Ақпараттық білім беру орта Орындаған: Достиярова Г. Тексерген: Құрманбаева А



Дата08.11.2022
өлшемі1,94 Mb.
#157186
Байланысты:
Ақпараттық білім беру ортасы

 Ақпараттық білім беру орта

Орындаған: Достиярова Г.

Тексерген: Құрманбаева А.

      • Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – білім алушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді оқу тәрбие үдерісінде тиімді пайдалануды қарастырады.

Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне оқыту құралы ретінде еркін пайдалану, бүгінгі қарастырып отырған басты мәселеміз.
Журналистика факультетінде ақпараттық білім беру ортасын құру дегеніміз - магистранттың
журналистік шеберлігін дамытуға арналған. Репортажды оқыту сұхбат алудың, журналистік зерттеудің, шолулар мен сауалнамалар нəтижесінің түсіндірмесін, үкіметтік құжаттарға қол жеткізу мен оны талдау техникасының заманауи əдістерін ұсынуы тиіс. Жазудың кəсіби шеберлігіне оқыту – əңгімелеу əдістерін пайдалану мен сараптау жəне түсіндіру əдістерімен таныстырумен бірге, күрделі сюжеттерді жасаудың сараптамасы мен тəжірибесін қарастыруы тиіс. Сонымен бірге, бұл курс табиғи апаттар жөніндегі репортаж техникасымен таныстырады.
Материалдарды журналистік əдіспен жазу жəне дайындаудың кіріспе курсы
– жаңалықтарды бағалау жəне жаңалықтар сюжетін дайындау -жаңалықтарды іздеу, -материалды беруде нақтылыққа қол жеткізу үшін сұхбат алу -бақылау жəне ақпарат жинаудың басқа да əдістері
Материалдарды журналистік əдіспен жазу жəне дайындаудың кіріспе курсы
-сонымен бірге қарапайым жаңалықтарды, қызық мақалаларды (сюжет құрылымы, баяндай білу мүмкіндігі, цитаталарды пайдалану) дайындау.
Студенттер жиналысты, өзгелердің əңгімесін, басқа да оқиғаларды, əртүрлі жекелеген сұхбаттарды қалай ұйымдастыру жəне өткізу, телефонмен, электронды поштамен сұхбат алудың жолдары, проблемалық жəне саяси сипаттағы сюжеттерді қалай дайындау қажеттігін үйренеді. Олар материалдарды уақытында беру үшін қалай жұмыс істеу қажеттігін үйренеді, материалдарды берудің этикасымен танысады.
Курсқа ақпаратты іздеуге, материалдарды редакциялау мен дайындауға қажетті компьютер қызметтері мен қосымшалары да енгізіледі. Материалдарды дайындау жөніндегі курстар мерзімдік БАҚ-қа басымдық береді, алайда, оның негізгі принциптері мен əдістері телерадио хабарларын тарату жəне желілік журналисткаға да қатысты екенін ескеруіміз керек.
Мамандандырылған журналистика. Бірінші жəне екінші деңгейде игерген репортаж жəне материалдарды дайындау дағдыларына сүйене отырып, студенттер ақпаратты табу жəне журналистік тақырыпқа жазу тақырыбын игергені жөн. Негізгі басымдық бұқаралық аудиторияға арналған түсіндірмелі репортаждарға беріледі. Курс нəтижесі бойынша, кез-келген бұқаралық ақпарат құралына (БАҚ) арналған ірі көлемді журналистік жұмыс жасалуы тиіс. Болып жатқан оқиғаның мəні мен маңызын репортерлік тұрғыдан бағалау үшінші деңгейде адам іс əрекетін түсінуде студент тəжірибесінің тереңдігін байқатады. Сонымен қатар, ол арнайы жəне пəнаралық пəнді үйрену барысында оқытылған түсіндіру (интерпретация) əдістерін қалай игергендігін де айқын көрсетеді. Осыдан келіп, студенттерді (Үшінші деңгейдің жоғары дəрежесіне жеткендерді) гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдары бағдарламасымен мамандандыруға болады.
Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды енуі аясында Қазақстанда журналистік білім беруді дамытудың басымдықтары өзгерді. Сонымен қатар, ұлттық ерекшеліктерді, қоғамның тарихи, мәдени ерекшелігін, сондай-ақ ғаламдастыру кезеңіндегі республикадағы білім берудің даму ерекшеліктерін ескеру маңызды.
Медианарықтағы жаңа трендтердің әсерінен ғаламдық және цифрлық технологиялық басымдықтар, қажеттіліктер, қызметтер мен аудиторияның қабылдауы өзгерді. Журналистік білім беруді жаңа медианың даму динамикасына сәйкес ұйымдастыру және ақпараттық технологиялар мен интернеттің дамуының жаңа артықшылықтарын тез меңгеруге бейімдеу маңызды. Студенттердің білім беру жүйесіне деген көзқарасын анықтауға бағытталған социологиялық зерттеулеріміз де соған дәлел.
Соңғы кездері ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сай көптеген жаңа медиаға 11 Мысаева Қ.Н. жаңадан бейімделіп келе жатқан дәстүрлі ақпарат құралдары тағылымдамадан өтуге келген студенттердің редакциядағы орта немесе үлкен буынға қарағанда жаңа технологияны жетік меңгергенін мойындауда. Десек те, жас маман технологияны жақсы меңгерумен қатар, сапалы мазмұн жасай білуі міндетті.
Себебі, онлайн медианың ақпарат тарату форматы мен жанры дәстүрлі ақпарат құралдарынан өзгеше екені түсінікті. Бірақ, алдағы 15-20 жылдан кейін қандай дағдылар мен білім қажет болуы мүмкін екенін әзірше ешкім айтып бере алмайды. Сондықтан, болашақ маманды бүгінгі дүние көкжиегінде ғана оқыту жеткіліксіз және біздің студенттеріміз болашақтағы жасанды интеллект дамыған әлемді көз алдарына елестете алатындай дағдыларды меңгеруі қажет
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет