Қаржының пайда болуы мен дамуы 1 тақырып. Қаржы ғылымының алғаш шығуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері



бет19/25
Дата27.07.2020
өлшемі73,46 Kb.
#75618
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
Қаржының даму тарихы
Қаржының даму тарихы
8.Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық- Алматы 2008

  2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.

  3. Омирбаев С.М финансы Учебное пособие для вузов-Астана,2003

  4. Искаков У.М. и др. Финансовые рынки и посредники. – Алматы: Экономика, 2005

  5. Көкебаева А.М., Ерманкулова Р.И Қаржы оқу құралы- Түркістан-2005

  6. ҚұлпыбаевС.К Баязитов Ш. Қаржы теориясы. Оқу құралы- Алматы. Мерей,2001

  7. Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие-Москва, 2000

Модуль 3. Салық салудың даму сатылары.

3. Тақырып 8. Салықтың жалпы теориялары

2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы салықтардың қалыптасуы және дамуымен, Казакстындағы салықтың құрылымымен, Қазақстандағы салықтардың қазіргі жағдайымен студенттерді таныстыру.

3. Лекция мазмұны. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:



  • пайда (алынған игіліктер) қағидасы

  • “қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидасы

Бұл дегеніміз алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаларын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне әкеп соғады.

Салықты ұтымды ұйымдастырудың класикалық қағидасын бұрын А Смит ұсынған еді. Олар мыналар:



  • салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс. Бұл деген әділеттік қағидаты болып табылады.

  • Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек. Бұл анықтылық қағидасы.

  • әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алудың тиіс. Бұл да қолайлылық қағидасын білдіреді.

  • Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс. Бұл үнемділік қағидасы.

Бұл қағидаларды пайдалану салық салуда зорлық зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізеді және А Смитке “салықтар- оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны” деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Салық салудың қазіргі қағидасы мынадай:



  1. Салық салудағы әділдік қағидасы

  2. Қарапайым қағидасы

  3. Салықтардың анықтығы

  4. Жеңілдіктердің ең аз саны

  5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы

  6. Салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірынғай болып келеді.Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет