Қарапайым физиотерапия әдістері


Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату. Қолдану көрсетілімдері



бет2/5
Дата21.12.2022
өлшемі1,11 Mb.
#163685
1   2   3   4   5
Байланысты:
DOC-20221218-WA0001.

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
МҰЗДЫ МҰЙЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Дайындаңыз: Қолыңызды сабындап жуыңыз.
  • Мұзды мұйық
  • Мұз кесектері
  • Сүлгі (жаялық)
  • Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс
  • 2 салфетка

Іс әрекет:1.Науқас пен қарым-қатынас жасаңыз: өзіңізді таныстырыңыз, науқастан атын-жөнін содан кейін қал-жағдайын сұраңыз.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дайындаған қажеттіліктеріңізді науқасқа алып келіңіз.
2.Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
3.Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
4.Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
5.Қолыңызды антисептикпен өңдеңіз.
6.Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
7.Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
8.Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз
9.Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
10.Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты
арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.Ағынды суда шайып, сүртіп орнына қойыңыз.
11.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
Қолдану корсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет