Аралас оќыту технологиясын ќолдану


Аралас оқыту технологиясының модельдері



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі53,26 Kb.
#85770
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция-7-АОТ

Аралас оқыту технологиясының модельдері

Европа елдеріндегі электронды оқытуды белсенді пайдалану тәжірибесін дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, осы технологиялардың әрқайсысының күшті жақтарын атауға болады. Электронды оқытудың күшті жақтары: икемділігі, дараландырылуы, интерактивтілігі, мүмкінділігі әртүрлі білім алушыларға бейімділігі және т.б. Дәстүрлі оқытудың күшті жақтары: тікелей қарым-қатынастың эмоциялық құрамы, білім берудегі ассоциативті идеялар мен жаңалықтардың сәулесі сезінілуі. Міне осы аталған жетістіктерді үйлестіру аралас оқыту технологиясының негізінде жатыр.


Аралас оқыту технологиясы Европа мен АҚШ мектептерінде 10 жылдан астам қолданыста жүр. Американдық ұйым Innosight Institute 2007 жылдан бері осы аралас оқыту технологиясын Америка мектептерінде іске асыру тәжірибелерін зерттеуде. Олардың жыл сайын берген есептері бойынша барлық уақытта аралас оқыту технологиясымен оқыған мектеп бітірушілерінің нәтижелері дәстүрлі түрде оқыған мектеп бітірушілеріне қарағанда жоғары екені байқалады. Американдық мектептердің тәжірибесі бойынша аралас оқытудың бірқатар модельдері анықталған (кесте1). Олар бір-бірінен аралас оқыту технологиясының төмендегі компоненттерінің басымдығына қарай ажыратылады:

  • білім беру үдерісіне қатысушылардың тікелей өзара дәстүрлі әрекеттесу компоненті.

  • АКТ арқылы өзара интерактивті әрекеттесу компоненті.

  • өз бетінше білім алу компоненті.

Кесте 1 – Аралас оқыту модельдері






Модельдер атауы

Модельдер сипаты

1

“Facetoface Driver” моделі



Оқу жоспарының басым бөлігі мектепте мұғалімнің тікелей қатысуымен оқытылады. Электронды оқыту негізгі программаға қосымша ретінде қолданылады, көбіне олармен жұмыс істеу сабақ барысында компьютерде ұйымдастырылады.

2

“Rotation” моделі

Оқу мерзімі жеке электронды оқыту мен мұғаліммен бірге сыныпта оқытудың арасында үлестірілген. Сыныпта жұмыс істейтін мұғалім, дәл солай электронды оқыту кезінде де қашықтықтан қадағалауды іске асырады.

3

“Flex” моделі

Оқу жоспарының басым бөлігі электронды оқыту жағдайында меңгеріледі. Мұғалім әрбір оқушыны қадағалап отырады, қиын тақырыптарды түсіну үшін жеке немесе аз топтармен консультация өткізеді

4

“Online Lab” моделі

Оқу жоспары мектеп қабырғасында, ереже бойынша компьютерлік техникамен жабдықталған кабинеттерде ұйымдастырылған электронды оқыту жағдайында меңгеріледі. Онлайн оқытуды мұғалімдер қадағалайды. Оқушылар онлайн курстармен қатар дәстүрлі сыныптық-сабақтарда да оқулары мүмкін.

5

“Selfblend” моделі

Бұл модель Американың жоғары оқу орындарында дәстүрлі болып саналады. Студенттер негізгі оқудан басқа қосымша курстарды өзбетінше таңдайды. Олардың контенттері басқа мекемелердің иелігінде болуы да мүмкін.

6

“Online Driver” моделі

Оқу жоспарының басым бөлігі ақпараттық білім орталарының электронды ресурстарының көмегімен меңгеріледі. Мұғаліммен бетпе-бет кездесу периодты түрде ұйымдастырылып отырады. Консультация алу, емтихан тапсыру процедуралары сырттай емес, бетпе-бет жүздесу түрінде болуы міндетті.

Аралас оқыту АҚШ пен Европада кеңінен таралған. Бұл, әрине, халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі мен Интернет-коммуникацияның жақсы деңгейінің бар болуына негізделген. Білім алушыларды on-line программаларымен қамтамасыз етудің де маңызы бар. Дәл осы үш фактор ТМД елдерінде Интернет білім берудің дамуына кері әсер етуде. Сондықтан да қазіргі таңда білім берудің жаңа технологияларын енгізуде кейбір қиындықтар кездесуде. Дегенмен, оқу орындары білім алушыларға өзекті жаңа білім мен дағдыны беруге міндетті болғандықтан, білім берудің жаңа технологияларының қолданылуы мен дамуы өмір талабы. Осы орайда 2012/13 оқу жылында Ресейдің білім беру жүйесінде алғаш рет аралас оқытудың модельдерін сынақтан өткізу мақсатында НП “Телешкола” ресурсының негізінде инновациялық жоба басталған болатын. Жобада қарастырылып жатқан аралас оқытудың модельдері жайлы мәліметті Интернетте берілген арнайы видеороликтер арқылы алуға болады.


Еуропа елдерінде электронды оқытуды белсенді қолдану тәжірибесін дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, осы технологиялардың әрқайсысының күшті жақтарын атауға болады [Долгова Т.В., 2017] (2-кесте).

2-кесте-күндізгі және электрондық оқытудың салыстырмалы көрсеткіштері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет