Қарахан мемлекеті (942-1212) (§11) 942-1212 жж. өмір сүрген мемлекет: Қарахан


ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ (ХІ-ХІІІ Ғ. БАСЫ) (§14)



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі28,26 Kb.
#125687
1   2   3   4
Байланысты:
БАЗА 7 қт (11-14)
БАЗА 7 қт (11-14)
ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ (ХІ-ХІІІ Ғ. БАСЫ) (§14)

  1. 8-9 ғасырда қыпшақ деп қай деректер атады: шығыс деректері

  2. 8-9 ғасырда Русьте қыпшақтарды қалай атады: половецтер

  3. 8-9 ғасырда Еуропада қыпшақтарды атады: командар

  4. «қыпшақ половецтер саны көп, күшті тайпа, Ұлы Дала солардың атымен аталды» деп дерек берген: шығыс тарихшылары мен орыс жылнамашылары

  5. Алғаш 8 ғ.-да көне түркі руна жазуларында кездескен халық: қыпшақ

  6. Қыпшақтар қай елдің батыс қанатын құрады: қимақ

  7. ХІ ғасырда қыпшақтар қай мемлекеттің орнында құрылды: қимақ

  8. ХІ ғасырда қыпшақтар Сырдария мен Каспий бойынан ығыстырған халық: оғыз

  9. Қыпшақтар оғыздарды ығыстырғасын қай өзеннен өтті: Еділ

  10. Қыпшақтар Еуропада жеткен өзен: Дунай

  11. Қыпшақтар байланыс орнатқан елдер: Русь, Византия, Венгрия

  12. ХІ ғасырда бүкіл Қазақстанға үстемдік еткен ел: Қыпшақ

  13. Қыпшақтар шекарасы қамтыды: Алтайдан Дунайға дейін

  14. Дешті Қыпшақ даласы аталған аумақ: Алтай-Дунай арасы

  15. Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: 1) оғыздармен соғыс, 2) Хорезм, Қараханмен күрес, 3) сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  16. Қыпшақтар неше бірлестікке бөлінді: 2 (Батыс, Шығыс)

  17. Батыс қыпшақ бірлестігін басқарған: тоқсоба әулеті

  18. Батыс Қыпшақ бірлестігі алып жатан аумақ: Еділ-Дунай арасы

  19. Шығыс Қыпшақ бірлестігін басқарды: елбөрілі руы

  20. Шығыс Қыпшақ бірлестігінің алып жатқан аумағы: Алтай-Еділ арасы

  21. Қыпшақтар әскери жағынан неше қанатқа бөлінді: 2 (оң, сол)

  22. Қыпшақтардың оң қанаты алып жатты: хандықтың батысын

  23. Қыпшақтардың сол қанаты алып жатты: хандықтың шығысын

  24. Қыпшақтардың ең қуатты қанаты: Шығыс қанат

  25. Қыпшақтардың оң(батыс) қанатының орталығы: Сарайшық

  26. Сарайшық қаласы орналасқан өзен: Жайық

  27. Қыпшақтардың сол(шығыс) қанатының орталығы: Сығанақ

  28. Қыпшақ этносы мен мемлекеттілігінің қалыптасуының 1 кезеңі: 7-8 ғғ.

  29. Ұыпшақтар 7-8 ғғ.-да қай елдің құрамында болды: Батыс Түрік

  30. Қыпшақ этносы мен мемлекеттілігінің қалыптасуының 2 кезеңі: 8-11 ғғ.

  31. Қыпшақтар 8-11 ғасырда қай елдің құрамында болды: Қимақ

  32. Қыпшақ этносы мен мемлекеттілігінің қалыптасуының 3 кезеңі: 11-13 ғғ.

  33. Қыпшақ этносы мен мемлекеттілігінің қалыптасуының 3 кезеңі ерекшеленді: Дербес Қыпшақ хандығы құрылумен

  34. Қыпшақтар этнос ретінде қалыптасқан ғасыр: 8

  35. Қыпшақтар 8 ғасырда этнос ретінде қалыптасқан аумақтар: Орталық және Шығыс Қазақстан

  36. 11-13 ғғ. Еуразияның далалық аймағы аталды: Дешті Қыпшақ

  37. Қазақстандағы қыпшақтардың қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар: 1) шаруашылық өмірдің біркелкі түрі, 2) қоғамдық қатынастар мен мемлекеттік құрылымның ортақ жүйесі, 3) тіл ортақтығы, 4) тарихи қалыптасқан ортақ мәдениет

  38. Қыпшақ ұлысының пайда болуы білдірді: 1) Орталық Азия мен Оңтүстік-шығыс еуропа тұрғындарының түркіленгендігін, 2) біртұтас жалпы түркілік мәдениеттің қалыптасқандығын

  39. Қыпшақ халқы қалыптасуының қорытынды кезеңін үзген оқиға: моңғол шапқыншылығы

  40. Қыпшақтар қай ұлттардың қалыптасуына негіз болды: қазақ, башқұрт, татар

  41. Қыпшақтарда мүлік теңсіздігінің негізін қалады: малға жекеменшік

  42. «қыпшақтар түйе, ірі қара, қой, ешкі, жылқыға өте бай. оларда жүк таситын мал орасан көп» деп айтқан: П. Карпини

  43. Қыпшақ қоғамындағы құқығы жоқ топ: құлдар

  44. ХІ-ХІІ ғғ. қыпшақ көсемдері қолында болған аймақтар: Сырдың төменгі ағысы қалалары, Маңғыстау

  45. Сырдың төменгі ағысындағы Қыпшақ қалалары: Хорезм_шахтары_қыпшақтарға_жорыққа_шыққан»_деп_дерек_берген:_М._Қашғари'>Жент, Янгикент

  46. «қыпшақ ақсүйектері Қарахандармен өзара күрделі қатынаста болған: Хорезм шахтары қыпшақтарға жорыққа шыққан» деп дерек берген: М. Қашғари

  47. Қыпшақтарға жорық жасаған ел: Хорезм

  48. ХІІ ғ. ІІ жартысында қыпшақтармен жақындасу саясатын жүргізген: Хорезм

  49. Хорезм мемлекетінің қыпшақтармен жақындасу саясатын жүргізу себебі: 1)қыпшақтардың ақсүйектерін ислам дініне кіргізу, 2) мемлекеттің қуаттылығын әлсірету, 3) қыпшақ әскерін өз мүддесіне пайдалану

  50. Қыпшақтар мен Хорезмдіктер күресін тоқтатты: Моңғолдардың жаулап алуы

  51. Қыпшақтардың славяндармен қатынасын зерттеген: Пархоменко

  52. Пархоменко еңбегі: Жылнамалардағы қыпшақ эпосының іздері

  53. («Біздің жылнамалар ХІІ ғ.-да Русьтің ақсүйек тобы мен қыпшақтар арасныда тығыз байланыс болғандығына ешқандай күдік тудырмайды» деген: Пархоменко «Жылнамалардағы қыпшақ эпосының іздері» атты еңбегінде

  54. Славяндардағы түркі сөздері: колчан, булат, караул, есаул, атаман, богатырь

  55. «бейбітшілік пен достық кезінде ғана славян тіліне түркі сөздері ене алды» деп тұжырым жасаған: О. Сүлейменов «Аз и Я» кітабында

  56. Қыпшақтар мен славян арасындағы қатынас орнады: моңғол шапқыншылығына дейін

АЛМАС АППАЗОВ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет