Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына



Дата27.12.2016
өлшемі204,29 Kb.
#6074


25.08.2016 ЭҚАБЖ МО (7.17.2 версия) Электрондық құжаттың көшірмесі. ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.






ӘЛЕУЕТТІК ҚАУІП ЖАҒДАЙЛАРЫНДА НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТІК АКТ ЖАСАЛҒАНДА, СОНДАЙ-АҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ІС-ҚИМЫЛЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына жалпы ұсынымдар

- Күдікті адамдарға, заттарға, кез келген күдікті ұсақ-түйектерге назар аударыңыздар. Барлық күдікті нәрселер туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлаңыз;

  • бейтаныс адамдардан пакеттер мен сөмкелер ешқашан қабылдамаңыздар, өз қолжүктеріңізді қараусыз қалдырмаңыз;

  • төтенше жағдайларда отбасының іс-әрекет жоспары болуы тиіс, отбасының барлық мүшелерінде телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары болуы қажет;

  • шұғыл жағдаяттарда өз отбасыңыздың мүшелерімен кездесе алатын кездесу орнын белгілеу қажет;

• эвакуация жағдайында, өзіңізбен бірге бірінші қажеттіліктегі заттардың жиынтығын және құжаттарды алыңыз;

  • үй-жайдан шығатын резервтік шығу орындарының қайда орналасқанын әрқашан біліп жүріңіз;

  • лифтіні пайдаланбаңыз;

  • қандай жағдай болса да үрейге берілмеңіз.

Террористік сипаттағы қорқыту мазмұндағы хабарламаны телефонмен қабылдау тәртібі

  • әңгімені сөзбе-сөз есте сақтап қалуға және оны қағазға жазып алуға тырысыңыз;

  • әңгіме барысында телефон соғушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшелігін белгілеп алыңыз;

  • міндетті түрде дыбыстық фонды белгілеп алыңыз (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуылы, теле-радиоаппаратура дыбысы, дауыстар, басқалар);

  • қоңырау шалу сипатын белгілеңіз - қалалық па немесе халықаралық па;

  • міндетті түрде әңгіменің басталуының дәл уақытын және оның ұзақтығын белгілеңіз;

  • Өзіңіз шешім қабылдау немесе қандай да бір іс-әрекет жасау үшін телефон соғушыдан барынша көп ықтимал уақыт аралығына қол жеткізуге тырысыңыз;

  • әңгіме туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз;

  • әңгіме фактісі және оның мазмұны туралы хабарды таратпаңыз;

  • ақпаратқа ие адамдардардың санын барынша шектеңіз;

  • нөмірді автоматты түрде анықтау (НАА) мүмкіндігі бар болғанда анықталған телефон нөмірін дәптерге жазып алыңыз, бұл оны кездейсоқ жоғалтып алуды болдырмауға мүмкіндік береді;

  • дыбысты жазып алу аппаратурасын пайдалану кезінде әңгіме жазылған кассетаны (минидискіні) бірден шығарып алыңыз және оның сақталуы бойынша шара қабылдаңыз. Оның орнына басқасын орналастырыңыз.

Қоңырау шалушының сөйлеу ерекшелігін белгілеңіз

Даусы: қатты/жай, төмен/жоғары.

Сөйлеуі: анық, бұрмаланған, кекештенумен, шолжың, акцентпен немесе диалектімен.

Сөйлеу қарқыны: тез / жай.

Сөйлеу мәнері: әдепсіз, келемеждеумен, балағат сөздермен.

Әңгіме барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:

  • Бұл адам қайда, кімге, қандай телефонмен қоңырау шалып тұр?

  • Ол қандай нақты талаптар қояды?

  • Талаптарды жеке өзі қоя ма, делдал рөлінде ме немесе қандай да бір адамдар тобын танытып білдіре ме?

  • Ол немесе олар ойластырған әрекеттерінен қандай шарттарда бас тартуға келіседі?

  • Онымен қалай және қашан байланысуға болады?

  • Бұл қоңырау шалу туралы Сіз кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауға тиіссіз?

Жарылғыш құрылғы болып шығуы мүмкін күдікті затты табу

Соңғы уақытта азаматтардың жарылғыш құрылғы болып шығуы мүмкін күдікті заттарды табу жағдайлары жиі анықталуда. Мұндай заттарды көлікте, саты алаңшаларында, пәтер есіктерінің жанында, мекемелерде және қоғамдық орындарында табады.



Олар табылған кезде адам өзін қалай ұстау керек және қандай іс-әрекет жасауы қажет?

  • Егер сіздің пікіріңізше табылған зат бұл жерде болмау керек болса, бұл фактіні назар аударусыз қалдырмаңыз.

  • Егер сіз қоғамдық көлікте ұмыт қалған немесе иесіз затты тапсаңыз, жанындағы адамдардан сұрап шығыңыз. Оның кімдікі және оны кім қалдыруы мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз. Егер қожайыны анықталмаса, табылған зат туралы жүргізушіге (машиниске) дереу хабарлаңыз.

  • Егер сіз белгісіз затты өз үйіңіздің кіре берісінде тапсаңыз, көршілерден сұраңыз, мүмкін ол көршілерге тиесілі болар. Егер иесі анықталмаса – дереу полицияның тірек пунктіне хабарлаңыз.

  • Егер сіз белгісіз затты мекемеде тапсаңыз, табылған зат туралы дереу әкімшілікке немесе күзетке хабарлаңыз.

Барлық аталған жағдайларда:

  • табылған затты ұстамаңыз, жылжытпаңыз, ашпаңыз;

  • затты анықтау уақытын белгілеңіз;

  • адамдар табылған заттан мейлінше алысырақ кетуі үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз;

• міндетті түрде жедел-тергеу тобының келуін күтіңіз
Есте сақтаңыз: заттың сыртқы түрімен оның ішкі мазмұны сәйкес келмеуі мүмкін. Жарылғыш құрылғыға бүркеме ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар пайдаланылады: сөмкелер, пакеттер, қорапшалар, ойыншықтар және т.б.

Жарылғыш құрылғыны немесе жарылғыш құрылғы болып шығуы мүмкін күдікті затты табу кезінде ұсынылатын эвакуация және қоршау аймағы

1.

Граната РГ Д-5

кемінде 50 метр

2.

Граната Ф-1

кемінде 200 метр

3.

Массасы 200 грамм тротил шашка

45 метр

4.

Массасы 400 грамм тротил шашка

55 метр

5.

Сыра банкасы 0,33 литр

60 метр

6.

Мина МОН-50

85 метр

7.

Шабадан (кейс)

230 метр

8.

Жол шабаданы

350 метр

9.

«Жигули» үлгісіндегі автомобиль

460 метр

10.

«Волга» үлгісіндегі автомобиль

580 метр

11.

Микроавтобус

920 метр

12.

Жүк автомашинасы (фургон)

1240 метр


Терроризм қаупі немесе терроризм актісі жасалған жағдайда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жүргізу жағдайында эвакуация туралы ақпарат алу

Билік өкілдерінен немесе құқық қорғау органдарынан эвакуацияның басталуы туралы хабарламаны алғаннан кейін ұстамдылық сақтаңыз және олардың командасын нақты орындаңыз.

Егер сіз пәтерде болсаңыз, келесі іс-әрекеттерді орындаңыз:


  • жеке құжаттарыңызды, ақша, құндылықтарды алыңыз;

  • электр, су және газ көздерін өшіріңіз;

  • кәрі адамдарды және ауыр науқастарды эвакуациялауға көмектесіңіз;

  • пәтерге кіретін есікті міндетті түрде құлыптап жабыңыз – бұл пәтерді қылмыскерлердің (тонаушылардың) ену ықтималдығынан қорғайды;

  • үрей, байбалам және асығуды болдырмаңыз. Үй-жайды ұйымдасқан күйде қалдырыңыз.

Қалдырған үй-жайға уәкілетті мемлекеттік не жергілікті атқарушы органдардың жауапты тұлғаларының рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.

Көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығы сіздің келісілген іс-әрекетіңіз бен іс-әрекетіңіздің нақтылығына байланысты екені есіңізде болсын.



Терроризмнің әлеуетті қаупі немесе терроризм актісі жасалған жағдайда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жүргізу жағдайында адамдардың жаппай жиналу объектілеріндегі іс-қимыл
Адамдар көп жиналған жерлерде болмауға тырысыңыз;

  • болып жатқан оқиғаны қаншалықты көргіңіз келіп тұрса да тобырға қосылмаңыз;

  • егер тобырдың ішінде болып қалсаңыз, оның Сізді алып жүруіне мүмкіндік беріңіз, бірақ одан шығуға тырысыңыз;

  • ішке қарай терең тыныс алыңыз және кеудеңіз басылып қалмау үшін, шынтақта бүгілген қолдарыңызды екі жаққа жайыңыз;

  • ыңғайсыз ауыр заттары және үлкен сөмкелері бар адамдардан алысырақ болуға тырысыңыз;

  • кез келген тәсілмен аяғыңызда тұруға тырысыңыз;

  • қолдарыңызды қалтада ұстамаңыз;

  • қозғала отырып, аяғыңызды мүмкіндігінше жоғары көтеріңіз, аяғыңызды табанға толық қойыңыз, ұсақ қадамдармен жүрмеңіз, аяғыңыздың ұшына тұрмаңыз;

  • егер басу сығылыс қауіпті сипат алса, дереу, ойланбастан, кез келген көтеріп әкеле жатқан жүктен, ең алдымен белдігі ұзын сөмкеден және шарфтан құтылыңыз;

  • егер бір нәрсені түсіріп алсаңыз, аса бір қажеттілік болмаса, оны көтеру үшін еңкеймеуге тырысыңыз;

  • егер Сіз құлап қалсаңыз, мүмкіндігінше тез аяққа тұруға тырысыңыз. Бұл кезде қолдарыңызға тірелмеңіз (басып кетеді не сындырады).Бір сәтке болса да өкшеге немесе аяқтың ұшына тұруға тырысыңыз. Тіреле отырып, аяқтарыңызбен жерден бірден ажырай отырып «сүңгіп шығыңыз»;

  • егер тұру мүмкін болмаса, домалақ болып бүктеліңіз, басыңызды білектеріңізбен қорғаңыз, алақандарыңызбен желкеңізді жабыңыз;

  • адамдар толған үй-жайда болуға душар келсе, экстремалды жағдайлар туындаған кезде қандай орындар неғұрлым қауіпті екенін алдын ала анықтаңыз (стадиондағы секторлар арасындағы өту жолдары, концерттік залдардағы әйнек есіктер мен аралық қалқалар және т.б.), запастағы және апаттық шығу орындарына назар аударыңыз, ойша олармен жол жүріңіз;

  • тобырдан залдың бұрыштарында немесе қабырғаларға жақын жасырыну оңай, бірақ ол жақтан шығатын жерге жету қиын;

  • дүрбелең туындаған кезде, ұстамдылық және жағдайды сабырлылықпен бағалау қабілетін сақтауға тырысыңыз.

Жаппай тәртіпсіздік уақытында тобырға түсіп қалмауға тырысыңыз, себебі сіз арнайы бөлімшелер жауынгерлерінің іс-қимылына душар болуыңыз мүмкін.

Кепілге адам алу

Мән-жайлардың ағымы бойынша қылмыскерлер кез келген адамды кепілге алуы мүмкін. Бұл кезде қылмыскерлер саяси мақсаттарға, құнын төлеуге және т.б. қол жеткізуі мүмкін.

Барлық жағдайларда сіздің өміріңіз терроршылар үшін сауда-саттық затына айналады.

Тұтқынға алу алу көлікте, мекемеде, көшеде, пәтерде болу мүмкін.

Егер сіз кепілге алынсаңыз, келесі іс-қимыл ережесін ұстануды ұсынамыз:


  • күтпеген қозғалыс немесе шуыл терроршылардың тарапынан қатал тойтарысқа душар етуі мүмкін. Терроршыларды қару қолдануға арандататын және адамдырдың шығынына әкелетін іс-әрекеттерді жасамаңыз;

  • терроршылардың көзді таңу, ауыз кергіш, қолкісен немесе жіп қолдануына дайын болыңыз;

  • кемтарлық көруді, жәбірлеу және кемсітуді көтеріңіз, қылмыскерлердің көзіне тура қарамаңыз (күйгелек адам үшін бұл агрессияға белгі), өзіңізді қиқарланып ұстамаңыз;

  • қарсылық көрсетуге тырыспаңыз, бандитті қарусыздандыруға немесе кепілге алынғаныңызды айтып, үй-жайдан шығуға тырысып қажетсіз «батырлық» көрсетпеңіз, қарсылық көрсетпеңіз;

• егер сізбен бірге балалар болса, олар үшін қауіпсіз орын табыңыз, оларды кездейсоқ оқтардан жабуға тырысыңыз, мүмкіндігінше олардың жанында болыңыз;

• қажет болған кезде қылмыскерлердің талаптарын орындаңыз, оларға қарсы келмеңіз, айналадағылардың және өзіңіздің өміріңізге қауіп төндірмеңіз, байбаламға және үрейге жол бермеуге тырысыңыз;



  • медициналық көмек қажет болған жағдайда, бандиттерді ашуландырмай жайбарақат және қысқа сөйлеңіз, рұқсат алмайынша ешқандай әрекет қылмаңыз;

  • мұқият болыңыз, байқатпай қылмыскерлердің белгілерін, олардың ерекше бет әлпетін, киімін, аттарын, лақап аттарын, ықтимал тыртықтар мен дене әшекейлерін, сөйлеу ерекшелігі мен мінез-құлық мәнерін, әңгіме тақырыбын және т.б. есте қалдыруға тырысыңыз;

  • егер сізге туыстарыңызбен телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігін берсе, өзіңізді ұстаңыз, жылмаңыз, айқайламаңыз, қысқа және мәні бойынша сөйлеңіз;

  • күзетшілермен байланыс орнатуға талпынып көріңіз. Оларға сіздің де адам екеніңізді түсіндіріңіз. Оларға өз отбасыңыздың фотосуретін көрсетіңіз. Оларды алдауға тырыспаңыз;

  • сіріңкенің, тастың немесе қабырғадағы сызықтың көмегімен өткен күндерді белгілей отырып, міндетті түрде уақыттың есебін жүргізіңіз;

  • егер сіз қандай да бір үй-жайда бекітулі болсаңыз, онда біреулердің назарын аудартуға тырысыңыз. Бұл үшін терезе әйнегін сындырыңыз және көмекке шақырыңыз, сіріңке болған жағдайда қағазды жағып өрт датчигіне жақын әкелеңіз және т.б.;

  • жағдайдың сәтті аяқталатынына сеніміңізді ешқашан жоғалтпаңыз;

  • есте сақтаңыз, неғұрлым көп уақыт өткен сайын, соғұрлым Сізде құтқарылуға мүмкіндік көбірек;

  • есте сақтаңыз, сіздің тұтқынға алынғаныңыз туралы хабарламаны алып, арнайы қызмет іс-әрекетті бастады және сізді босату үшін барлық қажеттілікті жасайды;

  • есте сақтаңыз, сіздің мақсатыңыз – тірі қалу!

Арнайы қызмет сізді босату бойынша терроризмге қарсы операция жүргізу уақытында келесі талаптарды мүлтіксіз сақтаңыз:



V-/

  • еденде бетіңізді төмен қаратып жатыңыз, басыңызды қолдарыңызбен жабыңыз және қозғалмаңыз;

  • ешбір жағдайда арнайы қызмет қызметкерлеріне қарсы немесе олардан қашып жүгірмеңіз, себебі олар сізді қылмыскер деп ойлап қалуы мүмкін;

  • егер мүмкіндік болса, есіктер мен терезелердің ойығынан алысырақ болыңыз.


Авиакөлікті пайдаланумен терроризм актісін жасау қаупі жағдайларында азаматтардың іс-қимылына ұсынымдар

  • мүмкіндігінше орынды ұшақтың артындағы терезенің жанынан орын алуға тырысыңыз;

  • тіркеуден өту уақытын барынша қысқартыңыз;

  • қандай да бір баспанаға және шығатын орынға жақынырақ орналасыңыз;

  • егер күдік тудыратын болса көрші жолаушылардың іс-қимылына назар аударыңыз;

  • отбасы мүшелерімен ұшақты басып алу бойынша стандартты жағдайдағы іс-әрекетті талқылаңыз;

  • ешқандай жағдайда үрейленбеңіз, секіріп тұрмаңыз, креслода отырған күйде қалыңыз. Терроршылармен керіспеңіз, оларды қару қолдануға арандатпаңыз, арнайы дайындық болмаған кезде терроршыларды өз бетіңізше зиянсыздандыруға тырыспаңыз, мұндайдан өз көршілеріңізді де тоқтатыңыз;

  • Сізді терроршылар душар етуі мүмкін кемсітулерге және жәбірлеулерге көніңіз;

  • жолаушылармен терроршылардың тиістілігін талқыламаңыз;

  • өзіңізге назар аудартатын нәрселерден аулақ болыңыз;

  • егер жолаушылардың арасында жылаған балалар немесе науқас, ыңырсыған адамдар болса, өзіңіздің наразылығыңызды көрсетпеңіз, өзіңізді ұстаңыз. Кез келген жағымсыз эмоция онсыз да шиеленіскен жағдайды онан сайын ушықтыруы мүмкін;

  • қандай жағдай болғанда да экипаж мүшелеріне болысуға тырыспаңыз. Сіздің араласуыңыз жағдайды күрделендіріп жіберуі мүмкін;

  • ұшқыштардың іс-әрекетіне ешқашан ашуланбаңыз. Экипаждың іс-әрекеті әрқашан дұрыс. Жолсеріктің бұйрығы – жолаушылар үшін заң;

  • терроршыларға сенбеңіз. Олар не айтса да өз мүдделерін ғана көксейді;

  • өзіңізді лайықты ұстаңыз. Өзіңізді ғана емес, басқа жолаушылар туралы да ойлаңыз; егер сіз экипаж мүшелерінің бірі тұру уақытында ұшақтан шыққанын көрсеңіз, ешбір жағдайда бұл фактіге басқа жолаушылардың назарын аудармаңыз. Экипаждың іс-қимылын терроршылар байқап қалуы мүмкін;

  • егер терроршылармен келіссөздер нәтиже бермегенін жанама белгілер бойынша сезсеңіз, мүмкіндігінше ұшақты босату бойынша арнайы операцияның басталу мезетіне дайын болыңыз;

  • егер арнайы операция басталса, сізді терроршылар ұстап алып тірі қалқан ретінде пайдалана алмайтындай қалыпта болыңыз: төменге құлаңыз, не басыңызды қолыңызбен құшақтап креслоның арқасына тығылыңыз және сізге тұруға рұқсат еткенше сонда қалыңыз (қауіпсіздік күштері кез келген қозғалған адамды терроршыға санауы мүмкін);

  • мүмкін болған жағдайда ұшақтан тезірек кетіңіз. Жеке заттарыңызды табу үшін тоқтамаңыз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін біле ме. Еш уақытта мүсәтірдің көмегімен оның есін жидыруға тырыспаңыз. Естен тану – организмнің сыртқы әсерден қорғану реакциясы.

Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (сүйектерін мұқият ұстап көріңіз), оны қапталына жатқызыңыз. Арқасымен жатса ол құсығына шашалып қалуы, ішімен жатса – тұншығып қалуы мүмкін. Артериядан қан кету кезінде (қан алқызыл, бұрқылдап ағады) жараны мүмкіндігінше тезірек саусақпен басу керек, одан кейін жарадан жоғарырақ жерді белдікпен, жіппен, белбеумен таңу қажет.


Ғимарат конструкциясының сынықтарының астында қалу кезіндегі іс-қимыл:

  • Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартуға тырысыңыз. Егер сіз ғимарат сынықтарының астында тереңде болсаңыз, сізді жаңғырық пеленгатормен табу үшін, кез келген металл затты (сақина, кілттер және т.б.) оңға-солға қозғалтыңыз.

  • егер сіздің жаныңыздағы кеңістік біршама бос болса, оттықты жақпаңыз. Оттекті сақтаңыз.

  • жаңадан опырылуды болдырмауға тырысып абайлап жылжыңыз, сырттан келген ауаның қозғалысы бойынша бағдарлаңыз. Егер сізде мүмкіндік болса, қол асты заттардың көмегімен (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) төбені опырылудан бекітіңіз және көмек күтіңіз. Қатты шөлдеген жағдайда аузыңызға кішкене тасты салып, мұрныңызбен тыныс ала отырып сорыңыз.


Балалар үшін арнайы ұсынымдар

Көшеде немесе кіре берісте табылған кез келген заттың қауіпті болуы мүмкін екенін балаларға түсіндіріңіз.

Жарылғыш құрылғылар болып шығуы мүмкін, табылған немесе күдікті заттармен ешқандай іс-әрекеттерді өз бетіңізше жасамаңыз – бұл олардың жарылуына, көптеген қазаға ұшырауға және қирауға әкелуі мүмкін.

Балалардың жасына, жетілуіне, тұратын және оқитын жеріне қарай ата-аналар оларға жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретуі қажет.

Балаларға:


  • өзінің толық есімін, тегін, мекенжайын және телефон нөмірін жаттап алуға;

  • егер таныс емес жерде (дүкенде және т.б.) адасып кетсе, полиция қызметкерлерінен, әскери қызметшілерден, нысандық киімдегі басқа адамдардан, егде жастағы әйелдерден көмек сұрауға;

  • оқшауланған көшелер мен ойын алаңшаларынан аулақ болуға, топта жүруге және ойнауға;

  • отбасы мүшелеріне өзінің жүрген жерін хабарлауға (бұл жердің қайда екенін білетініңізге көз жеткізіңіз);

  • бейтаныс адамдармен ешқашан сөйлеспеуге және ешқайда бармауға;

  • бөгде адамдарға отбасы мүшелерінің табысы, жұмысқа кететін және жұмыстан келетін уақыты, жоспарланып отырған демалыстар мен ұзақ жол жүрулер, басқа да жеке құпия ақпарат туралы ешқашан хабарламауға

кеңес беріңіз.
Террористік акті жасалу қаупі кезіндегі іс-әрекеттер

Жарылыс қаупі бар екені туралы келесі белгілер бойынша пайымдауға болады:

  • машинада, үйге кіре берісте, үйдің ауласында белгісіз бөлшек (жарылғыш құрылғы сыра құтысына, темекі қорабына, ойыншықта, бөтелкеде жасырылып бүркемеленуі мүмкін, құбыр кесіндісінде, сүт пакетінде, кез келген түйіншек немесе жәшікте болуы мүмкін).

  • бұл жерлерге тән емес түрлі материалдардың қалдығы;

  • сым, жіп тартылған;

  • машинаның астынан сымдар немесе оқшаулағыш таспа салбырап тұр;

  • әйнектерде, есіктерде және басқа заттарда жаңадан түскен сызаттар және балшық;

  • ешуақытта болмаған бейтаныс иіс - мысалы, сорпа дәмдеуішінің (кейбір жарылғыш заттардың осындай иісі болады);

  • бұрын болмаған, жаңадан қазылған немесе кепкен жердің ерекшеленген учаскелері;

  • сіздің пәтеріңіздің жанында, бұл туралы сіз білмейтін, жаңадан жүргізілген жөндеу жұмыстарының ізі (бояу, сылақ және т.б.);

  • сіздің автомобиліңізге, үйіңізге, пәтеріңізге жақын табылған бөтен сөмке, портфель, қорап немесе басқа зат.

Әсіресе көлік объектілерінде, мәдени - ойын-сауық, спорт және сауда орталықтарында болғанда өзіңіздің айналаңызда жағдайды әрқашан бақылаңыз.

Дайындалып жатқан теракт туралы кездейсоқ білсеңіз, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.



Егер кенеттен қауіпсіздік күштерін және құқық қорғау органдарын жандандыру басталса:

  • әуестік көрсетпеңіз, басқа жаққа қарай кетіңіз;

  • жағдайдың мүмкіндігіне қарай қауіпті аймақтан барынша тез кетуге тырысыңыз;

  • кез келген қол жетімді баспананы пайдаланыңыз;

  • сізді қылмыскер деп ойлап қалмау үшін жүгірмеңіз;

  • жарықшақтардан жарақат алуды болдырмау үшін басыңызды жабыңыз және жарылыстың ықтимал қаупі жағынан теріс бұрылыңыз;

о

  • мұндай іс-әрекеттің тиімділігіне толық сенімді болмасаңыз қауіпсіздік күштеріне көмектеспеңіз.

Қазіргі уақытта терроршыларға неғұрлым тән іс-әрекеттер адамдар жаппай жиналған орындарда және тұрғын үйлерде жарылыс ұйымдастыру болып табылады. Жарылу қаупі бар заттарды уақытылы анықтау сіздің және басқа адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Жарылыс немесе атыс басталған кезде дереу жерге, ең жақсысы пананың (бордюр, сауда шатыры, машинаның және т.б.) астына құлаңыз. Қауіпсіздік үшін басыңызды қолдарыңызбен жабыңыз.

Егер сіз жарылыс аймағында қалсаңыз, есіңізді білсеңіз және қозғала алатындай жағдайда болсаңыз, онда сізге бірінші кезекте түтін мен от жоқ жаққа қарай жүру, еңбектеу қажет.


  • барлық сұрастыру және жармасу әрекеттері туралы дереу хабарлау, сонымен бірге баламен байланысқа түсуге тырысқан бейтаныс адамның киімінің бөлшектерін, сыртқы түрі мен машинасын есте сақтауға тырысу;

  • бейтаныс адамдардың өзіне қол тигізуіне мүмкіндік бермеу;

  • егер бейтаныс адам баланы күшпен өзімен бірге жүруге мәжбүрлеуге тырысса, қарсылық көрсету (тебіну, тістеу, тырнау, қашу, айқайлау, көмекке шақыру («Мен сені білмеймін!», «Сен мені ұрлап кеткің келеді!») – мұндай айқай міндетті түрде жаттығуды талап етеді). Үйге кіре берісте кез келген есікті қағуға, коңырау басуға тырысу;

  • босанып шығып, жақын жердегі қауіпсіз орынға қарай жүгіру: дүкенге, мектепке, милицияға, банкке және т.б.

  • әдетте болмайтын оқиғалар туралы барлық ақпаратты есте қалдыру;

  • бейтаныс адамдарға немесе жөндеу жөніндегі шеберлерге сіздің үйіңізге кіруге ешқашан рұқсат етпеу (кішкентай балалар үшін мүмкін формулалар: «Барлық кішкентай балалар, үйде жалғыз болғанда ешақашан есік ашпайды», «Барлық жақсы балалар ешқашан бөтен адамдарды үйге кіргізбейді»);

  • ешқашан пошта жөнелтімдерін қабылдамау;

  • кез келген сыйлықты қабылдаудан немесе тіпті мұндай ұыныс таныс адамдардан (оның ішінде көршілерден, сыныптастардан және т.б.) болса да қонаққа барудан бұрын ата-анадан рұқсат сұрау;

  • бейтаныс ер адамдармен, бозбалалармен бірге ешқашан кіре беріске, лифтіге кірмеу. Егер бейтаныс адам лифтіге ізінше кірсе, дереу лифтіден шығуға тырысу;

  • егер кіре беріске кіріп, онда бейтаныс ер адамды көрсе, тез кері қайта шығу және ересектерден көмек сұрау, не таныстардың еріп жүруімен ғана қайта кіру;

  • көшеден келгеннен кейін пәтердің есігін ашпас бұрын, саты алаңшасында бейтаныс адамдардың бар-жоқтығын қарау. Егер бар болса көршілердің қоңырауын басу, ашпаса – төменге түсіп бейтаныс адамның кеткенін күту, не таныстардан пәтерге дейін шығарып салуды өтіну;

  • егер сені аңдыса, сенім тудыратын жүргіншіге қысылмай жақындап қорғауды өтіну;

  • қоғамдық көлікте жүргізушіге жақын отыру және қауіп-қатер кезінде одан көмек сұрау;

  • ата-аналар беретін ақыл-кеңестерді ғана есте сақтау, бейтаныс адамдардың назар аударуын және бұйрықтарын елемеу.

Бұл ұсынымдарды көрнекі мысалдармен көрсеткен абзал.

Сұраңыз, егер біреу кәмпит, сағыз, ойыншық, ақша немесе машинаға отырып қыдыруды ұсынса бала өзін қалай ұстар еді.




ҚР Терроризмге қарсы орталығының штабы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет