Аралық бақылау



бет1/3
Дата14.05.2022
өлшемі27,22 Kb.
#143185
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
архитектура рк
Документ, Қарлығаш сабақ, 2-cабақ Адамдар ғарышты қалай зерттеді, 4 сабақ Қосу және азайту.docx, 4 сабақ Өзара кері амалдар Қосу және азайту, 2-сабақ Екі амалды өрнектер, Тест сұрақтары аттест, 001Диспансеризация хирургических больных обеспечивает

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Аралық бақылау


Қабылдаған: Есентаев Қайрат Умирбекович


Орындаған: Жорас Айман Нұрланқызы

2021-жыл
1. Вентильдер және Буль алгебрасы дегеніміз не?


Компьютерлік жүйелердің тармақталған үрдісінің ең төменінде сандың логикалық деңгей орналасқан, немесе оның аппараттык жабдықталуы. Бұл деңгейдің саласы информатика мен электротехника пәндері арқылы оқытылады. Сандық үрділерінің құрамы бірнеше жай элементтердің бірлесуімен және элементтердің түрлі комбинациялары арқылы жүзеге асырылады.
Сандық үрді деп тек екі логикалық мәні бар үрдіні айтамыз. Көбінесе 0-ден 1В-қа дейінгі сигналдар бір ғана мәнді 0-ді, ал 2-ден 5 В-қа дейінгі сигналдар екінші мәнді 1-ді көрсетеді. Вентильдер деп аталатын арнайы электронды құралдар осы екі таңбалы сигналдардың әр түрлі функцияларын есептей алады. Вентильдер барлық цифрлік компьютерлердің аппараттық жабдықталуын құрайды. Қазіргі заманғы цифрлік логика транзисторлардың бинарлы ауыстырғыш сияқты өте тез жұмыс істей алатындығына негізделген. Транзистор (1.а-сурет) сыртқы ортамен үш түрлі жолмен біріктірілуі мүмкін коллектор, база және эмиттер арқылы. Егер енгізілетін кернеу Vіп қандай да бір шекті мәннен төмен болса, транзистор сөнеді де өте үлкен қарсыласудың рөлін атқарады. Бұл шығарылатын Vоиt жақын Vсс сигналына беріледі, көбінесе +5 В. Егер Vin шекті мәннен көп болса, транзистор қосылады да Vout сигналының жерге кетуін қамтамасыз етеді. (0 В) сымның рөлін атқарады.
Әр түрлі вентильдердің үйлестірілуі арқылы кұрылатын үрділерді суреттеу үшін, барлық айнымалылары мен функциялары тек 0 және 1 бірлігін кабылдай алатын Буль алгебрасы қолданылады. Буль функциясының бір немесе бірнеше айнымалылары болады және ол тек осы айнымалылардың мағынасына байланысты нәтиже шығарады.
Буль функциясында п айиымалысынан тек 2п мүмкін комбинациясы ғана болғандықтан, осындай функцины 2n жолы бар кестеде толығымен сипаттауға болады. Әр бір жолда айнымалылар бірлігінің әр түрлі комбинациялары үшін функцияның мағынасы беріледі. Осындай кесте шыншылдық кестесі деп аталады. Сурет 2-де көрсетілген барлық кестелер шыншылдық кестесі болып табылады. Егер шыншылдық кестесінің жол-дарын номірлері бойынша орналастырса, онда бұл функцияны шыншылдық кестесіндегі нәтиже бағанының тік жолы бойынша салыстырғанда пайда болатын 2n -биттік екілік санмен толықтай суреттеуге болады. Сонымен. ЕМЕС-ЖӘНЕ - бұл 1110, ЕМЕС-НЕМЕСЕ -1000, ЖӘНЕ - 0001 және НЕМЕСЕ - 0111. 16 мүмкін болатын 4-биттік тізбек сәйкес келетін 2 айнымалыдан тек 16 Буль функциялар бар екені түсінікті. Сурет 3-тің а) суретінде көпшілік функциясына арналған шыншылдық кестесі берілген. Ол егер айнымалылардың көпшілігі 0 ге тең болса, онда ол 0 бірлігін, ал егер айнымалылардың көпшілігі 1-ге тең болса, онда ол 1 бірлігін қабылдайды. Бұл функция үш айнымалыға тәуелді: М =/(А,В,С).
2. Буль функцияның жүзеге асырылуы қалай?
Кез-келген Буль функциясы үшін мына үрді жүзеге асады:

  1. Берілген функция үшін шыншылдық кестесін құру;

  2. Әрбір кіріс сигналы үшін инверсияларды туғызу үшін, инверторларды қамтамасыз ету;

  3. Нәтижесі бір болатын шыншылдық кестесінің әр бір жолы үшін ЖӘНЕ вентилін салу;



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет