Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.
Телекоммуникациялар – компьютерлік желілер мен қазіргі техникалық байланыс құралдары негізінде мәліметтерді дистанционды жеткізу.
Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларда жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуғабағытталған ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми - техникалық процесс.
Мейнфрейм -512 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін оперативті жады көлемі бар үлкен ЭЕМ.
Процесс – компьютерде кез келген түрдегі мәліметтерді өңдеу функциясы.
Адаптер – сыртқы құрылғы мен шина арасындағы мәлеметтерді стандартты алмасу жергілікті басқару функциясын атқарады.
Антенна - электромагниттік толқындарды қабылдау және таратуға арналған құрылғы.
Арна (Channel) – сигналдарды жіберуге арналған физикалық немесе логикалық жол. Компьютерлік желі аясында көбінесе коммуникациялық және дисктік деген каналдың екі түрі жиі кездеседі. Коомуникациялық арна деп сөйлеу, мәліметтер немесе видео бейнелер жүретін маршруттарды атайды. Мәлімет жіберудің қазіргі технологиялары бір физикалық арнаның ішінде бірнеше коммуникациялық арналары ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Аутентификация – бұл сол қолданушы индивидуум болып табылатынына сенім алу.
Желі – деректер алмасуын қамтамасыз ететін арнайы аппаратураның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.