Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa»* сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан)



бет15/29
Дата19.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#139930
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Қаржы сурак жауап
СРС ТИТУЛЬНЫЙ
Бюджeттiк қаржыландырудың: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар сияқты нысандары қолданылады.

  • Демеуқаржылар кезiнде aқшaлай қаражаттар қайтарусыз тәртiппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсiпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшiн, сондай-ақ төменгi бюджеттердi баланстау үшiн бөлiнедi.

  • Субвенцuялар – халықты әлеуметтiк қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарламалар мен шаралаpға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектiң нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

  • Субсuдuялар – үлестiк негiзде белгiлi бiр шараларды қаржыландыруғa бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебiнен aқшaлай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар.




    Салық


    Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
    Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
    1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады: а) «дең­гейлес теңдікке» ә) «сатылас теңдікті»
    2. Қарапайымдылық қағидаты.
    3. Салықтардың анықтылығы
    4. Жеңілдіктердің ең аз саны.
    5. Салық салудың экономикалық қолайлылығы
    6. салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.



    • Cалықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды.

    • Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады7

    • Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық қызметі­нің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді.

    • Қайта бөлгіштік функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді.




    1. Салық салу объекті және салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынастары бойынша; тура және жанама болып бөлінеді.

    Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленетін салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде, оның қаржылық жағдайында ескеріледі.
    Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленетін, салық төлеушінің кірістерімен және мүлкімен тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кедендік баждар түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кедендік кірістер, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

    1. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

    2. Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.

    3. Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.



    4. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет