Аралық бақылау №2 Сүзу процесі және оның түрлері Сүзу процесі


Экстракция, кристалдану, кептіру



бет13/14
Дата24.03.2023
өлшемі42,24 Kb.
#172961
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
1-31 ПАХТ РК сұрақтары
10 апта Санитария, 012 7236 AGL RU, 424599.pptx
Экстракция, кристалдану, кептіру.

Экстракция (немесе шаймалау). Экстракциялау дегеніміз қатты, немесе сұйық заттарды қоспалардан басқа бір еріткіштер арқылы бөліп алу. Мұның мәні мынада: суда немесе су мен қышқыл қоспасында еріп тұрған затты бұл ортаға органикалық еріткіштер кұю арқылы ерітіп, бетіне қалқытып шығарады да, судан бөліп ағызып алады. Экстракциялауды көп жағдайда бөлгіш воронкаларда жүргізеді .
Экстракциялау үшін органикалық еріткіштер: диэтил зфирі, бензол, толуол, хлороформ, дихлороэтан, төртхлорлы көміртегі ,петролейн эфирі, этилацетат және т. б. жиі қолданылады.
Экстракция жүргізудің әртүрлі жолы бар. Олар мына төмендегі әдістер:
мацерация — қалыпты жағдайда немесе бөлме температурасында қатты затты бірнеше қабат аздаған мөлшерлі еріткіште ерітіп экстракциялау;
д и г е р л е у — қатты затты еріткіштің порцияларымен қыздырып экстракциялау;
перколяция — қатты заттың үстінен еріткішті үнемі ағызып өткізу арқылы экстракциялау;
перфорация — заттың ерітіндісінің ішінен еріткішті үнемі айналдыра өткізіп отыру арқылы (циркуляциялау арқылы) экстракциялау;
Кристалдану дегеніміз ерітіндіден немесе балқымадан қатты фазаның бөліну
процесі. Кристалдану процесін химия, мұнай химиясы, металлургия, фармацевтика
және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданады. Кристалдану процесін қолдану
мынадай мәселерді шешуге мүмкіндік береді.
Кептіру дегеніміз химиялық технология өнімдері мен әр түрлі материалдардан
ылғалды кетіру процесі. Ылғал мөлшерін буландыру, сублимация, судың айрылуы,
мұз түрінде газ фазасы құрамынан конденсациялау арқылы азайтуға болады.
Сонымен бірге газ фазасынан ылғалды адсорбция және басқа әдістерді қолданып
кетіруге болады.
Техникада көбінесе жылуды беру арқылы буландыру процесі кеңінен таралған.
Практикада ең алдымен ылғалсыздандыру процесінде механикалық әдістерді
қолданады. Ол үшін вакуум жағдайында сүзу немесе центрифугалау әдістерін
жүргізеді. Механикалық әдісті қолданып кептіру процесі жылу беру әдісіне қарағанда
экономикалық жағынан тиімді. Алайда бұл әдісті деформацияға төзімді
материалдарды кептіруде ғана қолдануға болады. Сонымен бірге механикалық әдіс
ылғалдың толық кетуін қамтамасыз ете алмайды. Центрифугалау жағдайында
материалда (өнімде) 5 % дейін, ал вакуум-сүзгілерде сүзуден кейін 10-40 % дейін
қалдық ылғал мөлшері сақталады. Ылғалды кетірудің әр түрлі әдістері кептіретін
материалдың физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып таңдап алынады.
Ылғалды буландыру арқылы кептіру процесінде кептіретін материалға жылу беру
әдісіне қарай кептірудің келесі түрлері бар:
• Конвективті кептіру. Кептіретін материалға жылу беру тікелей жылу
тасымалдағыштардан (қызған ауа, түтінді газдар, күшті қызған бу, инертті газ)
беріледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет