Ақпараттың саны,ақпарат өлшем бірлігі



Дата10.06.2017
өлшемі9,86 Kb.
#18844

Ақпараттың саны,ақпарат өлшем бірлігі

  • «Компьюшаның» ертегісі.
  • Күз айы. Ауа райы қолайсыз, жел соғып, жаңбыр жауып тұрды. Асан асығып мектепке келсе бірінші сабақ информатика екен. Ол су болған сыртқы киімін шешпестен , информатика кабинетіне жүгіріп кірді. Мұғалімге назар аудармастан компьютерді қосты. Қоңырау дауысын ести салысымен асығыс сумкасынан кітап, қалам , дәптерлерін және мамасы салып берген тоқашын да бірге алып пернетақтаның үстіне қойды. Сабақ ортасында Асанның келесі математика сабағы екені және одан есеп шығармай келгені есіне түсті. Асан тыпыршып, қозғалақтап отыра алмады. Соның салдарынан электр тогына қосылған сымды аяғымен қозғап, компьютерді өшіріп алды.
  • Сұрақтарға жауап беру:
  • Ø Асан қанша кате жіберді ?
  • Ø Неге сырт киіммен кіруге болмайды ? Ø Неге мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды ?
  • Ø Неге пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды ?
  • Ø Неге жалғасып жатқан электр сымдарына жақындауға болмайды ?

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, оны есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Арақашықтықты сатиметрмен, метрмен, километрмен, т.б өлшеу қабылданған. Ал салмақты-граммен және килограммен, т.б өлшейміз. Компьютер электрондық машина. Ол тек электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, копьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударыуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған Мұнда “нөл” мен “бір” бит деп аталады Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады. Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады

  • “Ақпарат” сөзін байтпен есептеді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
  • 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ-ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
  • Ақпарат мәтінінде қанша байт бар?
  • 1 әріп=1 байт
  • Барлығы 7 символ= 7 байт
  • 7 байт x 8=56 бит
  • Ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
  • 1Килобайт (Кб) = 1024 байт
  • 1Мегабайт (Мб) =1024 Кб
  • 1Гегабайт (Гб) =1024 Мб
  • 1Терабайт (Тб) = 1024 Гб
  • Мб көлемге сиятын ақпарат саны:
  • Мәтін беттері 50000
  • Түрлі түсті слайдтар 150
  • Музыкалық фрагмент 10 минут
  • Фильм 15 секунд
  • Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар
  • Пуск-Компьютер батырмаларын таңдаңдар
  • 2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар
  • 3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар
  • 4. Дәптерлеріңе дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады
  • 1 тапсырма
  • Өз фамилияңыздың, атыңыздың және тегіңіздің ақпараттық көлемін табыңыздар
  • 2. «Мектеп кеме, білім теңіз» сөзінің ақпарттық көлемін есептеңіздер
  • С деңгейі
  • Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.
  • Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
  • а) Әріптер
  • в) Мәтіндер
  • с) Сандар
  • д) Нөл мен бірлер
  • 2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
  • а) Бит
  • в) Байт
  • с) 1
  • д) Әріп
  • 3. Бір байт-ол:
  • а) 10 бит
  • в) 16 бит
  • с) 8 бит
  • д) 4 бит
  • 4. Бір символдық мәтін әдетте... кодталады
  • А) 1 битпен
  • В) 1 байтпен
  • С) Әріппен
  • Д) Он битпен
  • 5. 1 Кбайт-ол:
  • А) 100 бит
  • В) 1000 байт
  • С) 1024 байт
  • Д) 1500 байт
  • 6. 1Мбайт-ол:
  • А) 100 Кбайт
  • В) 100 байт
  • С) 1024 Кбайт
  • Д) 1500 Гбайт
  • Үйге тапсырма: 4 тақырып
  • Тапсырмалар: Мәтіндегі ақпарат көлемін санау: Информатика Ақпарат Диск
  • Машина Хабарлама Дыбыс
  • Видео Сан Цифр Есепте: Жылдамдық ескеріледі. 21 Кб = б ------------------- 50 Мб = б ----------------- 310 байт = бит 300МБ = Кб --------------- 2 Кб = Мб ------------------ 4 Гб = Кб 10 Гб = Мб ---------------- 1000 Кб = бит -------------- 50 Мб = бит

Каталог: uploads -> doc -> 1296
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1296 -> Семинарда бағдарламаға сай дүниетану пәнінен «Дала өсімдіктері мен жануарлары»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет