Қарқаралы петициясы. «Алаш» партиясының құрылуы. Орындаған: болат б. О. Физика- педагогика 01



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі5,08 Mb.
#80034
1   2   3
Байланысты:
тарих баубек

VI. Ел қорғау

  • VI. Ел қорғау
  • Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
  • VII. Салық
  • Салық әл-ақуаты, табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
  • VIII. Жұмысшылар
  • Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод- фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. "Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)
  • IX. Ғылым – білім үйрету
  • Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерінде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
  • Х. Жер мәселесі
  • Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу: бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитетер кесу; сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; һзара әділдің жолмен пайдалану.

Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет