Ақпараттық ЖҮйелердің ТҮрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері



бет1/3
Дата01.07.2022
өлшемі19,52 Kb.
#147227
  1   2   3
Байланысты:
ТЖ1 Арарат.Б
семинар сценариі

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
)
Ақпараттық жүйелер- үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, реттеуге және талдауға арналған құралдар кешені. Ақпараттық жүйелер электронды және электрондық емес болады. Электронды емес ақпараттық жүйелерге:

  • Библиотекадағы каталог;

  • Ауруханадағы регистратура;

  • Кітапхана.

Электронды ақпараттық жүйелерге:

Ақпараттық жүйелер 3 түрі белгілі:

  1. Деректер қоры – үлкен көлемді құрылымданған ақпаратты сақтауға арналған жүйе (шаблон бойынша ендірілетін ақпарат) анықталған типті. Жалпы ДҚБЖ –деп құру, енгізу және ДҚ қолдану процестерін қолдайтын кез-келген программалық өнімді айтуға болады[1,48б]. Деректер қорына келесі ақпараттық жүйелер жатады:

    • Кітапхана каталогы;

    • ауруханадағы регистратура;

    • Ұялы телефондағы жазба кітапшасы;

    • кадрлар бөлімінің деректер қоры.

  2. Білімдер қоры – құрылымданбаған түрлі типті үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған жүйе. Білімдер қорына келесі ақпараттық жүйелер жатады:

    • кітапхана;

    • Интернет желісі.

  3. Ақпараттық аналитикалық жүйе- ақпаратты сақтауға және сақталатын ақпаратты талдауға арналған

Барлық электрондық ақпараттық жүйелер сақталуы бойынша екі классқа бөлінеді:

  1. Файл-сервер технологиясы бойынша жұмыс жасайтын желілік емес ақпараттық жүйелер. Бұл жүйелер жеке тұрған компьютерде компьютерлік желіні қолдануынсыз жұмыс жасайды[2]. (Excel, STATISTICA, SPSS);

  2. Желілік ақпараттық жүйелер клиент-сервер технологиясы бойынша жұмыс жасайды. Бұл жүйе компьютерлік желіге жалғанған компьютерде жұмыс жасайды. (Интернет).

Клиент-сервер технологиясының файл-сервер технологиясынан айырмашылығы ақпаратты сақтау әдісінде, файл-сервер технологиясының маңызы келесіде шектеледі- ол жұмыс жасайтын бір компьютерде сақталады (жергілікті) ақпараттық жүйе және деректер интерфейсінде.

  1. Желі клиенті болып желіге жалғанған қолданушы компьютерлері табылады. Клиенттер серверге шығуды желі арқылы алады. Кейде желі клиенті клиенттік компьютерлер деп аталады.

  2. Желі сервері – желіні басқаратын компьютер. Сервердің барлық ресурстарына желі клиенттеріне қол жетімді, яғни сервердегі кез-келген деректердің өзгеруі желінің барлық клиенттеріне көрініп тұрады.

Клиент-сервер технологиясы бойынша тұрғызылған ақпараттық жүйелерде ақпарат серверде сақталады, ал ақпараттық жүйе интерфейсі клиенттің компьютерінде сақталады ол арқылы ақпараттық жүйе қолданушылары деректерге шыға алады[3, 87б].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет