Ақпараттық білім беру орталығы



бет1/5
Дата22.11.2016
өлшемі3,63 Mb.
#2322
  1   2   3   4   5
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Ақпараттық білім беру орталығы

Ғылыми-библиографиялық бөлім



ӨТКЕННЕН-МҰРАҒАТ,

ӨРКЕНГЕ-ҰЛАҒАТ

Бауыржан Момышұлы



100 жыл

Ұсыныстық библиографиялық тізім



Шымкент 2010



АҒЫ СӨЗ

Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңкты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға.

Балалық шағын Қаратау, Алатау қойнауларында өткізіп, асау заманмен арпалыса жүріп есейген, қоғамның небір сұрапыл, қиян - кескі кезеңдерінде алған бағытынан қайтпастан өз заманының биігіне көтерілген қазақ баласы көзі тірісінде бүкіл Кеңес Одағы мақтан тұтатын және шет елдер танитын аңыз - адамға айналды.

КСРО-лағы ірі әскербасы-маршалдармен бірге, өз қол астындағы мыңдаған қарапайым жауынгерлермен жұп жазбай жүріп Б. Момышұлы 1941 жылдың жазында басталған Ұлы Отан соғысына 1945 жылдың көктеміне дейін үзбей қатысып, Елімізді фашист басқыншыларынан қорғап қалу жолындағы қан майданды қаһармандықпен қақ жарып өтті Қарапайым командирден даңқты қолбасшы тұғырына көтерілді.

Бауыржан Момышұлы соғыстан соңғы жылдарда аса көрнекті жазушы ретінде танылды. Оның қаламынан шыққан әскери және көркем шығармалар, роман-әңгімелер, хикаяттар ел игілігіне айналды.

Халық перзентінің 100 жылдық мерейтойына орай шығарылып отырған бұл ұсыныстық библиографиялық тізімде хас Батырдың тұлғасына көне дүние көмейінен келіп қонған қаһармандық мінез бен оның жайнаған жастық шағы, соғыс алапаты, қан майдан мен Жеңіс туын қолға ұстаған тарихи кезеңдер, соғыстан соңғы өмірі мен Баукең дүниеден өткеннен соң оралған Қазақстанның Тәуелсіздік рухы туралы жазған шығармалары мен Момышұлы туралы жазылған басылымдарының библиографиялық тізімдері берілген.

Ұсыныстық әдебиеттер тізімі кітапханашыларға, группа кураторларына, студенттерге магистрант-аспиранттарға, профессор-оқытушыларға, білім беру саласының қызметкерлеріне арналған.

Ұсыныстық әдебиеттер тізімінің материалдары екі бөлімнен тұрады (қазақ тілінде, орыс тілінде және алфавиттік тәртіппен орналасқан сонымен қатар мекен-жайы (сиглы) және данасы туралы ақпарат берілген.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет