Қарқаралы аудандық модельді балалар кітапханасының 16 қыркүйек 16 қараша аралығында «Көк сандықтың саяхаты»


«Көк сандық» саяхаты Егіндібұлақ кітапханасында



бет20/27
Дата27.11.2016
өлшемі6,65 Mb.
#2578
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

«Көк сандық» саяхаты Егіндібұлақ кітапханасында

07.11.2015-12.11.2015



Кітапты насихаттау, кітапты оқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен танысу мақсатында , «Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз!» ,- деген ұран аясында облыстық Абай атындағы балалар кітапханасының бастамысымен тамыры тереңде жатқан сонау Германия елінен бастау алған «Көк сандықтың саяхаты» атты халықаралық жобасы шеңберінде саяхаттап жүрген іші ғажайып сырға толы сандық Егіндібұлақ селолық модельді кітапханасына да (05.11.2015 ж) келіп жетті.

Еліміздің сондай – ақ шетел жазушыларының тамаша туындылары бар көк сандық алдымен кітапханамыздың ең кішкентай оқырмандарына , яғни селодағы «Айгөлек» балабақшасының жас оқырмандарына таныстырылды. Алдымен балалардың ұшқыр қиалдарын білу мақсатында көк сандықтың ішінде не бар екендігі туралы ойларын біліп, бал тілді кішкентай бүлдіршіндердің сан қилы қызықты жауаптарынан соң, көк сандықтың тарихына тоқталып, сандықтың ішін ашып кітаптар легімен таныстырған сәтте балалар зор ынтамен қызғушылықпен зер салып, сұрақтар қойып, өздері оқыған кітаптары да кездескенін айтып, жәнеде таныс емес кітаптар мен авторларды оқығысы келетін қызғушылықтарын жасырмады. Ішінен кітапханашы балаларға «Үш аю» атты ертегі кітапты оқып бергенде балалар ден қойып, ұйып тыңдады. Шара соңында балалар көк сандықпен суретке түсіп, мәре – сәре болысып, сандықтың саяхаты аяқталғанша кітапханаға тәрбиешілерімен, ата – аналарымен барып, кітаптарды алатындарын айтып сандықпен саяхат қызықты болғаны соншалық қимастықпен шығарып салды. Бала бақша меңгерушісі Меруерт Маткенқызы бастаған ұжым «Көк сандықтың саяхатының» әсерлі болғанын , балалардың ой- өрісін, рухани әлемін қалыптастыруда осындай игі шаралардың өткеніне ризашылықтарын білдіріп, оларда балалардың ойын құптап, яғни сандықтың саяхаты аяқталғанша ішіндегі ғажайып сырларын кішкентай балаларға оқып беріу мақсатында кітапханаға қуана келетіндерін жеткізді.





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет