Қарағанды 2010 Әож 615. 471/472 кбж 54. 5Я7 а 44 рецензенттер: О. Б. Оспанов №3 хирургиялық кафедрасының профессорі Қмбф ақ «муа», «Ұлттық ғылыми медициналық орталық»


Алғашқы хирургиялық өңдеуге (АХӨ) көрсеткіштер



бет9/19
Дата24.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#166223
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
А Е Алибеков ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР@kaz medical students

2.2 Алғашқы хирургиялық өңдеуге (АХӨ) көрсеткіштер:
- жұмсақ тіндердің езілуі, жыртылуы, кең көлемде зақымдалуы және көп мөлшерде ластануы
- ірі тамырлар, жүйкелер, сүйектер зақымдалған барлық жарақаттар
АХӨ 24- 48 сағат ішінде жасалады және мүмкіндігінше біркезеңді және тиімді болуы керек. АХӨ жара маңындағы теріні жуудан, сол емдеу мекемесінде қолданылатын әдіс бойынша операциялық аймақты өңдеуден тұрады. АХӨ премедикациялау, жалпы немесе жергілікті жансыздандырудан басталады.
Қарсы көрсеткіштер:



2.3 Лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы



13- сурет. Лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы:
1-Госсе бойынша рейка тәрізді жара кеңейткіш, 2- Коллин жара кеңейткіші, 3- Кохер бойынша хирургиялық жара кеңейткіш (айна), 4- Реверден шпателі

Құрсақ қуысында қандай да бір операция жасау үшін құрсақты кесу немесе лапаротомия жасайды.


Көрсеткіштері:
Құрсақ қуысының және құрсақ арты кеңістігінің жедел және созылмалы ауруларында, жарақатында және зақымдалуларында, кейде диагностикалық мақсатта қолданады.
Кеңейтілген жалпы жиынтық қолданылады – жалпы жиынтық Госсенің және Микуличтің жара кеңейткішімен, Рудың құрсақтық айнасымен және ертоқым тәрізді, бауырлық және бүйректік айнасымен толықтырылады.
Сонымен қоса, қан тоқтатқыш қысқыштар Микулич, Федоров қысқыштарымен, терезелі, бауыр- бүйректік, лигатуралық диссектормен және Дешан инесімен толықтырады.



2.4 Аппендэктомия және жарық кесуге арналған құралдар жиынтығы
Құрт тәрізді өсіндіні алып тастау үшін және жарықты жою үшін жасалатын операция.
Көрсеткіштер:
Жедел аппендицит ұстамасы, жарықтың қысылып қалуы. Операция ауру басталған уақыттың бірінші сағатында жедел түрде жасалуы қажет. Қысылмаған жарықта–«суық» кезеңінде науқасты толық тексеріп барып жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет