Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет6/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Қысқартулар
1. БОАК – Бүкілодақтық орталық атқарушы комитет
2. ҚГАС (ЖО) – Қазақстан географиялық атауларының сөздігі (Жезқазған 
облысы)
3. ҚазОАҚ – Қазақстан Орталық Атқару комитеті
4. ҚазКСР – Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы
5. қп. – қайырма парақ
6. ҚТҚЭС – Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі
7. ҚТС – Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі
8. ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі
9. МКЗП – Материалы по киргизскому землепользованию 
10. п. – парақ
11. поскеңес – поселкелік кеңес
12. РКФСР – Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы 
13. САТДК – Справочник административно-территориального деления
Казахстана
14. с. – село
15. селкеңес – селолық кеңес
16. уч. – участок 


16
Ортағасырдағы этнотопонимдер
Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқанда, өз 
айналасындағы қоршаған ортаға атау бере бастайды. Олар белгілеген әрбір 
атау белгілі бір мағынаға ие болады. 
Ортағасырлық араб деректерінен Ұлытау өңірі туралы қызғылықты 
мәліметтерді кездестіруге болады. Оның ішінде, әл-Идрисидің «Нузхат-
ал-Муштак фи ихтирак ал-Афак» атты географиялық еңбегінің 5 климат 
бойынша 8 бөліміндегі мағлұматтар Ә.Х. Марғұланның пайымдауынша 
Ұлытау өңірімен, Торғай өзені бойы және Сарысу өзенінің төменгі ағысымен 
байланысты болса керек.
12
ІХ-Х ғасырларда араб географиясы жоғарғы деңгейге көтерілгені мәлім. 
Арабтар мемлекеттердің, жолдардың сипаттамасын жасайды және ІХ ғасырда 
оларға Орта Азиядағы, Қазақстандағы қалалар мен жерлер белгілі болған. 
Бұған дәлел ретінде әл-Идрисидің мәліметтерін келтіруге болады: «олардың 
елінде ерекше суық, ол елдердің халықтары егіндерін піспей жинап, шатыр 
астында түтінге кептіреді».
13
Бұл мәліметтер Арал теңізінен солтүстікте жатқан 
елдер мен халықтарға қатысты айтылғанын ескерсек, солтүстікте орналасқан 
Ұлытау өңірін де осы сипаттамаларға кіреді деп есептеуге болады. Осы пікірді 
негізге алып, әл-Идрисидің мәліметтеріндегі Ұлытау өңіріне қатысты өзен-
тауларды қазіргі топонимдермен байланыстыруға болады.
Ұлытау өңіріне байланысты әл-Идрисидің сипаттамасындағы басты 
өзен Руза болып табылады. Бұл өзен туралы әл-Идриси былай деп жазады: 
«Бұл таулар шығыстан, гуздар елінен, Аскарун деп аталатын таудан ағып 
келетін үлкен өзеннің жағасында орналасқан; бұл өзен Руза деп аталады. Бұл 
үлкен өзен, одан қайықтармен өтеді және онымен көлден Хиам қаласына 
барады. Хиам қаласынан төменірек оған солтүстіктен, үлкен таулардан 
ағып келетін үлкен өзен құяды».
14
К.Миллер Руза өзенін Сарысу өзені деп 
жорамалдайды. Шынында да, Сарысу өзені шығыста орналасқан Бұғылы 
тауларынан бастауын алып, Кеңгір өзеніне құйғанға дейін батысқа қарай 
ағады. Одан әрі ол бағытын өзгертіп, оңтүстікке қарай ағады да Телікөлге 
құяды. Бұл сипаттамаға солтүстіктен Арғанаты тауларынан бастау алатын 
Кеңгір өзенінің де қосылуы дәлме-дәл келеді. Әл-Идриси бойынша Хиам 
қаласынан төменірек құятын өзен Магра деп аталады. Өзеннің әл-Идрисидегі 
сипаттамасы келесідей: «Хиам қаласынан төменірек солтүстікте басджирт елін 
гуздар елінен бөліп тұратын үлкен таулардан ағып келетін үлкен өзен құяды. 
12
Аршабеков Т.Т., Жұмабеков Ж.А., Төлеуов Т.С. Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері. 
Қарағанды: Гласир, 2007. – 250 б
13
Материалы по истории туркмен и Туркмении. б.221
14
Сонда, б.221


17
Бұл таулар Мургар деп аталады. Ал өзен Магра деп аталады, өзен тасығанда 
көп табиғи алтын шығады, оның түбінен Хорасанға апарылатын лазурь тасы 
алынады. Өзеннің жағасында биік шыңы бар тау бар, одан мыңдаған бұлақтар 
ағып шығып, бәрі Магра өзеніне құяды».
15
Магра өзенін Кеңгір деп алатын 
болсақ, алдында айтқандай ол өз бастауларын Арғанаты тауларынан алады, 
яғни басджирт пен гуз елін бөліп тұрған тау осы болады. Биік шыңы бар тауы 
Кеңгір өзенінің батысында орналасқан Ұлытау болуы керек. Бұл тау туралы 
келесідей мәліметтер берілген: «Бұл өзеннің жағасында биік шыңды тау бар, 
одан мыңдаған бұлақтар бастау алып Магра өзеніне құяды. Оның шыңында 
қамал тәріздес 2 қала орналасқан; біреуінің аты Нуджах, екіншісі Бадагах, 
екеуінің арасы күншілік жер. Аралығында батысқа қарай ағатын және көлемі 
50 миль болатын батпаққа құятын үлкен өзен ағады. Ол жерде шұрайлы 
жайылымдар көп, түріктер онда қысы-жазы тұрады. Бұл батпақ пен Хорезм 
теңізі аралығы 6 күн жол, ол теңізден солтүстікте»
16
. Батысқа қарай ағатын 
өзенді Торғай өзенімен байланыстыруға келеді, ал үлкен батпақты бүгінгі күні 
Шалқар-теңіз соры деуге болады. Хорезм теңізі деп әл-Идриси Арал теңізін 
атайтын ескерсек, аталмыш сор одан солтүстікке қарай 200 шақырым жерде 
орналасқан. 
Ал, Ұлытаудан ең ірісі Жезді болып, біршама өзендер бастауын алып, 
Кеңгірге құятыны да белгілі. Кеңгір өзенінің бойында қазба байлықтарының 
мол екендігі археологиялық деректермен де, қазіргі кездегі геологиялық 
зерттеулермен де дәлелденіп отыр.
Әл-Идрисидің жазып кеткендеріне күдік келтіретін тағы бip нәрсе – Гамаш 
өзені бойына (Б.Е.Көмековтың айтуынша Epтic) орналасқан Астур қаласы 
күріш егеді деген пікірі. Қимақияның сол дәуірдегі аумағында күріштің өcyi 
мүмкін емес. Саяхатшы өз мәліметінде Қимақияны аралаған бip саудагерден 
естіп, Орта Азия қалаларына ұқсатып, сипаттап шыққан тәрізді. Өз көзімен 
көріп, өз құлағымен естіген адам қалалардың аттарын мұнша бұрмалап 
жазбас еді. Қала аттарының кейбіреуi ғана түркілік сұлбасын сақтаған, ал 
көбін талдауға тәуекел ету қиын. Мәселен, Хақан қаласы «Хақан тұратын 
қала, астана» екені белгілі; 
Сараус
Сарысу өзені бойындағы қала болуы 
мүмкін. Қимақ еліне баратын бip жолды саяхатшы Гардизидің мәліметінен 
табамыз: Янгикент – Ұйықман (Арал маңындағы құмды өлке) – Сокук өзені 
(Торғай не Сарысу) – Кендіртағ (Ұлытау) – Асус (Есіл өзені) – Epтіс.
17
Географиялық атауларды зерттеуге картографиялық әдістің дендеп 
енуі қалай болса солай жүрмей, бірізді болу үшін, Е.М. Поспелов 1971 
жылы «Топонимика және картография» атты еңбегін жазды. Мұнда жер-
15
МИТТ, б.221
16
Сонда, б.221
17
Ал Идриси. Сурат ал-Ард, Багдад, 1951. – 151 с.


18
су аттарын зерттеуде картографиялық әдістің алатын орнын көрсетіп, 
оның топонимикамен ажырамас бірлікте болатынын дәлелдеп берді [9].
Топонимикада бұл әдісті пайдалану тиімді екені уақыт өткен сайын айқын 
көріне бастады. Топонимдердің, оның ішінде гидронимдер, оронимдер т.б., 
таралу аймағын айқындауда, жер бетінің бедерін атауға қарап ажыратуға, әр 
түрлі географиялық терминдердің, форманттардың шым-шытырық іздерін 
табуда картаға түсіру, картамен жұмыс істеу өзін-өзі ақтады.
Ономастиканың, антропоним, космоним сияқты басқа салаларына да 
изоголостық зерттеу әдістері кеңінен қолданыла бастады. Топонимика қазіргі 
кезде дербес ғылым саласы ретінде қалыптасып қалғанымен, ол әуел бастан 
тіл білімі, тарих және география ғылымдарына тәуелді болып келеді. Жер-су 
аттары осы аталған ғылымдар кешенінің нысаны бола алады. Ареалдық әдіс 
топонимиканы географиямен тығыз қарым- қатынасқа түсіріп, атау мен нақты 
түрде бірге қарауға мумкіндік берді
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының пайда болу дәуірі VI-XII 
ғасырларға жатады және де эпикалық шығарманың ономастикалық атаулары 
бойынша дерек құрамына 75 географиялық атау, соның ішінде 32 гидроним, 
22 ороним, 21 ойконим, және 50 антропоним кіргендіктен ерекше тарихи 
құндылыққа ие. Поэмада кездесетін көптеген топонимдерді қазіргі кезде 
де кездестіруге болатынын ескерсек, топонимдердің қалыптасу тамыры 
Қазақстан аумағында байырғы өз жерінде қалыптасқаны туралы нақты айтуға 
болады. Дастанда келесі топонимдер көрсетілген, соның ішінде төмендегідей 
танымал гидронимдер де бар: Есіл, Нұра, Сарысу, Балқаш, Жәмшіг Маржанкөл 
т.б. Тілдердің қыпшақ тобының ажырамас бөлігі болып табылатын қазақ 
тілінің дамуы және қыпшақтардың жазбаша әдеби тілінің қалыптасуы болу 
кезеңі болып табылады. 
Оғыздар мен қыпшақтар арасындағы туыстық қатынасы туралы, 
қыпшақтардың шығуы жайлы сақталған көптеген деректердегі аңыздар мен 
эпикалық жырларға сүйену қажет. Моңғолдардың тарихшысы лейб дәрігер 
Фазлаллах Рашид ад-Дин «Джами ат-таварих» еңбегінде айтуы бойынша, 
қыпшақтардың генеалогиялық тарихы негізі оғыздармен байланысты.
Топографиялық орналасуы бойынша – Сарысу, Кеңгір, Жезді, Торғай, 
Нұра өзендерінің бойында орналасқан. Бұлай орналасуында да өзіндік 
бір ерекшелік бар еді. Ол, біріншіден өзен аңғары, судың жағасы болса, 
екіншіден, ежелгі меридианды көшіп-қону жолдарымен қыстаулардан 
жайлауға көшу жолдарында кездеседі. Тағы бір айта кететін мәселе, бұл сауда 
жолдары болатын. Көне дәуірлерден-ақ батыс пен шығысты жалғастырып
байланыстырып жатқан «Жібек жолы» Түркістан, Сығанақ қалаларынан бір 
жол Сарысу, Кеңгір, Нұра өңірлеріне әкелсе, келесі бір жол Оңтүстік Оралға 
апарады.


19
Х-ХІІІ ғасырлардағы қимақ-қыпшақ қалалары туралы араб жазушылары, 
географтары Ибн-әл-Варди, Ибн-Йиаса, Ибн-Сайд жазған.
18
Батыс және 
Орталық Қазақстанның қалалары жайында ХІV-ХV ғғ. Итальян карталары 
қызықты мәлімет береді. Атап айтатын болсақ, мысалы, 1315 ж. Пицигани 
(1367 ж.) және Фра-Маурлардың (1459 ж.) құрастырған Каталондық 
дүниежүзі картасы. Бұл карталар Дешті-Қыпшақпен, Орта Азиямен және 
Шығыс Түркістанмен сауда жүргізген итальяндық саудагерлер үшін 
жасалған. Карталарда ХІІІ-ХІV ғғ. Жайық өзеніндегі, Солтүстік Каспийдегі, 
Сырдариядағы, Орталық Қазақстандағы, Жетісудағы тұрақтар мен қалалар 
және Торғайдың орта ағысындағы Қаңлы Кент қаласы, Нұраның төменгі 
ағысындағы Ақсикент қаласы көрсетілген. 
Карталарда көрсетілген қалалардың болғандығын Плано Карпини және 
Рубрук өз жазбаларында дәлелдейді. Плано Карпини басты назарын Ертістегі 
және Алакөлдегі қалаларға аударған. Ол: «Татарлар тек бір қала Омылды 
(Эмиль) салған. Император (Гуюк) осы қалада үй салып, бізді дәмге шақырды. 
Бұл жерде Батыйдан үлкен Орда (Ежен) тұрады. Қалада оның әкесінің (Жошы) 
18
Кумеков Б. Е. Государство кимаков IX–XI вв. по арабским источникам. б. 98–108.


20
үйі бар, бұл үйде оның әйелдерінің бірі тұрады»- деп жазған.
19
Жошының кіші 
әйелінің тамы Кеңгірде орналасып Келінтам
 
деп аталды. Тұрақтан солтүстік 
шығысқа қарай 30 км. жерде Жошы хан мавзолейі бар. Мавзолейдің жоғарғы 
бөлігі мүйізі бар бас сияқты жасалған. Күйдірілген кірпіштен жасалған 
қорғанның ішкі диаметрі 34 см. Плитаның үстіне биіктігі 30 см-лік бірінің 
ішіне–бірге орналастырылған 2 құмыра бар. Екінші құмыраның бүйірлерінде 
бұқа мүйізі бекітілген. Бұқа ХІІІ ғ. 1-жартысындағы түрік-моңғолдардың 
тотемі болған. Ғасырлар бойы бұқа күштің, биліктің, мәртебенің белгісі 
болған. Қазақтардың астрономиялық аңызы бойынша жер бұқаның арқасында 
тұр.
Түрлі дерек көздері Дешті-Қыпшақ жерінде бай мәдени тұрақтар 
болғанын мәлімдейді. Хафыз Тыныш осындай тұрақтарға Бесағаш, Болған 
Ана; Талмас Ата, Жетім қорған, Мыңбұлақ, Үшқоңыр, Белен ана, Сарайлы, 
Торайлы, Басқамыр және т.б. жатқызса, Шарафеддин Әли Язды Орда-
Базар, Сегізағаш, Ұлытаг, Кертаг, Ақ зират тұрақтарын атаған. Осының бәрі 
қыпшақттарда жартылай отырықшы мал шаруашылығы және өзен аңғарлары 
мен жазираларында суармалы жер шаруашылығы дамығандығын дәлелдейді. 
Бұны Плано Карпини мен Рубрук жазбаларынан да көруге болады. 
Қыпшақтардың отырықшы және жартылай отырықшы тұрмысымен 
«қорық», «конг» терминдері байланысты. Қорық әуелде жан-жағы қабырғамен 
қоршалған хан жайлауы болды. Бұл мағынасындағы қорық сөзі үйсіндер 
мен түрік қаһандарына тән. «Конг» – өте көне термин. Ол географиялық 
атау ретінде (Жақсы көң, Жаман көң өзендері) тарихта сақталып қалды.
М.Қашқари бойынша қыпшақтардың тұрақтары көлеміне қарай әр түрлі 
аталды: шағын ауыл-қыстақ, қыстау, бекініс, қала типті мекен кент т.с.с. 
Орталық Қазақстанда ерте қыпшақ (VII-IХ ғғ.), моңғол кезеңіне дейінгі (Х-ХІІ 
ғғ.) және моңғол кезеңіндегі (ХІІІ-ХVғғ.) ескерткіштері сақталған. Жошының 
үлкен ұлы, әрі Ақ орданың негізін қалаушы Орда-Еженнің 3 ордасы болған: 1) 
Шыңыс хан жотасындағы Орда; 2) Ұлытау ауданындағы Кеңгір өзені Жошы 
мавзолейі жанындағы ордасы; 3) Қаялықтан 7 күндік жердегі Ала-қашаң 
ордасы. Қалалардың көптеп салынуы кейінгі қыпшақ кезеңінде байқалады. 
Осы кезеңнің қалашықтары мен археологиялық ескерткіштері Орталық 
Қазақстанда сақталған. Олардың ішіндегі ірілері: Алаша хан, Басқамыр, 
Аяққамыр, Сарайлы, Торайлы, Топырақ қорған, Айбас дарасы, Домбағұл және 
т.б. Масғұд ибн Османи Сарысу және Ұлытаудағы Сығанаққа бағынышты 
бірқатар қалалар мен бекіністерді атайды. Масғұд Сарыарқадағы ең маңызды 
қала Дешті Қыпшақтың астанасы Орда-Базар болды дейді. 1429 ж. Ақ Орда 
ханы Барақ өлген соң оны Әбілқайыр басып алып ақша соқтырған Орда Базар 
Сығанақтан кейінгі екінші саяси орталық болған. 
19
Путешествие и восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. -Алматы, 1993.


21
Кеңгір және Сарысу өзендерінің бассейнінен, Ұлытау және Жезқазған 
аудандарынан табылған ортағасырлық қалашықтар – отырықшы мәдениеттің, 
суармалы жер шаруашылығының дамығандығының дәлелі. Тұрақтар негізінен 
тастан, саз балшықтан тұрғызылған. Отырықшы мәдениеттің сақталып қалған 
іздерінің ең елеулісі Ұлытау ауданындағы Арғанаты тауындағы Домбағұл 
қалашығы. Бұл қалашық орта ғасырлық Орда-Базар қаласынан үлкен. Орда-
Базарда 30 жыл Дешті-Қыпшақ ханы Әбілқайыр өз теңгелерін соқты. Тағы 
бір құнды мәлімет беретін тарихи орын Ұлытаудың солтүстік бөктеріндегі 
Қаратал өзенінің жағалауындағы Алаша хан қалашығының орны. Сонымен 
қатар мықты қорғантас мұнаралары болған Нөгербек дарасы және Басқамыр 
бекіністерін, Жезді өзеннің жағалауындағы Аяққамыр мавзолейінің 
жанындағы қалашықты, Жошы хан кесенесі маңындағы бекініс орнын айтуға 
болады. Бұл елді мекендер Орталық Қазақстанда пайда болған, ал осы жерді 
мекендеген қыпшақтар, қаңлылар және ХV- ХVIII ғғ. қазақтар үшін жартылай 
мал шаруашылығы, суармалы жер шаруашылығы тән. С.П.Толстов «Орта 
Азиялық қалаларды қалыптастыруда көшпелілер зор үлес қосты және екі 
шаруашылықтың ұштасуы қала мәдениетінің пайда болуына әкелді», –дейді.
20
Орталық Қазақстанның орта ғасырлық тарихы бойынша археологиялық 
деректер – қоныс, бекіністер, қалашықтар. Қазақ тарихының ортағасырлары 
сонау түркілер дәуірінен бастап, қимақ, Дешті-Қыпшақ мемлекеті, одан кейінгі 
моңғол шапқыншылығын басынан кешірген, қазақ хандығы құрылған дәуірді 
қамтып, жалпы алғанда ХVIII ғасырлармен тәмамдалады. Ортағасырлық 
Қазақстанның осы аралықтарындағы өзіндік тұрмыс-тіршілігі бар рулардың 
қоныс-бекіністері қалаларына ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап 
археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді.
Топографиялық орналасуы бойынша – Сарысу, Кеңгір, Жезді, Торғай, 
Нұра өзендерінің бойында орналасқан. Бұлай орналасуында да өзіндік 
бір ерекшелік бар еді. Ол, біріншіден өзен аңғары, судың жағасы болса, 
екіншіден, ежелгі меридианды көшіп-қону жолдарымен қыстаулардан 
жайлауға көшу жолдарында кездеседі. Тағы бір айта кететін мәселе, бұл сауда 
жолдары болатын. Көне дәуірлерден-ақ батыс пен шығысты жалғастырып, 
байланыстырып жатқан «Жібек жолы» Түркістан, Сығанақ қалаларынан бір 
жол Сарысу, Кеңгір, Нұра өңірлеріне әкелсе, келесі бір жол Оңтүстік Оралға 
апарады.
Орта ғасырда ІХ-ХІІ ғасырларды бұрынғыша Жібек жолы батыс пен 
шығысты жалғастырып тұрды. Испиджаптан шыққан жол Сығанақ арқылы 
сауда жолдары Қаратаудың солтүстік сілемдеріне түсті, осы жолдар Бетпақ дала 
арқылы Дешті-Қыпшаққа жетті. Осы жол торабы Сарысуға, Ұлытау етектеріне, 
Ертіс өзендерінің бойына дейін жететін. Бұл сонау жол торабын әңгіме 
20
Толстов С. П. Древний Хорезм. М.–Л., 1948, б. 275


22
етіп отырған себебіміз де, Орталық Қазақстан орта ғасырлардағы әлемдік 
өркениеттің бір бөлігі болып табылады. Кез келген тарихи дәуірдің өз дамуы, 
өркениеттік белгілері болды десек, орта ғасырға сай өзіндік шаруашылығын, 
әлеуметтік құрылысын, қолөнерін қалыптастырды. Бұған археологиялық 
қазба жұмыстары нәтижесінде, ертедегі саяхатшылардың, жылнамашылар 
деректерімен көз жеткізуімізге болады. Орталық Қазақстанның ІХ-ХІ ғғ. 
Отырықшы мәдениетінің ошақтары туралы Ибн-әл-Факих, белгісіз автордың 
«Худуд әл-алам» еңбегінде, М.Қашқари және т.б еңбектерінде жазылған. 
Араб географы Әл-Идриси қимақтардың 16 қаласы болған, олар сауда 
жолдарында, өзен, көлдердің жағалауларында, таулы аймақтарда және кен 
көздері бар жерлерде орналасқанын жазады.
21
Астаналық дәрежеге ие болған 
Хакан қаласы сонымен қатар маңызды сауда орталығы болды. Қала темір 
қақпасы бар, биік дуалдармен айнала қоршалған. Тауларда көбіне бекініс 
салынған. Бекініс айналасындағы ор сумен толтырылады. 
Орта ғасырлардағы Орталық Қазақстанның отырықшы мәдениетін 
зерттеуде аса маңызды дерек көзі болып Сібір сызбанұсқа кітабы, Ремезовтың, 
П.Чичаговтың, секунд-майор Богдановтың және Волошиннің атласы болып 
табылады. Өте құнды дерек болып Нифантьевтің «Орталық Қазақстанның 
оңтүстік бөлігінің топографиялық сипаты» және Сарыарқаға бірнеше рет 
сауда керуенімен келген Мұртаза Файзуллиннің жазбалары саналады.
Домбауыл есімі тарихи жазбаларда да, ауызша аңыздарда да кездеседі. 
В.В. Радлов жазып алған Тоқтағұл мерген, Г.Н. Потанин жазған Шыңғысхан 
туралы аңыз және басқаларынан Домбауыл есімі жиі ұшырасады. Қазақ 
аңыздарын жинақтаушы Г.Н. Потанин Домбауылға байланысты аңыздарды 
алғаш теріп жазушының бірі болды. Г.Н. Потанин Домбауылды бірде қазақтың 
түп-төркіні қылса, бірде «Дуа соқыр мен Даңдағұл мерген (Домбауыл – А.Т) 
көп аңдарды қырған соң, құдай бірін суыр, бірін құндыз қылған екен» – деп 
баяндайды.
Домбауыл жөнінде келесі бір аңыз даңқты Алаша-ханмен және Жошы 
ханға байланысты 1897 жылы «Дала уалаятының газеті» бетінде жарық көрді. 
Мақаланың авторы О. Әлжанов Домбауылдың батырлығын осы өңірге мәлім 
Бесқұлан, Құланөтпес жерлерімен байланыстырады.
Ал, «Моңғолдың құпия шежіресінде» Шыңғысханның Домбауыл 
мергеннен тараған ұрпақ екені шежірелік жүйемен баяндалған. Сондай-ақ 
қазақ руларының шежіресінде де, жыр-толғауларында да кездесіп отырады. 
Осындай аңыздардың бірінде Домбауылдың руы Қият деп баяндалса, енді 
біреуінде Домбауыл дәулескер күйші ретінде бейнеленеді. Ұлытаудың батыс 
өңіріндегі Сарын шоқысы деп аталатын жер Домбауылдың сарын шығаратын, 
күй тартатын мекені болса керек.
21
Материалы по истории туркмен и Туркмении. т. I. М.-Л., 1939, б. 221


23
Ұлытау ұлан байтақ Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік орталығы болды. 
Жошы қайтыс болғаннан кейін, жаулап алынған байтақ кең дала –Ақ Орда, 
Көк Орда, және Шағатай ұлыстарына бөлінген кезде, оның үлкен ұлы Орда 
Ежен Сырдариядан Саян тауына дейін қамтитын Көк Орданы осы Ұлытаудан 
басқарды.
22
Шыңғыс хан заманынан, моңғолдар арасынан жеткен ең көне жазба 
деректердің («Моңғолдың құпия шежіресінде», «Алтын тобшы») айтуында 
Шыңғыс хан төрт әйел алып, төртеуінен де бала сүйген. Солардың ішінде 
алғаш үйленген бәйбішесі – қоңырат руынан шыққан Дай шешеннің Бөрте 
есімді қызы. Жошы – осының баласы. Шыңғыс ханның ең мол із қалдырған 
жері, оның хан аталуына негізгі ықпалын тигізген өңірі, осы – қазақ даласы. 
Бесқұлан, Шыңғыстау, Ұлытау сияқты толып жатқан жер атаулары, сол 
өңірдегі күні бүгінге дейін қоныстанып отырған рулар, ондағы – Келін там, 
Болған ана, Домбауыл, Жошы хан сияқты Шыңғыс әулетінің төңірегіндегі 
адамдардың толып жатқан молалары – Шыңғыс хан өмірінің қазақ даласымен 
қаншалықты сабақтасып жатқанын айғақтайтын бедерлі мысалдар. 
Жүзжанидың айтуында: «Жошы қыпшақтардың жері мен суын, ауасын 
көрген кезде дүниеде бұдан артық саф ауаның, мөлдір судың болуы мүмкін 
емес екенін ұғып, қыпшақтарды жақсы көріп кеткендігі сонша, өзі осында 
қалып, бұл елді бүліншіліктен азат етуге бел байлаған.
23
Дешті қыпшақ даласы Жошы ұлысымен тығыз байланыста болды. 
Сондықтан Моңғол сөздері, Орта, Орталық Азияның түркі, моңғол тілі 
топтарына жататын халықтардың қоғамдық, мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық, 
тарихи қатынастары ежелден ұқсас, тіпті бір-бірімен етене жақын болып 
келген. Осындай ортақ қарым-қатынас, бір қалыпты қауымдастықтың 
нәтижесінде оларда тіл ортақтастығы да болғанын кейінгі зерттеушілер сөз 
қылып жүр. Тарихшылардың айтуына қарағанда,
24
Моғолстан құрамына 
өткен алғашқы моңғол ру-тайпалардың өздері түркі тілдерінде сөйлеген. 
Жүздеген жылдар бойы қос халықтың саяси-қоғамдық, әлеуметтік қатынасы 
тарихта белгілі. Шыңғыс хан империясынан бұрын да, кейін де бір толастаған 
емес. Бұл тілдердегі шаруашылық, мал, мүлік, аң-құс атауларынан кездесетін 
ұқсастықты осы тарихи мүдде бірлігінің ізі деп білеміз. 
Мәселен, туыстық атаулардың (түркіше: «нағашы», «бажа» -моңғолша: 
«нагацы», «баз») айтылу, естілу жақындығы, бұл атаулардың бір кездері екі 
халыққа да ортақ болған ба деген ой келеді. Моңғол мен түркі (соның ішінде 
қазақ) тілдеріне ортақ элементтер фонетика саласында да көптеп кездеседі. 
22
Г.Е Грумм-Гружимайло. Джучиды, Золотая Орда М, 1994 ж. 103 б.
23
 
Аршабеков Т.Т., Жұмабеков Ж.А., Төлеуов Т.С. Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени 
ескерткіштері. Қарағанды: Гласир, 2007. – 250 б. 
24 
Реформатский А.А. Введение в языкознание. М., 1967, с. 483.


24
«Моңғолша-қазақша сөздікте» айтылғандай : «Моңғол, қазақ тілдерінің 
қазіргі жағдайымен есептегенде, көне моңғол тілінің фонетикалық жүйесі 
қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесімен негізінде сәйкес келеді.»
Сарыарқа жерінде кездесетін тарихи топонимдер ішіндегі зоонимдер: 
арслан – арыстан – ҚМС
25
– 48-бет ,– бүргэд – бүркіт – ҚМС – 76-бет, ғұнан 
(404а) – құнан – ҚМС – 197-бет – дөнөн–дөнен – ҚМС – 91-бет, лачын – начин 
– лашын – ҚМС – 209 – агт – ат, азбан – ҚМС – 22-бет, – хулан – құлан – ҚМС 
– 196-бет, (Әбілғазы. Түрік шежіресі /Аударған: Б.Әбілқасымов, Алматы, Ана 
тілі, 1991. – 208 б.)
Ұлытау өңірі ортағасырларда ірі саяси оқиғалардың аренасы болғандығы 
белгілі. Әрине, өңірдің тарихи географиясын сипаттауда әскери жорықтар мен 
шайқастар туралы айтып өтпеу мүмкін емес.
Әмір Темірдің Ұлытау өңіріне алғаш аяқ басуы Низам-ад-дин 
Шамидің «Зафар наме» шығармасындағы мәліметтерге сүйенсек, шамамен
1387 жылдың күзінде болады [СМИЗО, т. 2 111]. Бұл оқиға Тоқтамыстың 
Әмір Темірден бөлектеніп, Түркістан өлкесіне жорық жасауынан басталады. 
Низам-ад-дин Шамидің жазбасы бойынша Тоқтамыс Ходжент өзенінен өтіп, 
оның әскерінің авангарды Зернук деген жерге дейін жетеді. Темір әскер жинап, 
Ходжент өзенінде қарсыласының әскерін жеңіліске ұшыратады. Одан кейін, 
Темір әскерлері қарсыластарына түнгі шабуыл жасап, қарсы жақ Арыс өзеніне 
өтіп қашады. Темір әскерімен қашқан әскердің соңына түсіп, Ходжа-Шейхты, 
Тублакты, Қараханды, Аман-шахты және Дәулет-шахты қырық сарбазымен 
барлауға жібереді. Олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   182




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет