Ақпараттық құзыреттілік



Дата16.10.2023
өлшемі28,6 Kb.
#185753
Байланысты:
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару1


Алгебра 8 сынып
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Ақпараттық құзыреттілік: Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету, әртүрлі қиындықтағы есептерді шығара білу;
Коммуникативтік құзыреттілік: Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру;
Проблемалық құзыреттілік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу, өздігінен жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша жүргізілетін жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ынтымақтастық, ұжымдық оқыту.
Көрнекілігі:

    • Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формулалары;

    • Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелер;

    • «Сөре және мәре» ойынынан керекті анықтамалар, формулалар.

 Пәнаралық байланыс: математика , информатика, казак тілі, әдебиет.
Сабақтың жүру барысы:

    • 1. Ұйымдастыру;

    • 2. Мақсат қою;

    • Мағынаны ашу стратегиясы;

    • Мағынаны ажырату стратегиясы;

    • Кітаппен жұмыс;

    • 3. Сабақты қорытындылау;

    • 4. Үйге тапсырма;

    • Бағалау;

    • Рефлекция.

ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сыныпты 4-4-тен топқа бөлемін,топқа кездейсоқ жағдаймен бөлемін. Топ басшылары сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі.

    • Қызығушылықты ояту” – кроссворд шешеді

Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.


  1. ах 2 +вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)

  2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір

астындағы өрнек? (дискриминант)

  1. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)

  2. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)

Тарихи дерек (Франсуа Виет) туралы ( оқушылар өз ойларымен бөліседі).
МАҒЫНАНЫ АШУ СТРАТЕГИЯСЫ
(жұбыңды тап)
Формулалар мен анықтамалар қиылып таратылады, басы бір топқа, соңы екінші топқа беріледі. Олар құрастырып оқиды.

  1. ах²+вх+с=0; х½=в±√д/2а

  2. х²+рх+q=0 ; х*х = q, х+х =-р


МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ СТРАТЕГИЯСЫ



    • Оқушыларға әр деңгейдегі үлестірме таратылады;

    • 1-ші жеке жұмыс;

    • 2-ші жұптасады;

    • 3-ші топтасады;


Тапсырмаларын бір-біріне түсіндіреді (әр топтан оқушылар есепті тақтада шығарады). 
Тапсырмалар:

1.Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 ее артық,ал екінші бөлменің ұзындығы 7,2 м. Егер пәтердің ауданы 56,7 м² болса, онда бөлмелердің енін табыңдар.


Бөлменің енін х деп белгілейміз
1-ші бөлменің ұзындығы 1,5х
2-ші бөлменің ұзындығы 7,2 х
Ауданы 56,7=1,5х*х
Есептің шарты бойынша теңдеу құрамыз:
1,5х²+7,2х=56,7 н/е 3х²+14,4х-113,4=0
Теңдеуді шешіп
х =4,2
х =-9
Жауабы:_3_рет___ІІ_топ.'>Жауабы: бөлменің ені 4,2 м


Логикалық жаттығулар

(оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту)


І топ. 10 санын төрт тақ санның қосындысы түрінде неше рет жазуға болады?
Шешуі:

  1. 10 = 7 + 1 + 1 + 1;

  2. 10 = 5 + 3 + 1 + 1;

  3. 10 = 3 + 3 + 3 + 1.

Жауабы: 3 рет


ІІ топ. Алғашқы мыңдықтағы тақ сандардың қосындысын табыңыздар.
Шешуі:
1+3+5+...+997+999 =
= (1 + 999) + (3 + 997) + … + (449 + 501) =
= 1000 * 250 = 250000.
(Алғашқы мыңдықтағы тақ сандар 500,
ал олардың жұбы 250)
Жауабы: 250000.
ІІІ топ. Шахмат турниріне жеті адам қатысты. Олар бір-бірімен бір партияда ойнады. Сонда қанша партия ойналды?
Шешуі:
7 * 6 : 2 = 21.
Жауабы: 21.


ІҮ топ. Дүкенге 25 жәшік алманың үш сортын алып келді. Әр жәшікке алманың бір ғана сорты салынған. 9-жәшік бірдей сортты алма табуға бола ма?
Шешуі:
Болады, себебі 3 сорт
алма 25 жәшік. Ең
болмағанда бір сорт 9
жәшік болады:
8 + 8 + 9 = 25.
Жауабы: болады.
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
1.Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
x2 – 1001х + 1000 =0
Жауабы: х1 = 1000, х2 = 1
2.Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
x2 – 1001х + 1000 =0
Жауабы: х1 = 1000, х2 = 1
3.Жігіт бір сырлы , сегіз қырлы.
x2 – 9х + 8 =0
Жауабы: х1 = 1, х2 = 8
4.Жігіт бір сырлы , сегіз қырлы.
x2 – 9х + 8 =0
Жауабы: х1 = 1, х2 = 8
5.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім ал.
x2 – 14х + 49 =0


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА № 160, 162


БАҒАЛАУ
Топ басшылары өздерінің білімдерін бағалайды
РЕФЛЕКЦИЯ

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет