“арифметикалық ҰҒымдарды оқыту әдістемесі”



Pdf көрінісі
Дата18.09.2023
өлшемі3,73 Mb.
#181392
Байланысты:
Темір Аружан



“АРИФМЕТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ”
Дайындаған: Темір Аружан
ПМНО-308 топ


АРИФМЕТИКА
Арифметикалық амалдарды оқытып-үйрету есептердің
жаңа түрлерін қосу мен азайту амалдарының мән-
мағынасын ашу, белгісіз қосылғыштарды, белгісіз
азайғышты, белгісіз азайтқышты табу, т.б. шығарумен
байланысты. Математиканы оқытудың бірінші
циклында құрамында оқытып- үйретілген жай есептің
түрлері(санды брнеше бірлікке арттыру немесе кеміту
және қосындыны табу, үшінші қосылғышты табу, т.б.)
бар екі амалмен шығарылатын есептермен жұмыс
жүргізледі.


Әрбір арифметикалық амал, басқа да
математикалық ұғымдар сияқты жиындарға
қолданылатын амалдарды орындау
процеснде нақтылы негізге сүйене
айқындалады:
• қосу – ортақ элементтер жоқ жиындарды
біріктіру;
• азайту – жиынының бір бөлігін айырып алу;
 •көбейту – элементтерінің саны бірдей
жиындарды біріктіру;
• бөлу – жиынды саны бірдей қиылыспайтын
жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін



БҰЛ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН БІЛІМНІҢ КӨРНЕКІ НЕГІЗІН
САЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. СОНДЫҚТАН ДА ҚОСУ АМАЛЫН ОҚЫП – ҮЙРЕНУ
ЗАТТАРДЫҢ ӘР ТҮРЛЕРІ ТОПТАРЫН БІРІКТІРУМЕН, АЛ АЗАЙТУ – ЗАТТАРДЫҢ
ТОБЫНАН ҚАНДАЙ ДА БІР БЕЛГІСІНЕ ҚАРАЙ БІРАЗ ЗАТТАРДЫ АЛЫП ТАСТАУМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ОРЫНДАЛАТЫН ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. СОНДА
ЗАТТАРДЫҢ ТОБЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН НАҚТЫ ІС — ӘРЕКЕТТЕРМЕН САНАУ ҚАТАР
ЖҮРГІЗІЛЕДІ. МҰНДАЙ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ АМАЛДАРЫН
ОҚЫП – ҮЙРЕНУГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ, ЯҒНИ ОЛАРДЫҢ МӘН – МАҒЫНАСЫН АШУҒА НЕГІЗ
ҚАЛАЙДЫ ДА, ӘРІ ҚАРАЙ МӘТІНДІ ЖАЙ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ БАРЫСЫНДА
ЖАЛҒАСАДЫ.


Арифметикалық амалдар - берілген сандар
бойынша тиісті шартты
қанағаттандыратын басқа бір санды табу
әдісі. Мектеп арифметикасында натурал
сандар меп оң бөлшектерді қосу, азайту,
көбейту, бөлу амалдары қарастырылады.
Берілген натурал сандарды қосу деп сол
сандарда қанша бірлік болса, сонша
бірліктерден қүралған санды табу амалын
айтады. Берілген сандар қосылғыштар, ал
қосу нәтижесі қосынды деп аталады


МАТЕМАТИКАНЫҢ БАСТАУЫШ КУРСЫНДА
ОҚУШЫЛАРДЫН ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ЖҮЙЕСІ
ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ. ОНЫМЫЗ - ӘР ТҮРЛІ СИПАТТЫ
МАШЫҚТАНДЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ: ЖЕКЕ МЫСАЛДАРДЫ
ШЫҒАРУ, ТАБЛИЦАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ, ӘРІПТЕРДІ САН
МӘНДЕРІН ҚОЙЫП, ӨРНЕКТЕРДІҢ МӘНДЕРІН ТАБУ Т. С. С.
ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОЛАРДЫ
АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ (ШАПШАҢДАТУДЫҢ) МЫНАДАЙ
ТҮРЛІ ДӘРЕЖЕСІ ЕСКЕРІЛЕДІ: ТАБЛИЦАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСУ МЕН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ҚАТЫСТЫ АЗАЙТУ МЕН БӨЛУДІҢ КЕРІ ЖАҒДАЙЛАРЫ
ТОЛЫҚ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ОРЫНДАЙ АЛАТЫН
ДӘРЕЖЕГЕ ЖЕТКІЗІЛУІ ТИІС ( МЫСАЛЫ, 3 + 8= 11, 7*6 = 42,
12- 5 = 7, 56:8=7 ЕКЕНІН ТЕЗ ДЕ ДҰРЫС ОРЫНДАЙ БІЛУЛЕРІ
ТИІС). КЕЙБІР ОПЕРАЦИЯЛАР ДА, АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ
ОРЫНДАЛАТЫН БОЛАДЫ, МЫСАЛЫ, 18 БЕН 7 САНДАРЫН
ҚОСҚАНДА МЫНАДАЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕЗ ОРЫНДАЛАДЫ:
8+7= 15, 10+15=25 НЕМЕСЕ 7 = 2+5, 18+2=20, 20 + 5=25


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет