«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп»


«Ақпарттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есептемеге талдамалық жазба



бет14/14
Дата10.06.2017
өлшемі2,7 Mb.
#18630
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Ақпарттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есептемеге талдамалық жазба
I. Реквизиттері

Ақпарттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген.



Әзірлеуші-орган: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі
Құжатты іске асыру мерзімі: 1 кезең: 2013-2017 жылдар

2 кезең: 2018-2020 жылдар


Осы құжат шешуге бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпарат, құжаттың іске асырылуының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде 4 негізгі міндет көзделген:

1. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;

4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Жалпы Мемлекеттік бағдарлама бойынша 83 мақсатты индикатордың орындалуы қарастырылған. Оның ішінде, 33 индикаторға (39,8%) 2017 жылға уақытынан бұрын қол жеткізілді. Іс-шаралардың көбі уақтылы орындалуда. Іс-шаралардың көп бөлігі орындалу үстінде. Кей іс-шаралар объективті себептерге байланысты мерзімінен кеш орындалуда.
1 міндет. Архитектуралық тәсіл негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету

Ақпараттандыру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру

Мақсаттық индикаторлар

1) «Қазақстан Дүниежүзілік банктің DoingBusiness рейтингінде» 2017 жылы – алғашқы 38 елдің тізімінде, факт 2016 жылы – 35-ші орын.

2016 жылы Қазақстан «Doing Business 2017» есебі бойынша 35 орын алып өзінің позициясын 16 тармаққа жақсартты. Қазақстан Үкіметінің жүйелік жұмысының заңнаманы жетілдіру бойынша жүзеге асырылатын кешенді және талдауға озық халықаралық тәжірибе негізделетіндіктен жүйелі жұмысы осыған ықпал етті. Сонымен Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған 2016 жылы 29 наурызда «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне кейбір мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету мәселелері бойынша» Заңның шеңберінде заңнамалық реформалар қабылданған.

Сондай-ақ 2016 жылы мақсаты іскерлік ортаның ары қарай жетілдіру болып табылады қолданыстағы бесінші пакет заңнамасыңа өзгертулер қалыптастырылды.

2) 2017 жылы мемлекеттік көрсетілен қызметтерді ұсынудың максималды мерзімі – 5 жұмыс күнінен артық емес, факт 2016 жылы – 24 күнтізбелік күн.

3) 2017 жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара әрекеттестігін автоматтандыру – 80 %, факт 2016 жылы – 99,96%.

2013 жылғы 11 ақпанда мемлекеттік органдарда НҚА-ді келісу модулі бөлігінде, сондай-ақ аталған модульді мемлекеттік органдармен пайдалануды қосу бөлігінде жетілдірілген МОИП іске қосылды, көрсеткіш ретінде Мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдануының тиімділігін бағалау әдістемесіне және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысын бекіту ретінде, орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен МО КО ЭЦҚ-ын қолданып МОИП арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу бойынша жұмыстар жүргізілді.

МОИП 74 мемлекеттік органдарға, сонымен қатар ведомствалық комитеттерге, 3044 аумақтық бөлімшелерге, 16 облыс әкімдерінің әкімшіліктеріне енгізілді. 2015 жылдың қорытындылары бойынша МОИП АЖ-інде НҚА-ің 14 560 жоба орналастырылды және келісілді. Заңнамалық актілерге сәйкес, мемлекеттік органдар арасында НҚА-ді келісу тек МОИП АЖ арқылы жүргізілетіндіктен 2015 жыл көрсеткіші 80%-дан айтарлықтай артық.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы

Мақсаттық индикаторлар

1) Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) бағдарламаның іске асырылуы бойында алғашқы 5 елдің ішінде болуы қажет, факт 2016 жылы – 67 орын.

2016 жылғы БҰҰ-ның «электрондық үкіметті» дамыту деңгейі бойынша Қазақстан электрондық қатысу индексі бойынша 193 ел арасында 67 орынды иеленді (22, 2014 жылы). «е-қатысу» көрсеткіші үш көрсеткіштен тұрады: электрондық ақпараттандыру, электрондық кеңес беру, e-gov қолданушыларының электрондық шешімдер қабылдауы, бұлардың көрсеткіштері төмендеді.



2) «Ашық деректер» сервистерінде негізделген белсенді қолданылатын қосымшалардың саны, 2017 жылы – кемінде 3, факт 2016 жылы – 21 қосымша (2014 жылы – 2, 2015 жылы –10).

Порталда қазір, ашық деректер негізінде өнімдер әзірлеу жөніндегі конкурстар нәтижелері бойынша IT-мамандар құрған 21 мобильді қосымша қолжетімді.



«Электрондық Үкіметті» дамыту

Мақсаттық индикаторлар

1) «Электрондық үкімет» индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) 2017 жылы – алғашқы 30 елдің ішінде, факт 2016 жылы – 33 орын.

Аталмыш индекс 193 ел арасында БҰҰ-ның электрондық үкіметтің дамуын бағалау жөніндегі Шолу шеңберінде екі жылда бір рет есептеледі.

Қазақстан 2016 жылы БҰҰ-ың есебі бойынша «электрондық үкімет» дамуын бағалау рейтигінде 33 орынды иеленді, осыған орай 28 орыннан 33 орынға төмендеу себептеріне талдау жұмыстары жүргізілуде. Үкіметтік сайттар және онлайн-қызме көрсеткіштері жақсарды 0,7681 (0,748 2014 жылы), телекоммуникациялық инфрақұрылымның көрсеткіштері 0,5668 (0,5749 2014 жылы), адам капиталы 0,8401 (0,8619 2014 жылы) құрады.

2) Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасымен қанағаттану индексі 2017 ж. 5 балдың 4,5 балын құрауы тиіс, факт 2016 жылы – 4,59 балл.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бюрократтану индексі 2017 жылға қарай – 3. Факт 2016 жылы 4-ті құрады.

4) Мемлекеттік көрсетілетін электрондық қызметтердің үлесі дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қатынасы бойынша 2017 ж. – 50%.

Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша қызметін бағалаудың жоспар-кестесіне сәйкес аталмыш көрсеткіш бойынша есеп 2017 жылдың 2-тоқсанында ұсынылатын болады. Факт 2015 жылы - 23,4 %.



5) Электрондық қызмет көрсетудің жалпы көлеміндегі мемлекеттік мобильдік электрондық қызмет көрсетудің үлесі 2017 ж. – кемінде 36 %, факт 2016 жылы – 5%.

2016 жылы қаражаттың бөлінбеуіне байланысты электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден мобильдік қосымшаға көшу жүргізілген жоқ.



6) Әлеуетті автоматтандырылатындар ішінен мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларының үлесі, 2017 ж. кемінде 80 % құрауы тиіс.

Мемлекеттік органдарды автоматтандыру дәрежесін бағалау әдістемесі 2012 жылы басталды. Мемлекеттік органдарды бағалау кезінде көрсеткіштер ОМО және ЖАО бойынша жеке есептеледі, осыған байланысты 2017 жылдың жоспарлы көрсеткішіне 80% бастапқы деп бекітілді, ол ОМО және ЖАО орташа арифметикалық көрсеткіштері ретінде есептеледі. Аталған индикатор бойынша мәліметтер 2017 мамырда МО бағалау өткеннен кейін жасалады. Факт 2015 жылы - 70,92 (ОАО - 80,04, ЖАО - 61,8).



Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу

Мақсаттық индикаторлар

1) мемлекеттік органдардың меншікті дата-орталықтарының, серверлік бөлмелерінің, серверлік жабдықтарының саны 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 80%-ға қысқартылуы тиіс, факт 2016 жылы - 2012 жылмен салыстырғанда меншікті дата-орталықтар - 2,8%-ға артты, 2012 жылмен салыстырғанда серверлік жабдық - 79,4%-ға азайды.

Меншікті дата орталықтар, серверлік бөлмелер, серверлік жабдықтар санын, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» резервтік алаңының инфрақұрылымына және деректерді өңдеудің өңірлік орталықтарына өткеннен кейін қысқарту жоспарлануда (іске асыру мерзімі 2017 жыл).



2) мемлекеттік органдардың меншікті лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы, меншікті ақпараттық жүйелерді құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға кететін шығындарын қысқарту 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 40%-ды құрауы тиіс, факт 2016 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 70,02%-ға азайды.

«Ақпараттандыру туралы» Заңды іске асыруға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру кезінде бос бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланудың басымдығы көзделген. Осыған байланысты ЛБЖ-ын сатып алу шығыстарының қысқаруы орын алды



Құқық қорғауды, қоғамдық қауіпсіздікті, техногендік аварияларды және табиғи апаттар қатерін төмендетуді қамтамасыз етуге арналған АКТ

Мақсаттық индикаторлар

  1. 2017 ж. төтенше жағдайларға ден қою уақытының – 10,75 %-ға қысқаруы;

Республикалық бюджеттік комиссияның 2015 жылғы 29 тамыздағы № 20 шешімімен Риддер, Теміртау, Степногор

және Шу қалаларында жедел басқару орталықтарын 2016 жылға шығындар қолдау тапқан жоқ



2) Халыққа ТЖ туралы жаппай хабарлаудың заманауи жүйесімен жабдықталған елді мекендердің үлесі, 2017 ж., - 95 %.

ТЖМ функциялары ІІМ-ге берілуіне байланысты «БКДҚ 112» құру тұжырымдамасы қайта қаралды. ТЭН-ге өзгерістер енгізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 2018 жылға дейін түрлі бастамаларға мораторийге байланысты, осы мәселе бойынша жұмыстар тоқтатылды.



3) Шұғыл қызмет қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 ж. - 100 %, факт 2016 жылы – 44,6%.

2 бағыт. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету

Үй шаруашылықтарының ақпараттық инфрақұрылымының қолжетімділігі

Мақсаттық индикаторлар

1) Интернет желісіне қолжетімділігі бар, үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 ж. – 65 %, факт 2016 жылы-84,4%.

2) тіркелген телефон байланысы бар, үй шаруашылықтарының үлесі - 2017 ж. – 80 %, факт 2016 жылы- 76,5%.

3) мобильді телефондары бар, үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 ж. – 80 %, факт 2016 жылы- 96,8%.

Саланың АКТ-нарығын және АТ-ын ынталандыру

Мақсаттық индикаторлар

1) ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 ж. – 3,8 %, фактілер: 2015 жылы – 3,9%, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек – 3,1%.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың деректері статистика органдарымен 2017 жылдың тамызында жарияланатын болады.



2) АКТ саласындағы инновацияларға кететін шығындар үлесі 2017 ж. – 0,5% ЖІӨ, факт 2015 жылы – 0,08%.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың деректері статистика органдарымен 2017 жылдың мамырында жарияланатын болады.



3) елдегі АКТ секторы кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2017 ж. - 7 %, факт 2015 жылы – 24,6%.

2017 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың деректері статистика органдарымен 2017 жылдың мамырында жарияланатын болады.



4) МЖС схемасы бойынша жалпы пайдаланудағы зерттеу зертханаларының саны 2017 ж. - 4.

2013 жылдың тамызында «ҰАТ» АҚ негізінде жеке инвестициялар есебінен Зерттеу зертханаларының орталығы құрылды.

Орталыққа Garthner рейтингінің «қисық технологиясына» сәйкес даму шыңында тұрған қолданбалы зерттеу технологияларымен айналысатын 4 зертхана кіреді:

- Бұлтты технологиялар зертханасы;

- Мобильдік технологиялар зертханасы;

- Ауқымды деректер зертханасы;

- «ЭҮ» архитектурасының зертханасы.

3 бағыт. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру

Адами капиталды дамыту

АКТ саласындағы мамандардың комьютерлік сауаттылығы мен білім деңгейін көтеру

Мақсаттық индикаторлар

1) адами капиталды дамыту индексі 2017 ж. – 0,764. 2016 жылдың фактісі бойынша ақпарат Білім және ғылым министрлігімен ұсынылмады.

2) электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 ж. – 60 %. 2016 жылдың фактісі бойынша ақпарат Білім және ғылым министрлігімен ұсынылмады.

3) 100 жұмыс істеушіге шаққанда дистанциялық жұмыспен қамтылғандар саны 2017 ж. – 7 адам, факт 2016 жылы – 0,07 адам.

4) халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 ж. – 65 %, факт: 2016 жылы – 76,2%.

2016 жылдың деректері статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес 2017 жылдың 7 наурызында жарияланатын болады.



Білім мен ғылымдағы АКТ

Мақсаттық индикаторлар

1) бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған, ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі 2017 ж., – 50 %. 2016 жылдың фактісі бойынша ақпарат Білім және ғылым министрлігімен ұсынылмады.

2) 2017 жылда мектептер мен ТКБ үшін ашық қол жеткізетін электрондық оқыту контенттерінің көлемі – 60%. 2016 жылдың фактісі бойынша ақпарат Білім және ғылым министрлігімен ұсынылмады.

3) ерекше қажеттілігі бар балалар үшін(инклюзивті білім) АКТ көмегімен сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету 2017 жылда - 30%, факт бойынша: 2016 жылда -12% (Білім және ғылым министрлігінің жұмыс тәртібінде ұсынған ақпаратына сай).

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

Мақсатты индикаторлар

  1. Денсаулық сақтау саласының бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі 2017ж.-60%, факт бойынша: 2016 жылда - 94,8%.

2)100 медициналық қызметкерге шаққанда компьютерлер саны 2017 ж. - 60%, факт бойынша: 2016 жылда – 34,4% құрады.

3) 2017 жылда «электрондық медициналық карталармен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі - 60%.

Бұл индикаторға қол жеткізу ақпараттандыру платформасын енгізген соң және денсаулық сақтау саласында интероперобельдік ақпараттық жүйе қамтамасыз етілген соң жүзеге асады және соның шеңберінде бірыңғай деректер қоймасы құрылып, онда электрондық медициналық карталар (электрондық денсаулық паспорты) сақталады.



4)денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін 2017 жылда бірыңғай интеграциялық платформаға кіріктіру - 40%.

Осы индикаторға қол жеткізу осы платформа шеңберінде электрондық медициналық карталар (электрондық денсаулық паспорты) сақталатын деректердің бірыңғай сақтау қоры құрылатын Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және интероперабельдігін қамтамасыз ету платформасын енгізгеннен кейін жоспарланып отыр.



5) медициналық қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығы 2017 жылда - 70%, факт бойынша: 2016 жылда – 51,4%.

Электрондық коммерцияны дамыту

Мақсатты индикаторлар

  1. Жалпы тауарлар мен қызмет нарығында электрондық коммерция үлесі 2017 жылда - 7%.

2017 жылдың Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес 2016 жылғы деректер осы индикатор бойынша 2017

жылдың мамырында ұсынылатын болады.

Интернет арқылы бөлшек сауда айналымының үлесі (қазақстандық кәсіпорныдарында) ҚР бөлшек саудасының жалпы көлеміне 2015 жылы 0,8% құрады. Интернет арқылы көтерме сауда айналымының үлесі (қазақстандық кәсіпкерлермен) ҚР 2015 жылы көтерме сауданың жалпы көлеміне 0,4% құрады. Интернет арқылы көрсетілген қызмет үлесі (қазақстандық кәсіпкерлермен) ҚР 2015 жылы жалпы қызмет көлеміне 0,7% құрады.


  1. электрондық тәсілмен төленетін қазақстандық интернет-дүкендер айналымының жалпы тауарлар мен

қызмет айналымындағы үлесі 2017 жылда - 30%.

2017 жылдың Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес 2016 жылғы деректер осы индикатор бойынша 2017 жылдың шілдесінде ұсынылатын болады. 2015 жылға Интернет арқылы бөлшек сауданың жалпы көлеміне бөлшек саудада электрондық төленген тауар айналымының үлесі - 12,6%, сәйкесінше Интернет арқылы көтерме саудада - 50,3%, Интернет арқылы қызметтер - 61,8% құрады.



Электрондық экономика қалыптастыру

Мақсатты индикаторлар

  1. компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру жөнінде білім алған өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің үлесі 2017 жылда - 70%, факт бойынша 2016 жылда – 2,7%.

Осы саланың басым көпшілігі жеке меншікте болуына байланысты өнеркәсіп кәсіпорындары, осы көрсеткіштердің саланы дамытуға ықпалын ескере отырып, компьютерлік сауаттылықты дамыту саясатын дербес түрде анықтайды.

  1. өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнімнің көлемінде АКТ шығатын шығын көлемінің артуы 2017 жылда - 30% (2012 жылмен салыстырғанда), 2015 жылда – 233,3% артты.

2017 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың мәліметтерін 2017 жылғы 3 тоқсанда жариялайтын болады. 2016 жыл бойынша бұл көрсеткіш Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі анықталғанан кейін құралады.

  1. кәсіпорын бюджетінде АКТ өзіндік көлемінің артуы 2017 жылда 30%(2012 жылмен салыстырғанда).

2017 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың мәліметтерін 2017 жылдың 3 тоқсанында статистика органдары жариялайтын болады.

4)инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылда - 5%, факт бойынша: 2015 жылда - 8,1%.

2016 жылдың мәліметтерін 2017 жылғы мамырда статистика органдары жариялайтын болады.



5)өнеркәсіп кәсіпорындарының атқарылған өнімдерінің көлмінде инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылда - 10%, факт бойынша: 2015 жылы – 1,66%.

2017 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың мәліметтерін 2017 жылғы мамырда статистика органдары жариялайтын болады.



Көлік жүйесіндегі АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)көлік инфрақұрылымындағы кәсіпорындардың Интернет ШПД қамтылу деңгейі 2017 жылда - 30%, факт бойынша: 2016 жылда – 41,4%.

2)спутниктік басқару жүйесімен жарақталған жолаушылар мен жүк көліктері автомобильдерінің үлесі 2017 жылда - 30%, факт бойынша 2016 жылда – 89%.

Ал қазіргі кезде жолаушылар тасымалымен 13 153 автобус айналысады, оның ішінде 11 832 автобус спутниктік басқару құралдарымен жабдықталған, ол жалпы санының 89% құрайды.



3)электрондық формат арқылы билет сатып алынатын бағыт, бағдарлардың үлесі 2017 жылда - 40 %, факт бойынша 2016 жылда – 41,6% болды.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)Интернет желісіне қол жеткізген АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылда - 80 %, факт бойынша 2016 жылда – 35,5 %.

2)АӨК қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы 2017 жылда - 70 %, факт бойынша 2016 жылда – 16,9 %.

Энергиямен жабдықтаушы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйе.

Мақсатты индикаторлар

  1. технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополия субъектілерінің үлесі:

сумен жабдықтау және су ағызу саласында 2017 жылда - 30%, факт бойынша 2016 жылы – 68%.

жылумен қамтамасыз ету саласында 2017 жылда - 20%, 2016 жылда – 69%.

газбен жабдықтау саласында 2017 жылда - 30 %, 2016 жылы -42,8%.

2)электр қуатымен жабдықтау саласында электр энергиясын есепке алуды коммерциялық басқару жүйесін енгізген табиғи монополия субъектілерінің үлесі 2017 жылда - 30 %, факт бойынша 2016 жылы–100%.



3)ТКШ саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылда - 70 %, факт бойынша 2016 жылда – 35,3 %.

Экология мен гидрометеорологиядағы АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)зиянды заттарды, радиактивтік қалдықтарды көму, шайынды суларды жерге ағызып, өндіріс пен тұрмыс қалдықтарын жерге төгу жөніндегі мемлекеттік кадастрлардың толтырылу деңгейі 2017 жылда - 50 %.

Осы мақсатты индикатор 4 көрсеткішті: зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көму, ағын суларды, өндіріс қалдықтарын жер қойнауына тастау және тұтыну Мемлекеттік кадастрлард деректерінің базасын толтыру пайызы; өндіріс және тұтыну қалдықтарының Мемлекеттік кадастрлары деректерінің базасын толтыру пайызы; қоршаған ортаны ластау учаскелерінің Мемлекеттік тіркелімі деректерінің базасынан қоршаған ортаны ластау учаскелерін алып тастау; "ҚР Табиғат ресурстарыныі мемлекеттік кадастрлары" ақпараттық жүйелерінің деректер базасын толтыру пайызы. Қазіргі уақытта "ҚР ТРМК" АЖ ғана қызмет етеді, "Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі" жүйелі-техникалық әкімшілендіру және сүйемелдеу шеңберінде "Қалдықтар және тұтыну кадастры" және "Көму кадастры" қосалқы жүйелер құрылды. 2016 ж. жоғарыда корсетілген қосалқы жүйелерін толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Осыған байланысты, көрсеткіш осы деректерді толтырғанынан кейін есептелетін болады.

2)болжамдардың расталу көрсеткіштері:

агрометеорологиялық болжамдар 2017 жылда - 83 %;

ұзақ мерзімге берілген гидрологиялық болжамдар 2017 жылда - 83%;

ұзақ мерзімге метеорологиялық болжамдар 2017 жылда - 91%

«Агрометеорологиялық болжамдар», «ұзақ мерзімге берілген гидрологиялық болжамдар», «ұзақ мерзімге метеорологиялық болжамдар» индикаторлары бойынша сәйкес 2016 жылда - 82%, 71% және сәйкесінше 85%.

3)нақты уақытпен «оnline» режимінде өндірістік экологиялық мониторинг туралы мәліметтерді қашықтықтан беру қондырғылары бар І санаттағы өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі 2017 жылда - 50%.

Өндірістік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру мақсатында 1 санатқа жататын табиғат пайдаланушылар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға он-лайн тәртібінде деректерді тапсыру кезінде өндірістік мониторинг және бақылауды жүзеге асыруы міндетті.

«Он-лайн» автоматтандырылған жүйесін енгізу 1 санатқа жататын табиғат пайдаланушылардың өздерінің есебінен қаржыландырылуы тиіс.

Бұл индикатор бойынша мәлімет Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіндегі міндеттілік нормаларын ӨЭБ және ӨЭМ автоматтандырылғын тәртіпте іске асыруын бекітілгеннен кейін қалыптастырылады.



4)зиянды қалдықтарды атмосфераға шашуды азайту 2017 жылда – 2013 жылмен салыстырғанда 3%, факт 2016 жылы- 7%.

5)Республика аумағын бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесімен қамту 2017 жылда - 50%.

Бүгінгі күнге «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесі» құрылмаған, бұл көрсеткіш осы жүйе құрылған соң есептеледі.



6)экология мен гидрометеорология саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылда - 70%, факт бойынша:2016 жылда – 72,8%.

Денешыынықтыру және спорт саласындағы АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)денешынықтыру және спорт саласындағы нысандардың оқу-жаттығу процестерін автоматтандыру және ақпараттандыру деңгейі 2017 жылда - 75%, факт бойынша: 2016 жылда - 75%.

2)Интернет жүйесіне қосылған денешынықтыру және спорт саласындағы нысандардың үлесі 2017 жылда - 100%, факт бойынша: 2016 жылда – 96,1%.

3)жаттықтырушылар мен спортшылардың компьютерлік сауатын көтеру 2017 жылда - 70%, факт бойынша 2016 жылда – 70%.

Туризмдегі АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)Интернет жүйесіне қосылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақүйлер, демалыс базалары мен туристік фирмалар) үлесі 2017 жылда - 100%, факт бойынша: 2016 жылда – 83,1%.

2)интернет-брондаудың халықаралық жүйесіне қосылған туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылда - 65%, факт бойынша: 2016 жылда – 20,4%.

3)жеке интернет-портплы бар туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылда - 100%, факт бойынша: 2016 жылда – 39,4%.

4)ішкі бизнес-процестерді автоматтандырған туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылда - 100%, факті бойынша: 2016 жылда – 11,7%.

Бағыт 4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту

Мәдениет саласындағы АКТ дамыту

Мақсатты индикаторлар

1)халықтың «Мәдени мұра» жобасынан хабардар болу деңгейі 2017 жылда - 82% құрайды, факт бойынша: 2016 жылда – 80,4%.

2) «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру көрсеткіші 2017 жылда – 55 мың бірлік, факт бойынша: 2016 жылда – 101 мың бірлік.

Отандық БАҚ жетілдіру



Мақсатты индикаторлар

1)ұлттық спутник желісі абоненттерінің саны – 2020 жылда – 500 мың, факт бойынша: 2016 жылда – 1 236, 048 мың абонент.

2)Мемлекет аумағында қолжетімді отандық телеарналар, 2017 жылы – 45., факт 2016 жылы – 41.

3) қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясын 2017 жылы 100 шет елге дейін кеңейту, факт: 2016 жылы – 118 ел.



4) Интернетте баспа және электрондық БАҚ-тың ұсынылғандығы 2017 жылы - 70 %, факт 2016 жылы – 100%.

5) ұтқыр қосымшалар арқылы қолжетімді БАҚ 2017 жылы – 50 %, факт 2016 жылы –67%.

6) негізгі ақпараттық қажеттіліктерін отандық БАҚ есебінен қанағаттандыратын халық үлесі (әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша) 2017 жылы – 64 %, факт: 2016 жылы – 71,3%.

7) мемлекеттік БАҚ тартатын жарнамалық құралдардың көлемін арттыру 2017 жылы – 35 % (2012 жылмен салыстырғанда), факт: 2016 жылы – (- 4,5%).

Отандық кеңістіктің өндірісін ынтыландыру

Нысаналы индикаторлар

1) Интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің арақатынасы – 2017 жылы 0,7:1, факт 2016 жылы – 0,9:1.

2) «.kz» және «.қаз» домендеріндегі Интернет-ресурстар санының 2017 жылы 35 %-ға артуы, факт 2016 жылы – 51,9% 2012 жылмен салыстырғанда.

3) қазақстандық сайттарға орташа кіруді 2017 жылы 40 %-ға арттыру. 2012 және 2015 жылдар аралығында «Казконтент» АҚ «Мемлекеттік органдардың сайттарына талдау және ілгерілету» атты жүргізген зерттеу шеңберінде сайттарға кіруге мониторинг жасалды. 2015 жылы Республикалық бюджеттік комиссия бұл жобаның қаржылануын қолдамады.

Осыған байланысты, 2016 жыл бойынша сайттарға кіру бойынша ақпаратты ұсыну мүмкін емес болып табылады.



4) 2017 жылы жылына кемінде 10 отандық телесериал түсіру, факт: 2016 жылы – 18.

5) қоса қаржыландыру шартының негізінде жеке меншік телеарналар арасында тапсырыс беру тәсілімен телевизиялық өнімнің өндіріс көлемі 2017 жылы – кемінде 10 жоба, факт: 2016 жылы – 17 жоба.

6) отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі 2017 жылы – эфирлік уақыттың 53 %-ы, факт: 2016 жылы – 95,8%.

7) мемлекеттік телеарналардың контент өндірісін аутсорсингке беруі 2017 жылы 50 %, факт: 2016 жылы – 62%.

8) қазақстандық блог саласының көлемі – 2017 жылы 100 Интернет пайдаланушыға шаққанда 1 дербес интернет-блог, факт: 2016 жылы- 1/40.

9) прокаттағы отандық көркем фильмдердің саны – 2017 жылы 8 %, факт: 2016 жылы – 8%.

Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу

Нысаналы индикаторлар

1) мемлекет қызметінің түйінді және әлеуметтік маңызы бар бағыттары туралы халықтың хабардар болу деңгейі (әлеуметтанушылық сауалнама нәтижелері бойынша) 2017 жылы - 65 %, факт: 2016 жылы – 64%.

2) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлесі – 2017 жылы - 100 %, факт: 2016 жылы – 75%.



Есепті кезеңде жоспарланған іс-шаралар саны

Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2016 жылға 82 іс-шара өткізу жоспарланған, оның 70-і орындалуда (іске асыру мерзімі жыл сайын, 2017 жыл), 9 іс-шара орындалды, 3 іс-шара орындалған жоқ. Сонымен қатар, айта кететін жайт, «Алатау» АЭА АТП инфрақұрылымдық дамуы» (инженерлік инфрақұрылымның құрылысы) 129 іс-шарасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша орындалды. Аталған іс-шараны орындау мерзімі Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру Іс-шаралар жоспарына сай 2015 жыл, бірақ Іс-шаралар жоспары бойынша аталған іс-шараны орындауға 2016 жылға шамамен 1,3 млрд.теңге жоспарланып, 2016 жылы шамамен 3,8 млрд. тенге игерілді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бірінші кезең) төрт негізгі міндет кіреді.

Сонымен, «Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету» міндеті бойынша 22 іс-шараны іске асыру көзделген, оның:



3 іс-шара орындалған жоқ.

10 тармақ «Пысықталған тәсілді одан әрі қолдану үшін пилоттық аймақ шеңберінде «электрондық әкімдіктің» үлгі құрылымын енгізу».

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұсынған ақпараты бойынша электрондық әкімдіктің үлгі құрылымын енгізу ҚМ 2016 жылдың 8 желтоқсанындағы № 14492 бұйрығымен тіркелгендіктен, пилотты өткізуге мүмкүндік болмады. Пилотты 2017 жылы Астана қаласының әкімдігінде өткізу жоспарлануда.



84 тармақ «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау бөлігінде АҚ талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» резервтік алаңын құру».

2016 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ақпарат және коммуникациялар Вице-министрі С.С.Сарсеновтың төрағалығымен «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымдық жобалары бойынша жиын өтті. Аталған жиында «электрондық үкіметтің» резервтік алаңы мен негізгі ДӨО-ның құрылыстарына байланысты мәселелер талқыланды. Жиынның қорытындысы бойынша ақпараттандырудың сервистік моделінің Жобасына бастамалық етуге тапсырма берілді.

Хаттамалық тапсырмаларды орындау барысында Ақпараттандыру департаментімен Зерде Холдингіне ақпараттандырудың сервистік моделін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес 2017 жылдың 23 қаңтарында ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша Жобаны жүзеге асыруға байланысты қорытынды беру туралы №03-11/322 сұраныс хаты жолданды.

Зерде Холдингімен АСМ бойынша жобаны жүзеге асыру барысында есепке алу қажет қауіптерді көрсете отырып, аталған жобаға оң қорытынды берілді (2017 жылдың 7 ақпанындағы № 08-02-06/236 хаты).

Қазіргі кезде ақпараттандырудың сервистік моделін жүзеге асыру Қағидаларына сәйкес Министрлікпен Зерде Холдингінің қорытындысын мемлекеттік органның қажеттіліктерін жүзеге асыру бойынша Жобаны бастамалық етуге қатысты ұсыныстарды алу үшін сараптамалық кеңеске жолдау жоспарланып отыр.

Сараптамалық кеңестің қорытындысын алғаннан кейін «электрондық үкіметтің» резервтік алаңын құру Жобасын жүзеге асыру бойынша алдағы рәсімдер анықталатын болады.

2015 жылдың 29 тамызындағы РБК шешімі бойынша шығыстар қолданбады.

107 тармақ «Қазақстан Республикасы шағын қалаларының жедел басқару орталықтарын құру: 3. 2016 жылы 4 қала».

Ішкі істер министрлігі ұсынған ақпарат бойынша Республикалық бюджеттік комиссияның 29.08.2015 жылғы № 20 шешімі бойынша Риддер, Теміртау, Степногорск және Шу қалаларына Жедел басқару орталығын құру үшін 2016 жылғы шығындар қарастырылмады.



Орындалған 5 іс-шара және орындалудағы 14 іс-шара бойынша:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілері мен регламенттері бекітілді;

Бизнес үдерісі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді;

Ведомствааралық АЖ қызмет ету аясында байланыс қызметін ұсыну қамтамасыз етілді;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы, ақпараттық және әлеуметтік бейнеролик арқылы, аймақтарда түсіндіру сеимнарларын ұйымдастыру арқылы бақылау қамтамасыз етілді;

Ашық мәліметтер тізімі бекітілді;

Денсаулықсақтау саласында ақпараттық жүйеге тұрғындардың қолы жеткізілді;

Мемлекеттік органдармен мемлекеттік және жергілікті деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін бір-контакт орталығында кеңес беру қамтамасыз етілді;

Аймақтарда электронды қызметті қол жетімді ету пункттері бойынша сәйкес жұмыстар жүргізілді;

Мобильді үкімет платформасы арқылы тұрғындарға қызмет көрсету қамтамасыз етілді;

Мемлекеттік мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелерді тарихи мәліметтермен толтыру, соның ішінде «Талдау», статистикалық жинақтардың электронды мұрағаты жасалды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімдеу және автоматтандыру жұмыстары жалғастырылуда;

««Е-лицензиялау» Мемлекеттік мәліметтер базасы» АЖ-нен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік мүлік тізімі» АЖ-на бірігу жүргізілді;

Ақпараттарандырудың жаңа үлгісіне (сервис) көшу үшін мемлекеттік органдардың АК инфрақұрылымын зерттеу жұмыстары жасалды, 5 сервис іске қосылды;

Бірегей электронды почта жүесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интранет порталы» АЖ біріктірілді;

7674 мемлекеттік органның интернет желісіне Бірегей шлюз арқылы қосылуы, «электронды үкіметтің» 27 ақпараттандыру объекті тоқсан сайын кемшіліктерін тексеру қамтамасыз етілді;

ҚР ІІМ миграция полициясына АЖ қолданысқа енгізілді;

Жедел әрекет ету және ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарының қызметкерлерінің компьютерлік біліктілік деңгейін арттыру жұмыстары жүргізілді.

«Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша 9 іс-шара іске асыру көзделген, оның:

Орындалған 1 іс-шара және орындалудағы 8 іс-шара бойынша:

Облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында және 50 000 асатын тұрғыны бар тұрғылықты жерлерде 4G желісін іске қосу жұмыстары жүргізілді;

Шымкент-Қандығаш БТОЖ салу жұмыстары аяқталды;

Ақпараттық технология саласында 39 ұлттық стандарт жасалынды;

Ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша екі статистикалық бюллетень жарияланды;

Экстерриториалдық қағидасында тіркелген және программалық қамтамасыздандыруды дамытатын АЭЗ «АТП» қатысушыларының саны артты;

АКТ саласында жергілікті қамтуды қадағалау және дамуын талдау жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етілді;

АЭЗ «АТП» инфрақұрылымының 2-ші кезекті объекттерін салу жұмыстары аяқталды (2016 жылы 28 желтоқсанда объектті қолдануға қабылдау акті тіркелді);

Қазақстандық АКТ жобалары мен қызметін халықаралық деңгейде жылжыту мақсатында іс-шаралар жасалды;

Білім және ғылымды біріктіру жобасын іске асыру үшін арнайы түсіндіру семинарлары өткізілді, мамандандырылған кафедралар құрылды, 88 білім беру бағдарламалары жасалды;



«Қоғамды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру» бағыты бойынша 37 іс-шара іске асыру көзделген, оның:

Орындалған 2 іс-шара және орындалудағы 35 іс-шара бойынша:

Мемлекеттік жалпыміндетті білім стандартына Өзгертулер мен толықтырулар еңгізілді, барлық мамандықтардың типтік оқыту жоспарлары жаңартылды, соның ішінде АКТ бағыты бойынша;

АКТ саласына 10 кәсіби стандарт жасалды;

Инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білімі бар кадр дайындау қамтамасыз етілді;

Жұмыссыздарды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, жалдамалы жұмысшыларды қашықтықтан кәсіби оқыту жүргізілді;

Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды негізгі компьютерлік біліктілікке үйрету жұмыстарын жүргізді;

Мектептерде электронды оқыту жүйесін еңгізу аясында электронды күнделік жобасын іске қосу жұмыстары жалғасуда;

АКТ модульі бойынша қысқа мерзімді курстар аясында Педагогика саласының қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату жұмыстары жүргізілді;

2016 жылы «Зерде» Холдингі» АҚ пилоттық жоғарғы оқу орындарымен бірігіп АКТ мамандықтары бойынша оқыту жоспарының жобасы жасалынды, ҚР БҒМ Республикалық оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды;

01.01.2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық медициналық ұйымдарында 188/У формасын электронды түрде жүргізу еңгізілді;

«ASTEX Astana Smart City» Халықаралық форум-көрмесі өткізілді;

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшыларының компьютерлік біліктілігін жоғарылату мәселесі бойынша жұмыстар жүргізді;

Басқару үрдісін автоматтандыру бойынша, өнеркәсіптік кәсіпорындармен АКТ инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жасалынды;

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен автоматтандырылған жүйеге көшу, телеметрикалық датчик және технологиялық үрдісте геоақпараттық жүйе қолдану жұмыстары жалғасуда;

Қазақстан Республикасының кәсіпорындары бойынша автоматтандыру, роботтандыру және цифрландыру деңгейлеріне талдау жасалынды;

Жыл ішінде Республиканың барлық облыстарында инновациялық гранттарды табыстау кездесулері өткізілді;

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы эннерго-тиімді жобаларды жасау және сынақтан өткізу тетіктерін қаржылық қолдау жұмыстары жүргізілді;

Көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарын (автовокзал, порт, теміржол вокзалдары, аэропорт) кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері іске асырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігін және оның құрылымдық бөлімдерін қазіргі заманғы серверлік құралдармен жабдықтау жұмыстары, мәлімет берудің бірегей бірлескен желісін құру және ІР-телефония құру жұмыстары жасалынды.

АӨК АЖ қолданушыларының компьютерлік біліктілігін жоғарылату мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілді;

Астана қаласында, кейіннен басқа қалаларда «ақылды қала» жобасын жасау сұрақтары пысықталды;

ТКШ саласының жұмысшыларының компьютерлік біліктілігін жоғарылату мәселесі бойынша жұмыстар жүргізді;

«Метеорология және есептеу кластері (суперкомпьютер) бойынша программо-аппаратты комплексті енгізу» МЖС жобасына жеке серіктес іздеу жұмыстары жасалынды;

Экология және гидрометрология саласының жұмысшыларының компьютерлік біліктілігін жоғарылату мәселесі бойынша жұмыстар жүргізді;

Мәдениет және спорт объектілерін кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері іске асырылды.

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру іс-шаралары жүзеге асырылды;

Туристік инфрақұрылым объектілерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері іске асырылды.

Отандық туризм объектілерін халықаралық интернет-брондау жүйесімен біріктіру мәселесі пысықталды;

Туризм индустриясы объектілерін құру және жабдықтау кезінде «жасыл», энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды және құралдарды еңгізу АКТ қолдану мәселесі пысықталды;

Әр аймақтың туризм объектілерін БАҚ арқылы және интернет ресурсы арқылы жарықтандыру мәселесі пысықталды;

Туризм объектілерін басқарудың ішкі үрдісін, есеп және басқарушы-шаруашылық қызметін автоматтандыру мәселесі пысықталды;

Туризм саласында сервистер мен қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мобильді қосымшалар жасау мәселесі пысықталды;

Ақпараттық-танымдық веб-порталдарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен толтыру жұмыстары жүргізілді;

«Қазақстан кітапханасы» электронды мемлекеттік кітапхана қорын толтыру ұзартылды;

Бірегей электронды мұрағат ақпараттық жүйесінің технико-экономикалық негіздемесі жасалынды және «Мемлекеттік жеке серіктестіктің Қазақстандық орталығы» АҚ келісілді;

"Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту" бағыты бойынша 14 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған, оның ішінде:

Орындалған 1 іс-шара және орындалудағы 13 іс-шара бойынша:

Телерадиоарнаны аналогты, цифрлы эфирлік және спутниктік желі арқылы тарату қамтамасыз етілді;

Қазақстанның медиа қоғамдастық өкілдерін халықаралық көрмелерге, форумдарға, конференция және премияларға, конкурстарға қатысуы қамтамасыз етілді;

200 баспа басылымдарына редизайн (125 - қазақ тіліндегі редакция, орыс тілінде -75 ) жасалынды;

14 облыс пен республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында «Отандық БАҚ сұранысын анықтау» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізілді;

Ақпаратты қауіпсіздік нормасын сақтау шартымен мемлекеттік телевизиялық студияларды жеке контент жасаушыларға жалға беру мәселесі пысықталды;

«Қазмедиаорталығы» телерадиокешенінің өндірістік инфрақұрылымын дамыту іс-шаралар өткізілді;

Отандық сериял, документалды драма, ток-шоу, ақпараттық және көңіл көтеру бағдарламаларын шығару мәселесі пысықталды;

Интернет желісінде ресми түпкі ақпарат көлемін ұлғайту мәселесі пысықталды;

Қазақстан Республикасының аумағында көпарналы тарату көмегімен таратылуы міндетті теле-радио арналардың тізімі бекітілді;

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізу мәселелерін әдістемелік қамсыздандыру» пунктін жүзеге асыру аясында 56 мәлімет дайындалды.
Қорытындылар мен ұсыныстар.

Тұтастай алғанда, "Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды оң сипаттауға болады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 83 нысаналы индикатордан 33 нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

Іс-шаралар негізінен уақытында орындалады. Іс-шаралардың көп бөлігі орындалу үстінде. Кейбір іс-шаралар объективті себептер бойынша анағұрлым кешірек мерзімде орындалуда.

Сонымен қатар, жетекші елдердің тәжірибесі экономиканың әртараптандыру және өсуін, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, және кәсіпорындарда салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық экономиканың соңғы инновациялық технологияларын қолдана отырып (үлкен деректер, мобильдік және бұлтты технологиялар, интернет заттарды, әлеуметтік желілер, роботтандыру, өнеркәсіптік автоматтандыру және т. б.). экономиканың басым салаларын және әлеуметтік саланы цифрландыруға бағытталған жобаларды іске асыру қажеттілігін көрсетеді.

Әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайының аясында Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа (БЭК, ДСҰ) және жаһандық сын-қатерлердің экономикалық интеграциясын ескере отырып, бүгінгі күні ең өзекті міндеттер әлемдік аренада елдің экономикасын әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Интеграция және жаһандық сын-қатерлер бізден білімдер мен технологиялардан құрылған жаңа сандық экономиканы жеделдетіп құруды талап етеді.

Алдыңғы қатарлы әлем елдерінің тәжірибесі экономика салаларын цифрлау және АКТ-ның таралуын көтеру экономикалық өсу тұрғысынан едәуір нәтиже қамтамасыз ететінін көрсетеді. Мәселен, McKinsey компаниясы халықаралық сарапшыларының бағалауы бойынша халықты 10 пайыздық пунктерде Интернетпен қамтуды ұлғайту дамушы елдердің ЖІӨ-нің шамамен 1% - ға өсуіне әкеледі.

Бүгінгі таңда цифрлық экономикаға Канада, Австралия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Үндістан және т. б. сияқты елдер таңдау жасады. Қосымша, сандық экономика бойынша ұсынымдар мен стратегиялық бағдарламалар түрінде Еуропалық Одақ, ЭЫДҰ-мен және өзге де халықаралық даму институттары өз пайымын әзірледі.

Осыған бойланысты, Елбасы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрлік Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын, 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильдік банкинг, цифрлік серверлар және басқа келешегі бар бағыттарды әзірлеуді тапсырған.

«Цифрлік Қазақстан» МБ ең алдымен халықтың өмір сапасын жоғарлатуға және цифрлік экожүйе сапалы дамуның арқылы отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Мембағдарлама шеңберінде бірқатар жобалар және бастамалар мынадай бағыттарда: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуы («Цифрлік жілек толы») және адымдар дағдылары («Креативті қоғам») іске асырылатын болады. Сонымен қатар осы көздер негізінде проактивтік мемлекет және барлық экономика салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларға өту жүргізілетін болады. Жалпы, Мембағдарламаның іске асыруы қорытындысы бойынша 2020 жылға дейін:



  • Интернет қолданушыларының үлесін 78% үлғайту;

  • Қазақстан халқын эфирлік теле хабар таратумен 95% қамту;

  • Халықтың цифрлік сауаттылығын 80% дейін үлғайту;

  • Елдің ЖІӨ-де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторын 4,7% дейін ұлғайту;

  • Осы салада еңбек өнімін 34% ұлғайту;

  • Халықтың өздері электронды түрде алған қызметтер сапаларының қанағаттану деңгейін 83% кем емес.






Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет