Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі, пәні бағдарламасының мазмұны



бет1/7
Дата16.09.2022
өлшемі174,59 Kb.
#149745
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі
Грант тобының кураторлар тізімі, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 1олимпиада, ГО 18-1, ~$6b9a18-7feb-4198-a4f3-0e856296a6ec, 5.4, 5.4, Антивирус, Функция., Антивирустық бағдарламалар, Екі түрлі күнделік, арксинус, жинастыру бөлімі

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі, пәні бағдарламасының мазмұны.
Кіріспе.
Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесінің негіздері. Қазіргі қоғамдағы математика білімінің өсу мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерінің қалыптасуы- мектепте I сыныпты оқытудың міндетті жалғасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой дамуындағы математиканың алатын орны.
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикасын халық педагогикасымен ұштастырып жүргізу. Негізгі математикалық ұғымдарды халық педагогикасы арқылы беру. Сан мөлшері, өлшем, геометриялық фигуралар, кеңістік және уақыт. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерінің даму мәселелері.
Е. И. Тихеева, Ф. А. Блехер, А. М. Леушина, М. С. Сәтімбекова, В. Н. Рудницков, Р. Л. Клюева, Л. А. Венгер, В. В. Данилова, Л. С. Метлина, Т. В. Тарунтаев, Т. Д. Рихтерман, Г. С. Красницкая, т.б. өз еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жолдарын, оқыту әдістерін сөз етеді.


Мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Сенсорлық тәрбие, «көп», «аз» деген ұғымдармен таныстырып, сан, санның натурал қатары туралы түсініктер беру. Сан және санаудың даму тарихы. Жазба нумерациясы. Санау жүйелерінің дамуы. Геометриялық фигура, көлем және өлшем. Уақыт. Кеңістік. Алгоритм.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесінде Е. И. Тихееваның «Балаларға математиканы оқыту мәселесі туралы» еңбектерін талқылауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда Ф. Н. Блехердің өңделген бағдарламасы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесіне А. М. Леушинаның қосқан үлесі.
Осы әдістеме саласында педагогикалық- психологиялық әдебиеттердегі мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерінің даму мәселелері.
Р. Л. Клюева, Л. А. Венгер, В. В. Данилова, Г. А. Корнеева, Т. А. Мусейбаева, Т.В.Тарунтаева, Л.С.Метлин, Т.Д.Рихтерман, Г.С.Краницкая, М.С.Сәтімбекова жұмыстарындағы әдістемелік мәселелер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет