Ақпараттық ЖҮйелердің ТҮрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері



бет3/3
Дата01.07.2022
өлшемі19,52 Kb.
#147227
1   2   3
Байланысты:
ТЖ1 Арарат.Б
семинар сценариі
Байланыс о бъект і –деректер файлы мен ақапарттық жүйе интерфейсі арасында байланысты ұйымдастыратын программалау тілінің объекті;

  • Ақпараттық жүйе ин терфейс і – аяққы қолданушымен жүйенің әсерлесуін жүзеге асыратын құралдар кешені. Ол клинттің де сервердің де компьютерінде орналасуы мүмкін.

    АЖ клиент-сервер технологиясы бойынша өңдеу бірнеше этаптан тұрады:

    1. Компьютерлік желінің серверіне серверлік ДҚБЖ орналастырылады (Мысалы, Microsoft SQL Server, MySQL, Oracle), ДҚБЖ серверлік бөлігі орналастырылады. Егер web-интерфейс таратылса, онда серверге web-сервер программасы орналастырылады (Мысалы, Apache);

    2. Егер клиенттік қосымша таратылса, онда желінің барлық клиенттік бөлігіне клиенттік бөлік орналасады (бұл қадам міндетті емес және ақпараттық жүйе қолданушылары серверді басқару мүмкіндігіне ие болған жағдайда орындалады);

    3. ДҚБЖ-ның серверлік бөлігі, ДҚБЖ-ның клиенттік бөлігі және web-сервер бапталады;

    4. Деректер құрылымы анықталады (кестелер арасындағы байланыстар мен деректер бағандарының типі), сонымен қатар сұраныстағы бірінші және екінші кестелер анықталады;

    5. Серверде сервер тарапынан орындалатын кестелер мен сұраныстар құрылады. Сұраныс құрудан бұрын кестелер алғашқы деректермен толтырылады. Сақталатын процедуралар мен қолданушы функциялары, диаграммалар және триггерлер құрылады;

    6. Клиенттік қосымшаны қолдану жағдайында бағдарламалау тілдерінің көмегімен байланыс обьектілері құрылады олар кестелерге, сұраныстарға және сақталатын процедураларға жалғанады[4,54б]. Және де оларға серверде орындалатын сұраныстар мен сақталатын процедуралар құрылады.;

    7. Формалар құрылады;

    8. Есептер құрылады;

    9. Жүйе нақты деректермен толтырылады.

    АЖ кестесін құру мен толтыруда үш ережені сақтау қажет:

    1. Кестеде қайталанатын жазбалар болмауы қажет.Ол индекстік баған қоюмен қол жетімді, яғни жазбаларды сорттау;

    2. Кестеде бірдей баған атаулары болмауы керек.;

    3. Кестені толтыруда ереже болмауы керек.

    Бұл ережелерді қанағаттандыратын ақпараттық жүйе нормалданған ақпараттық жүйе не деректер қоры деп аталады.
    Пайдаланылған әдебиеттер:
    1. Базы данных А.Д.Хомоненко, В.М.Цыганков, М.Г.Мальцев Санкт-Петербург КОРОНА принт 2007г.
    2. www.intuit.ru
    2. Delphi 7 Хомоненко А.Д. БХВ-Петербург 2008г.
    3. Базы данных С. В. Глушаков, Д. В. Ломотько АСТ 2002г.
    4. Базы данных. Разработка приложений Л. В. Рудикова БХВ-Петербург 2006г.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет