Апталық тақырыбы : «Математика- ғылымдар патшасы»



бет1/4
Дата17.06.2018
өлшемі247 Kb.
  1   2   3   4
14.0414 ж

Апталық тақырыбы : «Математика- ғылымдар патшасы»

Мақсаты: Оқушыларды математика саласындағы жаңалықтармен таныстыра отырып, математиканың адам өміріндегі рөлін ұғындырып , оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.

Оқушылардың логикалық ойын дамыту,қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі :цитаталар, ребус, крассвордтар

Апталық бағдарламасы

І-күн .Кіріспе « Математиканың адам өміріндегі рөлі»

ІІ-күн.Математикалық фокустар мен ойындар

ІІІ-күн.Математика пәніне ену (1-4 класс)

(ашық сабақтар өткізу)

ІҮ-күн.Логикалық тапсырмалар,магиялық шаршы құрастыру.

Ү-күн. ребус, крассвордтар шешу.

ҮІ-күн .Қорытындылау.Марапаттар.

І-күн .Кіріспе « Математиканың адам өміріндегі рөлі»

Математика грек тілінен қазақшаға аударғанда «білім, ғылым» деген мағынаны білдіреді.

Грек ғалымы математикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалаушы б.э.д. 569-475 ж. өмір сүрген Пифагор « Сандар дегеніміз — барлығы » деген екен, «Сан-математика ғылымының іргетасы» деп Орынбек Жәутіков айтқан, яғни математиканың тілі ол сандар. Бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік,сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз, сондықтан, сандарды ойлап табу қажет болды. Аса үлы математик болып саналатын Карл Гаусс үш жасар кезінде әкесінің есептеулерін түзеткен «Арифметика-құдайдың туындысы» деген ол оқушы кезінде-ақ тізбекті сандарды тез қосудың бірегей тәсілін ашқан. Адамдар санай бастаған кезде, сірә санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болу керек. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, олармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған. Сен бірдеңені санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан есептен жаңылмайсың. Саусақтарыңа қарап, оларды атамастан көз алдыңа елестете аласың, саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне заманнан бері бар. «diqit» - «сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді. Қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, көбейту үшін де пайдалануға болады. Мысалы 9-ға көбейтуге қолдансақ. Қолдарыңды алдыңа қой да, сол жақтан қарай санай баста. Қайсыбір санды тоғызға көбейту үшін тиісті саусағынды бүк. 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағынды бүк. Енді сол жақтан алты саусақ және оң жақта үш саусақ қалды. Демек жауабы 63



Адамдар математиканы тек есептеу үшін ғана емес, жер өлшеу үшін, ғимараттар салу үшін, уақытты өлшеу үшін пайдаланған..Рим империясы үстемдік құрып тұрған кезде рим сандары бүкіл Европаға тарады. Римдіктер ондықтармен санаған және әріптерді сан ретінде пайдаланған. Біз осы уақытқа дейін рим сандарын сағаттардан, параграфтарды нөмірлеу үшін қойылатын кітаптардан көреміз.Көне замандарда арифметикалық амалдарды орындаудың еңозық тәсілі шоттарды / абактарды/ пайдалану болды. Бірақ осыдан 1500 жылдай бұрын үнділер санаудың орналасу жүйесі — сандардың жазылу тәсілін ойлап тапты. Онда символдар шоттағы қатарларға сәйкес келді. Арифметиалық амалдарды орындау шоттың көмегін қажет етпеді, сандарды жәй жаза береді. Бірақ бос қатарлар үшін таңба қажет болды, сондықтан үнділер нөлді ойлап тапты. Бүл асқан даналық еді. Жаңа сандар Азиядан Европаға тарады, біз оларды күні бүгінге дейін пайдаланамыз. Біртіндеп біз пайдаланып жүрген қазіргі заманғы сандарға айналды.Математиканың басқа ғылымдармен байланысын атап айту керек. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығында дау жоқ. Ал тарихпен қандай байланысы бар? Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек. Географиямен байланысына келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады. Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске түсіре алады. Бейнелеу өнерінде де математиканың бар екенін көруге болады. Леонардо да Винчи Ф санын «Алтын қима» деп атады және осы санды ол өзінің суреттерін салғанда пайдаланды. Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы қолданған. Ежелгі Грекия сәулетшілері Афиныдағы Парфенолды тұрғызу кезінде алтын тік төрт бұрыштарды пайдаланған.
Шынында да математика өздігінен математикалық қүндылықтарды туғызбайды, ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ оның қүнды пікірлері мен әдістерін үқыпты қолдану арқылы материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін анықтауға оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіндік береді.Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі, әр түрлі бағыттағы математикалык әдістерді қолданбаса ғылыми-прогрестің болуы мүмкін емес.
«Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал.
Біздің ата-бабаларымыз өлшеу құралдарынсыз да өздері де есептей білген.Мысалы :ұзындықты қарыстап,сүйемдеп,адымдап ,білемдеп,құлаштап өлшеген.Заттарды уыспен,қадақпен,дорбамен өлшеген.Енді балалар ,мен сендерге қазақтың байырғы есептерінен мысалдар келтірейін,соны бәріміз шешіп көрейік.

Байырғы есептер:

  1. Екі қыстақтың арасы10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға

жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа
неше күнде  жетеді?                (9 күнде)

2.Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттың – деді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, – деді

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, – дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.

-  Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, – дейді мұнайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық?               ( 4, 8 18 )

3.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады.

(Бір пұт)

Біз қазір математика ғылымының жетілген кезеңінде өмір сүріп жатырмыз.Сендер де математиканы сүйіп,математиканың биік шыңына шығуларыңа тілектеспін.



ІІ-күн. Математикалық фокустар мен ойындар.

Барысы: Ұйымдастыру

Кештің жоспарымен таныстыру



Жоспар :

ІІ. Математикалық фокустар мен ойындар.

1.Ойлаған санды табу

2. Туған күнді табу

3. «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)

1. Ойлаған санды табу.

А)- Екі таңбалы сан ойла;

- оны екіге көбейт;

-көбейтіндіге 4 санын қос;

- қосындыны 4ке көбейт;

- көбейтіндіден 16ны шегер;

- шыққан нәтижені ойлаған саныңа бөл.

Жүргізуші ойынға қатысушылардың бәрініңде нәтижесі 8ге тең болатынын айтады.

Ә)-екі таңбалы сан ойла;

- оны 5ке арттыр;

- қосындыны 3 есе арттыр;

- нәтижеден 15ті шегер;

- жауабын айтыңыз.

Жауабы: Шыққан нәтижені 3ке бөлеміз.



2. Туған күнді табу.

- туған жылыңның соңғы екі цифрын 20000ға көбейт;

- туған айыңды 200ге көбейт;

- туған күніңді 2ге көбейт;

- көбетінділердің нәтижелерін қосып, шыққан нәтижені айт.

Жауабы: шыққан нәтижені 2ге бөл. Алған жауабыңның алдыңғы 2 цифры туған жылдың соңғы 2 цифрын береді, ортасындағы 2 цифр туған айды көрсетеді, соңғы 2 цифр туған күнді береді.



Математикалық ойын. «Жүзді кім бірінші айтады».

Екі оқушы 10 санынан кіші сандарды кезектесіп айтып қосып отырады. Кім бірінші 100ге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді. Мысалы: біріншісі 7 десе, екіншісі 9 дейді. Қосындысы 16ға тең. Қайтадан біріншісі 5 дейді қосынды 21ге тең, екіншісі 8 десе қосынды 29ға тең болады. Ойынды осылай жалғастырып кім бірінші жүзге жетсе, сол оқушы жеңіске жетеді.



3. Қызықты есептер «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)
1 топ:
Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек.
(домбыра)
Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)

12 бұтағы бар алып емен.


52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7- ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген.           

  (Жыл , 12 ай, 52 апта, 7 күн)

8.  Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. Ол не?                         

(0 мен 9 арасындағы сандар)


Аяғы біреу, қолы жоқ,


Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)
Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз) .
ІІ-топ: 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
2. Алды – артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менең кесінді,
Шыққан тегім білсе де. (түзу)
3. Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат,
Оның аты....... /сағат/
4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,
демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.
Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,
Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/
Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)

ҮІІ.Қорытынды.


Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.
Кеш қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге,
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін береміз.
ІҮ-күн.Логикалық тапсырмалар,магиялық шаршы құрастыру.

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Кештің жоспарымен таныстыру

Жоспар :

1. Логикалық тапсырмалар

2. Магиялық шаршы құрастыру.

1. Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр. әрбір мысық алдында 3 мысық. Бөлмеде қанша мысық бар?                     (4 мысық)

  2.Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ  қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз?          (Сірінкені)

3.  Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі?            (Барлық айда)

4.  5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.



(Төрт алманың әр қайсысың беске бөлу керек)

5. №1, №2, №3 пәтерлерде 3 мысық тұрады. Олар ақ, қара, ала мысық. №1, №2 пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Ақ мысық №1 пәтерінде тұрмайды. Әр мысық қай пәтерде тұрады?


Жауабы:

3 пәтерде-қара мысық


№2 пәтерде-ақ мысық
№1 пәтерде-ала мысық

6. Бір топтағы туристердің 10 –ы қазақ тілін, 8-і орыс тілін біледі. Олардың 3-уі орыс тілін де, қазақ тілін де біледі. Топта қанша турист бар? (15 турист) 10+8 =18

18-3 =15

7.Сыныптағы 15 оқушы көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде 9 оқушы домбра тартады, 10 оқушы өлең айтады. Неше оқушы өлең де айтады, домбыра да тартады?


Жауабы: 15 барлық оқушы
10+9=19
19-15=4 домбыра да, өлең де айтады

8. Алты сақинаны табақты таразыға 2 рет тарту арқылы жалған сақинаны анықта.

9. Елуді екіден бірге бөліп, алтыны қосқандағы нәтижесі қандай?

жүз алты

10. . Сыйымдылығы 5л және 7л екі ыдыстың көмегімен краннан қалай 6 л су алуға болады.

Жауабы: 5л ыдыспен су алып 7л ыдысқа құямыз.тағы да 5л су алып 7л ыдысқа құямыз.3л су5л ыдыста қалып қояды.7л ыдыстағы суды төгіп тастаймыз.Жаңағы3л суды соған құямыз.Тағы 5л ыдыспен су аламыз.

2. Магиялық шаршы құрастыру.

Магиялық шаршы туралы алғашқы мәліметтер біздің заманымызға дейінгі әдебиеттерде кездеседі. Ертедегі магиялық шаршылардың түрлері қазіргі кезде мынадай түрде беріледі.

4

9

2

3

5

7

8

1

6

Магиялық шаршының негізгі қасиеті әр бағандағы, әрбір жолдағы және диагональдар бойымен орналасқан сандардың қосындысы бірдей болуы керек. Берілген магиялық шаршыда 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарының қосындысы баған, жол және диагональдар бойымен 15ке тең.

Тапсырма: 2,4,6,8,10,12,14,16,18 сандарын пайдаланып, барлық бағыттағы қосындылардың мәні 30ға тең болатындай етіп магиялық шаршы құрастыру. Жауабы:



8

18

4

6

10

14

16

2

12


Ой сергіту. «

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет