Арайлы, Алтын күз! Тақырыбы: «Арайлы Алтын күз!»


Көңілді старт (спорттық ойын - сауық)



бет4/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,48 Mb.
#5496
1   2   3   4   5   6

Көңілді старт (спорттық ойын - сауық)

«Көңілді старт»


(спорттық ойын - сауық)

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Барысы:
Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

- Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Жарыстың шарттары:


1. Таныстыру.
2. «Жалауды тез жеткізу».
3. «Акробатика».
4. «Кедергілер» сайысы.
5. «Кім шапшаң?»
6. «Епті де, жүйрік» сайысы.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!

1. Таныстыру.
«Күншуақ» тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы


Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала
«Көңілді старт» ойыны
Шаттық сыйлар баршаға.

2. «Жалауды тез жеткіз»


Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы жалауды белгіленген орынға апарып тігеді.

3. «Акробатика»


Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп, матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.

4. «Кедергілер» сайысы


Ойын шарты: Бағдаршам көздерінің үстінен қоянша секіру, тақтай үстімен еңбектеу. Құрсау арасынан өту. Тікен төсеніш үстінен тепе - теңдік сақтап өту.

5. «Кім шапшаң?»


Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.

6. «Епті де, жүйрік» сайысы.


Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.

- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)

Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың гигиеналық талаптарды орындауға, денсаулығын күте білуге үйрету. 2030 – бағдарламасы туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер: топпен жұмыс, сұрақ жауап, топтастыру, ойындар.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
І топ – Тазалық.
ІІ топ - Денсаулық.
ІІІ топ - Байлық.
Әр топ өз аттарын қорғау керек. Ол үшін өз аттары туралы ойларын топтастыру. Әр топ өздері жазған топтамаларды қорғайды.
ІІ бөлім. Әдеби - музыкалық монтаж.
Ақтоты:
Шат көңіл адамдар,
Ақ көңіл адамдар.
Денсаулық зор байлық,
Жансаулық мол байлық.

Қайырбек:


2030 дың барысымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімді көркейтетін,
Табиғатты қорғау парызымыз.

Мөлдір:
Денсаулықты нығайту басты мақсат,


Қорғаймыз үлкен кіші денсаулығын,
Бұл біздің халық үшін игі ісіміз,
Әрқашан алға басып қадамымыз,
Жақсылық болсын біздің ұранымыз.
Бағдарламада адам денсаулығын сақтауға аса мән берілген.
«Дені саудың жаны сау» денсаулық туралы мақалдар айту.
Арман: «Денсаулық байлықтан қымбат».
Гүлдана: «Дені сау болса, жарлымын деме.
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме».
Ерасыл: «Тамақтың түрі көп, ал денсаулық біреу».
Ислам: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде».
Шымырлық шынығудан.
Спорттық ойын да
Күш берер бойыңа,
Спортта ем болар
Жаттықсаң ем қонар.
Адам өмірінде спорттың маңызы ерекше. Спортпен айналысқан адам ауырмайды.
«Кім тапқыр» ойыны.
Зиянды (арақ, темекі, кәмпит, наша т. б.), пайдалы (қызылша, алма, өрік, жүзім), байлық (машина, ақша, үй, денсаулық).
Сөздерді тауып, топтастыру. Өз ойларын айту.
Ән: «Бұл не?» хор.
«Тазалық саулық негізі» тақырыбына жазған шығармаларын оқу.
Жұмбақтар шешу.

«Не жедің?» көрініс.


ІІІ бөлім. Бекіту.
І топ: Неліктен жеміс - жидектерді жер алдында ата аналары мен үлкендер «жуып же» дейді?
ІІ топ: Сенің ойыңша тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
ІІІ топ: «Тазалық денсаулық негізі, денсаулық байлық негізі» дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?
Хор: «Ел қорғауға әзірміз».

Қош келдің Наурыз көктемім!

Қош келдің, Наурыз көктемім!



Мақсаты: Оқушыларды «Наурыз» мерекесінің шығу тарихымен таныстыру, ұлттық салт - дәстүрді, әдет - ғұрыпты дәріптеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, плакаттар, ұлттық қолөнер бұйымдары, бесік, киіз үй жабдықтары, төрт түлік мал мүсіндері көрпе - көпшік, ұлттық тағамдар, наурыз көже, қазы - қарта, тары - талқан, бешбармақ, қуырдақ, бауырсақ т. б.
Жүру барысы:
1 - жүргізуші:
Көз жүгіртем мынау байтақ көгіме
Көк тәңірі бақыт сыйла еліме
Ақ қар еріп, қыраттарға гүл шығып
Наурыз келді, наурыз келді еліме
Наурыз көже таратылсын бәріңе,
Қыдыр келіп қонақ болсын төріңе
Қозы - лағың ойнақ салып, қырларда
Жылқы ауылда құлын байлап желіге
Ассалаумағалайкум! Арайлап атқан ақ таңнан жағымды жаңалық күтетін, айға қарап табиғатты болжайтын, өзге елге намысы барда бодан болмайтын арда қазақ. Қыс болса жазды аңсап, жаз болса қысты аңсайтын арманына арғымақ жете алмайтын ағайын, төл мерекеміз Наурыз мерекесіне қош келдіңіздер. Жаңа келген жылқы жылы отбасыларыңызға ырзық, несібе берекесімен, бақыт қуанышымен келсін ағайын.
2 - Жүргізуші:
Құт - береке Наурыз айым келді деп
Жер түледі жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен, кең далам
Толықсиды жырға бөлеп, елжіреп
Аспанымда ақша бұлттар аунайды
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғатта мәз мейрам
Аңқылдаған қазағымнан аумайды
Армысыздар алты алаштың айбынды ұрпағы! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Күн мен түн теңеліп жер анаға жылу сыйлаған Наурыз мерекесі құтты болсын. Әз наурыз еліміздің керегесі кең тереземізді өзгелермен тең етсін. Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, наурыз, көктемім» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Жаршы:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Наурыз тойы басталды! Бір орында тұрмаңыздар!
Естімегендер естіңдер!
Тыңдамағандар тыңдаңдар!
Наурыз тойын бастаймыз!
2. Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!
3. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жарлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
Ал, кәнеки, халайық,
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап - шырқап алайық!
4. Той кезінде жас құрбым,
Жалтақтама, тойынба,
Тартқан күйің тамылжып,
Тіл бітірсін қайыңға,
Ән кезегі келеді,
Әндеріңді дайында!
Ән: « Наурыз біздің әніміз»
1 - жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын!
2 - жүргізуші:
Ал енді ортаға бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне сонау алыстан ат арылтып келіп отырған қадірменді қонақтарымызды шақырайық!
Қыздар тобы:
Ау, аман ба жарандар,
Келе жатыр жылымыз.
Мейрамдаймыз мұны біз,
Жас балаша нұрланып.
Жадырайды күніміз
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар,
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық, тұрыңдар.
Алтын күн: Сәлем, ана, ұстаздар,
Айналайын балалар,
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда
Уақыт іздеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға,
Наурыз айы туыпты,
Әне Наурыз келеді,
Әсемдеңдер жер енді!
Наурыз: Сәлем анам алтын күн,
Сәлем қарты халқымның,
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым!
Қыздар тобы:
Қош келіпсің аманбыз,
Арман тойы анамның,
Қуанышы ғаламның,
Құтты болсын қадамың,
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Бейбітшілік тойы деп,
Қол соғады барша жұрт!
Наурыз Ару:
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз,
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз.
Алтын күн:
Күн мен түн тең келеді,
Күнде ұзарып мен енді,
Гүл мен жерді жайнатып,
Гүлден, Наурыз, сен енді.
Наурыз Ару:
Жайнатамын гүл гүлде,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.
Жүргізуші: Рахмет, Наурыз Ару, Күн ана тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!
Жүргізуші: Алдарыңызда сыныбымыздың өнерпаз оқушылары дайындаған шағын көрініс:
Қыдыр ата: Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!
Төле би: Беу, халайық! Жер ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі - барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы - Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!
Қазыбек би: Жыл, 12ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылулыққа шомылған, қыз - бозбала құлпырған киелі наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!

Жиренше шешен:


Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің.
Ғажап болсын аппайтын тепе - теңін.
Алдар Көсе:
Келді наурыз бұла күш, тасқынменен,
Құлпырып, қайта өзгеріп жастығымен.
Жер иіп, тамыр тал бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
Жиренше шешен:
Жүргізіңдер наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен - саяқ.
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Жүргізуші: Ендігі кезек бүгінгі дүбірлі тойға өз өлең шашуын арқалай келген ақындарымызға берсек.
Армысың, Қызыр күнім, қызық күнім,
Жайнапты рахман нұрдан жүзің бүгін.
Ырыс боп, ынтымақ боп, игілік боп,
Жер - көкке жүре берсін құзырлығың!
Наурыз қайта оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Кең дастархан, даламыз, сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Наурыз - шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы,
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Ән: Наурыз - жыл басы.
2 - жүргізуші: Бүгінгі дүбірлі аламан тойымыз да өз мәресіне жеткен тәрізді. Сондықтан ата салтын сақтай отырып, арамыздағы ел ішіне сыйлы, құрметті ақсақалымыз - Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгнгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңыз да бар болар?
Қыдыр ата:
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақылың серік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын,
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин!
1 - жүргізуші:
Құрметті халайық! Сіздердің алдарыңызға келін түсіру рәсімін көрсетеміз.
Қыз бен жігіттің «Жар - Жар» айтысы:
Алып келген базардан
Қара насыр жар - жар,
Қара мақпал сәукеле
Шашың басар жар - жар,
Мұнда әкем қалды деп
Қам жемеңіз жар - жар
Жақсы болса қайын атаң,
Орнын басар жар - жар
Есік алды қара су
Майдан болсын жар - жар
Ақ жүзіңді көргендей
Айнам болсын жар - жар,
Қайын атасы бар дейді - ау
Осы қазақ жар - жар
Айналайын әкемдей
Қайдан болсын жар - жар.
Бүгінгі Наурыз мерекесіндегі келін түсіру рәсімі бойынша беташар айту алыстан ат арылтып келген әнші Мұхтар ағамызға береміз.
жүргізуші: келін түскенде, жас отау шаңырағы көтерілгенде жасалатын жақсы ырымдардың бірі - отпен аластау. Ол халық зердесінде қасиетті ұғым. Отпен аластау «Отана», «Отың өшпесін», «ошақтан от кетпесін» деген тілек пен ырым сабақтастығы ертеден келе жатқан ғұрып.
«Отпен аластау» рәсімі көрсетіледі.
Жүргізуші:
Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
О, ағайын, келіңдер! Бүгін бізде -
Наурыз көже құрт - қатық, тары қосқан.
«Қонақтарға Наурыз көже таратылады.» Наурыз мерекесі әр қайысыңызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үміт пен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз шаттық пен қуанышқа толсын. Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды

Бағдаршам

Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам»


Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық сәт.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Мұғалім: балалар, өткен сабағымызда қандай тақырыпты өттік.
Оқушылар: компьютер әлемінде.
Балаларға жаттаған өлеңін айтқызып, қайталату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: жұмбақ жасыру
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? оқушылар -«бағдаршам».
Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты өтеміз, яғни
жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)
Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.
Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы
-- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер
ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.
Оқулықпен жұмыс: «Бағдаршам өлеңін»оқып беру, мағынасын түсіндіру.
ІV. Сергіту сәті.
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
V. Жаңа сабақты бекіту.
- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
- Оқулықтағы сурет пен жұмыс.
- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?
Тәртіп керек баршаға. (өлеңін жаттау)
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
- БАҒДАРШАМДЫ ЖАПСЫРУ.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?
- Бағдаршам туралы.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар.
- Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
- Ақ жолақтар.
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік.
VІІ. МАДАҚТАУ:
- Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.

Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің кепілдемесі

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің кепілдемесі


Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы жазылған плакат, шарлар.
Барысы:
I. Кіріспе сөз. 1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қадірлі қонақтар және оқушылар!
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Уықтар - әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады. 
Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
1 - оқушы:
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр, төзімді
Пырақ - халық арманы.
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ - жұрт панасы,
Уықтар - күн сәулесі.
Жоғарыда түсер көз,
Бес тармақты жұлдызға,
Ал, «Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл - қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол - елімнің!
2 - жүргізуші:
Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою - өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
2 - оқушы:
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның,
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Еске белгі - ұрандар,
Сары алтындай сақталған,
Күн, шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін,
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
Сол жағында матаның,
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек ол - ұлттық.
Көк байрағы бабаның -
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке, баланың -
Қазақстан Жалауы!
1 - жүргізуші: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР - ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
3 - оқушы:
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт - бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

2 - жүргізуші:


Қазақстан - туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбарлы.
Ендеше Мемлекеттік рәміздер жайлы өлең - жырларға кезек берейік.
1 - оқушы:
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып - ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
Тұғырлы туымыз.

2 - оқушы:


Айнымайды аспаннан
Біздің тудың болуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Жанатын да өзі отша


Жалын шарпып бетіңді
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.

3 - оқушы:


Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

4 - оқушы: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,


Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді,
Ту болмады дегенге?
5 - оқушы: Батырлыққа уызынан жарылған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар,
Болмаған деп, - Әнұран?!
6 - оқушы:
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ең – таңба?!
7 - оқушы:
Желбірейді шалықтап,
Қазақстан Жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.

Ұлттық өрнек мұрамыз,


Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай.

1 - жүргізуші: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы - осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.


2 - жүргізуші: Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Осымен әдеби - музыкалық кешіміз аяқталды. Егемендігіміз мәңгілік жасасын!

Кері қайту

Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі»
Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау. Оларды сыйлауға, құрметтеуге және аялауға дағдыландыру. Ана, апа, әже, қарындас, ұстаздың адам өміріндегі ең аяулы жан екендерін ұғындыру. Ана деген ең асыл жан екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Зал іші мерекеге сай безендірілген, мақал - мәтел «Ана көрген - тон пішер, әке көрген - оқ жанар»деген сөздер және «Ана - өмірдің гүлі» атты тақырыпқа суреттер ілінген, шарлар, гүлдер т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты да, бар мейірімін балаларға арнаған, аяулы аналар, бар мейірімін немерелеріне арнаған, ақжаулықты әжелер, білім нәрімен сусындатқан, ұлағатты ұстаздар және көктемнің мерекесіндей құлпырған аруда әсем қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Ана - өмірдің гүлі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

I жүргізуші: Көгімнің көркі кім?


II жүргізуші: Ана.
I жүргізуші Жүрегімнің нұры кім?
II жүргізуші: Ана.
I жүргізуші: Әлемнің нұры кім?
II жүргізуші: Ана.
I жүргізуші: Армысың ару қыздар, абзал ана!
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшағың гүлге толсын! деп кезекті тақпақтарға берейік.
1 - оқушы: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұры мен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
2 - оқушы Ана деген - мейірім,
Ана деген - шапағат,
Ана деген - құдірет,
Ана деген - махаббат.
3 - оқушы Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым, күнім дейтін.
4 - оқушы Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам,
Менің мамам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.

II жүргізуші: Рахмет, балалар. Қандай әдемі тақпақтарды Аналарыңызға арнап жатырсыңдар. Олай болса «Анадан артық жан бар ма»- демекші Баланы өле - өлгенше сүйетін, қуанышына қуанып түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай, дамылсыз сағынатын, көрген сайын төбесі көкке жететін де осы Ана. Келесі кезегімізді Аманбай Дильназдың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

I жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға берейік.
5 - оқушы Ана деген ақылшың,
Ана барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 - оқушы Сізге бүгін сый құрметті,
Жан анашым мейірім.
Қаласаңыз би - билеп,
Әнде шырқап беремін.
7 - оқушы Ақ жүректі сақтаған,
Жарқын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйетін,
Келші, келші, ақ мамам.


Каталог: uploads -> doc -> 0aab
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aab -> Сабақтың тақырыбы: Абылай хан Сабақтың мақсаты
0aab -> Сабақтың тақырыбы: «Отбасы өмір аясы»
0aab -> Сабақтың тақыpыбы : Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет