Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясыныњ


Медициналық протозоология



бет2/30
Дата07.02.2022
өлшемі302 Kb.
#88099
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Протозология
umkd akparatt k zhuieler negizderi 2022
Медициналық протозоология – қарапайымдылар тудыратын ауруларды зерттейтін ілім.

  • Медициналық гельминтология – ауру тудыратын жалпақ және жұмыр құрттар типі өкілдеріне жататын гельминттерді зерттейтін ілім.

  • Медициналық арахноэнтомология – буынаяқтылар типіөкілдерінің қоздырғыштарды тасымалдаушыларын зерттейтін ілім.

    Медициналық паразитологияның негізгі мақсаты – паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.
    Табиғатта паразит түрлері көп, олар – нағыз, жалған, уақытша және тұрақты деп бөлінеді.
    Нағыз паразиттер иесінің денесімен едәуір уақыт бойы байланысқан, паразиттік тіршілік ету тарихы қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады.
    Жалған паразиттер еркін тіршілік ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзады.
    Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді.
    Тұрақты паразиттер – салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір – ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезеңдерінде еркін тіршілік етеді.
    Шартты тұрақты паразиттер - өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді, олар еркін, яғни иесінің денесінен тыс, тіршілік ете алмайды.
    Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі.
    Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар – кенелер жатады.
    Эндопаразиттер – иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етеді.
    Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз – паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.
    Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
    Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.
    Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі), кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.
    Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.
    Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді (безгек масасы).
    Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер жабысып таралуы мүмкін.
    Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады.
    Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың ауруларын инфекциялық (жұқпалы ауру, індет) және инвазиялық (паразиттік) аурулар деп боледі.
    Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың — бактериялар, спирохеттер, вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады.
    Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар (протозооноздар), гельминттер (гельминтоздар), насекомдар әсерінен пайда болады.
    Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік аурулар деп атайды.Оларға инфекциялық және инвазиялық аурулар жатады.
    Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай төмендегідей трансмиссивтік ауруларды ажыратады:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет