Қаржының пайда болуы мен дамуы 1 тақырып. Қаржы ғылымының алғаш шығуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері


тақырып. Инвестиция теориясының дамуы



бет17/25
Дата27.07.2020
өлшемі73,46 Kb.
#75618
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
Қаржының даму тарихы
Қаржының даму тарихы
2.7тақырып. Инвестиция теориясының дамуы.

2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Инвестиция теориясының мәні мен қызметтерімен, Инвестицияның құрылымымен және Қазақстан Республикасының инвестициясының ағымдағы жағдайы мен даму перспективасымен студенттерді таныстыру.

3.Лекция мазмұны. Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қатынастарға өтумен байланысты және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әр түрлі мағынада қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық.

Инвестиция – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге салынатын заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интеллектуалдыққұндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді.

Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік.

Инвестиция – экономикалық жүйеде қызмет ететін капитал көлемінің, яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдарының ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы.

Инвестиция – ол өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығын және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындар жиынтығы. Сонымен қатар инвестиция – капитал салу және күрделі қаржы.

Инвестициябұл жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын еңгізумен байланысты өндірістің ұлғаюына және жаңаруына жұмсалатын шығындар.

Инвестиция – бұл шаруашылық өмірге бағытталған салымдар және капитал құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін капитал жұмсау әдісі.

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестиция – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері болып табылады.

Инвестицияларға ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдар, өндірістік қорлар және тағы басқалар жатады.

Экономикалық қызметіне байланысты инвестицияның жалпы капиталы келесідей бөліктерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы, орман және аң аулау шаруашылықтары, балық аулау шаруашылығы, өндіріс, сауда, автокөлік жөндеу, қонақүй мен мейрамхана, көлік пен байланыс, қаржылық қызмет, жалға беру қызметтері, мемлекеттік басқару, білім беру, әлеуметтік және коммуналдық қызметтердің көрсетілуі.

Инвестицияның жалпы капиталының басым бөлігі жалпы ішкі өнім динамикасының деңгейіне әсер етеді және макроэкономикалық талдаудың объектісі ретінде қолданылады. Макроэкономикада инвестиция түсінігі ЖІӨ –нің динамикасына әсер етуші шығындардың 4.Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар қолданылуын сипаттайды. Кейбір жағдайларда мұндай инвестициялар экономиканың нақты секторы немесе нақты инвестициялар деп аталады.

Нақты инвестициялар үш негізгі бағытқа бөлінеді. Жалпы капиталдың кәсіпкерлік инвестициялары, тұрғын үй құрылысының инвестициялары және қорлардың өзгеруі (тауарлық-материалдыққорлардың инвестициялары).

Сондай-ақ, инвестициялар таза және жалпы инвестициялар болып бөлінеді. Бұл бөліну функционалдық капиталдыңайналмалылығы инвестициямен байланысты екендігін көрсетеді.мұндай үдерісте функционалдық капиталдың физикалық жағдайы нашарлайды. Өнімге деген бағасы бөліктерге ауыстырылып, амортизациялық қорды құрайды.

Жалпыға бірдей деңгейде инвестиция жер учаскесіне, жылжымайтын мүлікке, бағалы қағаздарға, құрылысқа, техникалық құрал-жабдықтарға, қазба байлықтар мен кен өндіруге жұмсалатын күрделі қаржы. Сонымен қатар, инвестиция капиталдың ел ішіндегі және шет елдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестицияны жүзеге асыру үшін оның белгілі формалары болады. Олар ақшалай және тауарлы, қысқа және ұзақ мерзімді, несиелік және кәсіпкерлік болып бөлінеді.

Қазіргі кезде кәсіпкерлік форма Қазақстан экономикасы үшін өте қолайлы. Кәсіпкерлік капитал жеткізілімі өз кезегінде шекарадан тыс жерлерде филиалдар, еншілес компаниялар және бірлескен кәсіпорындар құруға бағытталған ұзақ мерзімде шетелдік инвестициялар болып табылады.



Инвестициялар экономикалық категория ретінде келесі негізгі функцияларды атқарады:

  • Өндірістік және өндірістік емес аймақтағы негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісі;

  • айналым капиталын қамтамасыз ету және толтыру үдерісі;

  • капиталды бір саладан басқасына, аса тартымды, нақты және портфельдік инвестициялардың негізінде қайта құю үдерісі;

  • басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта бөлу үдерісі.

Қорыта айтқанда, инвестиция – пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет