Арылу жолдары



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.09.2023
өлшемі373,99 Kb.
#182333
  1   2   3
Байланысты:
Балалар агрессиясы- себептері, салдары және одан арылу жолдары - UNICEF Қазақстан



БАЛАЛАР АГРЕССИЯСЫ: СЕБЕПТЕРІ, САЛДАРЫ ЖӘНЕ ОДАН 
АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
 
 
Агрессия 
(латын тілінен "agressio" — шабуыл, өршелену) – біреуге немесе 
бір нәрсеге зиян келтіруге бағытталған физикалық немесе сөздік (ауызша) жосық. 
Балаларда агрессия қандай көрініс табуы мүмкін? 
Нәрестенің ашулы жылауында байқалатын реніш пен ашуланшақтықтың 
себебі қарапайым, бұл баланың физиологиялық мұқтаждықтары қанағаттанбаған 
деген сөз. Бұл жағдайда агрессивті реакция - өмір сүру үшін күрес реакциясы 
болып табылады. 
1,2-5 жастағы баланың құрбы-құрдастарына ашулануы және физикалық 
шабуыл жасауы, ойыншықтарға иелік етуге байланысты қақтығыстар болып 
табылады. 
Егер осы жаста ата-аналар баланың мінез-құлқына төзімсіз болса
нәтижесінде балада қынқылдау, бағынбау, қыңырлық және т. б. сияқты 
агрессияшылдықтың символикалық нысандары қалыптасуы әбден мүмкін.
3 жастағы баланың айқайы, жылауы, тістеуі, тебінуі оның "зерттеушілік түйсігін" 
шектеумен, таусылмас білімқұмарлық пен ата-ананың "болмайды" деген тыйым 
салуы арасындағы қайшылықпен байланысты болуы мүмкін. 
Мектепке дейінгі ер баланың сотқарлығы, қыз баланың жылауы мен шаңқылы 
агрессия танытудың түрлері болып табылады. Осы жаста ер балалар қыздарға 
қарағанда агрессивті беталыстарды көбірек байқатады, себебі қыз балалар бұл 
беталыстар үшін жазалау мүмкіндігінен жасқанады, ал ұлдардың агрессиясына 
қоршаған орта әлдеқайда шыдамды болып келеді. 


Бастауыш мектеп жасындағы ер балаларда физикалық шабуыл актілері 
және қыздарда агрессияның "әлеуметтенген" формалары: қорлау, мазақтар, 
бәсекелестік жиі кездеседі. 
Жасөспірім-ұлдарда физикалық агрессия (шабуылдар, төбелестер), ал 
қыздарда - негативтілік және сөздік агрессия (өсек, сын, қорқыту, ұрыс) басым 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет