққандағы компьютерлер саны

%

ҰЭМ СК

ДСӘДМ




65,5

60

Кәсіпорындарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп (коды 0481104, индекс 3-ақпарат, жылдық кезеңділік)

р/н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы


Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру (мың теңге)

ББ коды

Жоспар, мың теңге

Факт, мың теңге

Тенге

Орындалуы туралы ақпарат

159.

Қажет болған жағдайларда саланың жетекші мамандарымен телекөпірлер, консилиумдар және консультациялар ұйымдастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың қорғалған бірыңғай желісін құру (медициналық мекемелерді 100 % қамту) мәселесін пысықтау

Информация в ПРК

ДСӘДМ, ИДМ, ЖАО

2 квартал 2014 года

Қаржыландыру талап етілмейді









Орындалды.

Қазақстанда қашықтықтан жұмыспен қамту (қашықтықтан жұмыс істеу) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен реттеледі (23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері).

Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып табылады.

Жұмыс беруші қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге Еңбек Кодексінде белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.

Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылаудың ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.

Қашықтықтан жұмыс істеудің артықшылығы үйінде отырып жұмыс істеу ғана болып табылмайды. Ол еңбек қатынастарына адамдарды көптеп тартуға, жұмыс уақыты мен жұмысқа баруға кететін уақыттың арақатынасын оңтайландырып, жұмыскердің өз қызметтерін орындауға аса икемді тәсілді қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Әсіресе бұл бала күтімімен отырған аналарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеуші жандарға тиімді.

Соған қарамастан жаңа технологияларды қолдану жұмыс орнында үнемі болудың дәстүрлі жүйесінен тұрақсыз түріне өтуге себепші болады, бұл қызметшілердің мүдделерімен үнемі сәйкес келме бермейді.

Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін көбіне дамыған ақпараттық-коммуникациялық желісі бар ірі компаниялар пайдаланады.

Бухгалтерлік, диспетчерлік, аударма қызметтері, журналист, корректор, фотограф ретінде интернет арқылы әртүрлі қызметтерді көрсету сияқты және т.б. қашықтықтан жұмыс істеудің түрлері кеңінен таралған.

Қашықтықтан жұмыспен қамтудың дамуын тежейтін факторлары: халықтың жұмыспен қамтудың дәстүрлі түрлеріне бейімділігі, азаматтардың жекелеген санаттары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімсіздігі, жұмыс берушілер арасында қашықтықтан жұмыспен қамтудың басымдықтары мен артықшылықтарын насихаттаудың, сондай-ақ компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіз деңгейі.

Көпшілік мемлекеттік орталық органдардың пікірі бойынша қашықтықтан жұмыспен қамту мемлекеттік қызметшілер үшін тиімсіз, себебі қашықтықтан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін лауазымдар мен функциялар, өзіндік салалық ерекшеліктер жоқ.

Тұтастай алғанда қолданыстағы заңнамада қашықтықтан жұмыспен қамтуды ұйымдастыру реттелген және жақын болашақта еңбек қатынастарының бұл түрі қарқынды дамитын болады



160.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ықпалдастыру тұғырнамасын әзірлеу, енгізу және оған медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының барлық АЖ және дерекқорларын қосу мәселесін пысықтау

Информация в ПРК

ДСӘДМ

1 квартал 2014 года

Қаржыландыру талап етілмейді









Орындалды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері бойынша денсаулық сақтаудың бірыңғай интеграция платформасын (бұдан әрі - платформа) енгізуді және медицина ұйымдары мен денсаулық сақтау ұйымдарының барлық ақпараттық жүйесі және деректер базасын қосуды әзірлеу мәселелерімен жұмыс жасалды.

Осы платформаны әзірлеу және енгізу Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған Концепциясының (2013 жылдың 3 қыркүйегіндегі № 498 бұйрығымен бекітілген) және оны жүзеге асыру жөніндегі жол картасының (2014 жылдың 5 ақпанындағы № 70 бұйрығымен бекітілген) шегінде қарастырылған.

Берілген платформа әр-түрлі хаттамалармен жұмыс жасайтын әр-түрлі ақпараттық жүйелер арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол медициналық ұйымдар тікелей сатып алатын түрлі жүйелерді ықпалдауға мүмкіндік береді.

Платформаны сатып алудың шарасы Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп әзірленетін «Техногияларды беру және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында институционалды реформа жүргізу» жобасының шегінде жүзеге асыру қарастырылған. Қазіргі уақытта платформаны сатып алу бойынша техникалық ерекшелік Бүкіләлемдік Банкпен келісілген.


162.

Мекемелердің қызметі, мамандар, емделушілерді қабылдау кестесі туралы барлық қажетті ақпаратты сақтайтын медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының дерекқорларын құру мәселесін қарау

Информация в ПРК

ДСӘДМ

3 квартал 2014 года

Қаржыландыру талап етілмейді









Орындалды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректері бойынша қазіргі кезде медицина ұйымдары, қызметкерлері және ауруларды қабылдау кестесі туралы ақпаратты жинау мүмкіндігін келесі ақпараттық жүйелер қамтамасыз етеді:



«Қорларды басқару жүйесі» АЖ тұтынушыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • қызметкерлердің қозғалысы, кәсіби дайындығы және қайта дайындығы туралы ақпаратпен қоса медицина ұйымдарын, медициналық қызметкерлері тіркелімі жүргізіледі;

  • қызметтік құрылым және материалдық қорлар туралы ақпаратпен қоса медицина ұйымының төлқұжаты жүргізіледі.

«Амбулаторлық-емхана жәрдемі» порталы амбулаторлық-емхана жәрдемін көрсететін медицина ұйымдарының дәрігерлеріне арналған ауруларды қабылдау кестесін құруға, түзетуге, жоюға, сондай-ақ осы кестеге ауруларды жазуға және құрылған кестеге сәйкес ауруларды қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

164.

ДСӘДМ бекіткен тізбеге сәйкес бастапқы медициналық қағаз құжаттамасын электрондық нысанға көшіру (медициналық құжаттаманың бірыңғай пішімін қамтамасыз ете отырып)

Информация в ИДМ

ДСӘДМ

жыл сайын 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді










Орындауда (жыл сайын).

"Электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы" шеңберінде қағазсыз технологияларға көшу қолданыстағы ақпараттық жүйелерді пысықтау, сондай-ақ жаңа ақпараттық жүйелерді пайдалануға енгізу жолымен бизнес-процестерді автоматтандырудың арқасында жүзеге асырылады. Мысалы, 2014 жылы мынадай ақпараттық жүйелер пайдалануға енгізілді:

1. Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі;

2. Психикалық аурулармен ауыратын науқастардың тіркелімі;

3. Наркологиялық аурулармен ауыратын науқастардың тіркелімі;

4. Бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі бар науқастарды есепке алу;

5. Фертильді жастағы және жүкті әйелдердің тіркелімі;

6. "Амбулаториялық-емханалық көмек порталы" ақпараттық жүйесінің «Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімі»;

7. "Бірыңғай төлем жүйесі" ақпараттық жүйесінің «АЕК төлем жүйесі».

Осы іс-шаралар бастапқы қағазды медициналық құжаттаманы электрондық нысанға ішінара көшуге мүмкіндік берді.



Электрондық коммерцияны дамыту

Мақсат: электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

р\н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

2013 жылдың фактісі

2014 жылдың фактісі

2017 жылдың жоспары

года

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерцияның үлесі

%

ҰЭМ СК,

ОМО

2,5

-

7

" Электрондық коммерция туралы есеп" (6951104 коды, Э-коммерция индексі, жылдық мерзімділік).

2015 жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес берілген индикатор бойынша 2014 жылдың деректері 2015 жылдың 30 шілдесінде ұсынылады.



2.

Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендеріндегі айналым үлесі

%

ҰЭМ СК,

ОМО

-

-

30

2015 жылға арналған Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес берілген индикатор бойынша 2014 жылдың деректері 2014 жылы статистикалық есепке енгізілгендіктен 2015 жылдың 30 шілдесінде ұсынылады.


р/н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру (мың теңге)

ББ коды

Жоспар, мың теңге

Факт, мың теңге

тенге

Орындалуы туралы ақпарат

170.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Заң жобасы

ҰЭМ, мүдделі МО

2014 жылғы 3-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді










Орындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі электрондық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері ескерілген «Сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Осы Заң жобасы Заң жобасы жұмыстары жоспарына сәйкес 2014 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді.

Заңнама Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 425 қаулысымен енгізілді және депутаттар бірінші оқылымнан ақ мақұлдады.



174.

ASTEX шеңберінде интернет-ортаны және интернет-бизнесті дамыту бойынша конференциялар\семинарлар\дөңгелек үстелдер өткізу

конференциялар\ семинарлар\ дөңгелек үстелдер

ИДМ, «АКТ дамыту қоры» КҚ (келісім бойынша), «Қазконтент» АҚ (келісім бойынша), «Қазпочта» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын 4-тоқсан

«АКТ даму қоры» КҚ меншікті қаражаты









Орындауда(жыл сайын).

2014 жылдың 19-20 мамыры аралығында "Қазақстандағы электрондық коммерцияны дамыту" тақырыбындағы "ASTEX-2014" Халықаралық көрме-конференциясы өткізілді.

Көрме-конференияға жетекші шетел спикерлері, оның әшәнде ірі компаниялар басшылары, инвесторлар, бизнес-жаттықтырушылар, әлемдік интернет-бизнесінің өкілдері және талдаушылар қатысты, барлығы 41 отандық және шетел спикерлері сөз сөйледі, 42 компания бизнес және азаматтарға арналған электрондық сервистерін көрсетті.

Сонымен қатар, келесі шаралар өткізілді:



  • АТ-менеджерлері қоғамының форумы;

  • Инфокоммуникация технологияларын дамыту қоры мен «Сколково» технопаркі (Ресей федерациясы), сондай-ақ MuckerLab (Америка құрама штаттары) бизнес-инкубаторы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;

  • Интернеттегі бизнес сұрақтары бойынша жетекші әлемдік сарапшы Роберт Беллактың семинары.

Одан басқа, 2014 жылдың 19 қыркүйегінде салалық ассоциациялармен бірлесіп "Қазнетке 20 жыл: дамуының қалыптасуы, мәселелері және келешегі" тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет