Рецензенттер



бет1/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Байланысты:
МФТ книга
То санды жиынты ба алауды спецификациясы « аза дебиеті» (1)

ОНТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

ШЕРТАЕВА К.Д., ЖАҢБЫРБАЕВА А.Д.


МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТАУАРТАНУ
(оқу-әдістемелік құрал)


Ш ЫМКЕНТ – 2012


УДК 615.47 (075)
ББК 52.82 я 73
ГОО Ш - 49
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Датхаев У.М. – С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ фармацевтика факультетінің деканы, фармацевтика ғылымдарының докторы.


Сағындықова Б.А. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор.


Арыстанов Ж.М. - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор.
ОҚМФА терминдерінің мемлекеттік тілде қолдануының қарастыру комиссиясының мүшесі.

ГОО Ш – 48 Шертаева К.Д., Жаңбырбаева А.Д. «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» - Оқу-әдістемелік құрал, 2-басылым, түзетіліп және толықтырылды.


Шымкент. – 2012. 150 бет
ISBN 9965-731-44-6(43-8)


«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» оқу-әдістемелік құралы пән бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады. Оқу-әдістемелік құралға дәріс тезистері, тәжірибелік сабақтарды өткізуге, оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар, ақпаратты материалдар, тест тапсырмалары мен жауаптар эталоны кіреді. Құрал фармацевтикалық оқу орындарының (факультеттеріне) оқытушылары мен студенттеріне арналған.
УДК 615.47 (075)
ББК 52.82 я 73
ISBN 9965-731-44-6(43-8)

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясының ОӘК жұмыс комиссиясымен басылымға бекітілген және ұсынылған.


Хаттама № 10 « 29» 05.2012ж.

@ Шертаева К.Д., Жаңбырбаева А.Д. 2012ж.


Кіріспе
Қазақстан президентінің 27.01.2012 жылғы «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсімі» халыққа жолдауында білім беру жүйесіне заманауй әдістер мен технологияларды енгізу арқылы модернизациялауға ерекше көңіл аудару керектігін айтқан болатын. Осыған байланысты ассортиментті саясатты қалыптастыру, фармацевтикалық нарық талдауын жүргізе білетін медициналық және фармацевтикалық тауартану саласында білімі бар мамандарды дайындау қажет.
Тауартану қызметі – тауарлардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жылжуын қамтамасыз ететін фармацевтикалық қызметтердің ажырамас міндеті. Бұл фармацевтикалық тауарларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникаларды өткізу саласында қызмет ететін мамандарды дайындауға жаңа талаптарды қояды.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» құралы студенттерге осы пән бойынша фармацевтикалық тауарларды босатумен тауартанулық міндеттерді орындауға байланысты тәжірибелік дағдылары мен жүйелі білімдерін қалыптастыруға көмек болады.
Оқу-әдістемелік құрал медициналық және фармацевтикалық тауартану бойынша типтік оқу бағдарламасына (ГОСО РК 3.08.396 – 2006 0511030 – «Фармация» мамандығы бойынша), сонымен қатар ҚазММА (Хаттама №17 29.09.2006ж.) ҚР ЖОО ОӘЖ комиссияның басылымға ұсынылған және бекітілген құрал негізделіп жасалған.
Пәнде 15 тәжірибелік сабақтардан: өзектілігі, сабақ мақсаты, тәжірибелік дағдылары, сабаққа дайындалатын сұрақтары, ақпаратты-дидақтикалық блоктан, өз бетінше орындауға арналған тапсырмалардан құралған. Дәріс тезистері мен тест тапсырмалары эталон жауаптарымен, әдебиеттер тізімі көрсетілген. Ұсынылған құрал ЖОО мен фармацевтикалық факультеттердің оқытушылары мен студенттеріне медициналық және фармацевтикалық тауартану бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет