Қаржының пайда болуы мен дамуы 1 тақырып. Қаржы ғылымының алғаш шығуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері


тақырып. Қаржылық қатынастар ұғымының дамуы



бет4/25
Дата27.07.2020
өлшемі73,46 Kb.
#75618
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қаржының даму тарихы
Қаржының даму тарихы
1. 2 тақырып. Қаржылық қатынастар ұғымының дамуы.

2.Лекцияның мақсаты мен міндеттері: қаржылық қатынастар туралы түсінік және оның қызметтерімен, құрылымы және қаржылық құралдарымен, ақша нарығының төлем құралдармен студенттерді таныстыру.

3.Лекция мазмұны. Халықаралық қарым – қатынастардың, сауданың дамуы уақыт өте келе халықаралық құқық нормаларында заңды көрініс табуда. Қазақстанның да әр түрлі мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынастарға түсуі, оның халықаралық құқық нормаларына сай жасалған түрлі халықаралық конвенсиялардың, келісімдердің шарттардың мүшесі болуын талап етеді.

Сол сияқты қаржылар саласындағы мемлекетіміздің заңдарымен ғана шектеле алмаймыз. Қазақстан Республикасы территориясында шетел фирмаларының қызмет істеуі, шетел азаматтарының біздің еліміздегі жұмысы, сонымен қатар біздің заңды және жеке тұлғаларымыздың да шет елдегі қызметі-осының бәрі оларға жаңа заман тәртібін анықтауды талап етеді және де ұлттық қаржы заңдарымыздың осы қатынастардың барлығын, екі тарапты қанағаттандыратындай етіп, кез – келген жағдайда шеше алмайды. Осы ретте, яғни екі мемлекеттің ішкі ұлттық қаржы заңдарының қақтығысы жағдайында, халықаралық салық салудың басты мәселесі-халықаралық қосарланған салық салу мәселесі туады.

Республикамыздағы салықтық қызмет 2001жылғы қабылданған салықтық кодекске сәйкес дамып отыр. Сонымен қатар, салықтық қызметтің іс жүзіне асыру кезінде тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына ғана емес, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алуымыз қажет.

Мемлекет қаржыларды, экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Қаржылардың мәнін түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал, қаржылардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Қандай да болмасын мемлекеттің өсіп дамуының материалдық базасы қаржыларды қалыптастыратын қайнар көзіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататыны анық. Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекетіміздің қаржылар саласының тұрақты дамуы осы саладағы мемлекеттік басқаруға тікелей қатысты.

Қазіргі таңдағы ең басты нәрсе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы егеменді республикалардың экономикалық байланыстарының жаңа үлгісін жасау. Ол суверенді мемлекеттер арасындағы бұрынғы экономикалық кеңістікті сақтап, нарық әлемінде әрбір мемлекеттің мүддесін көздей отырып, сауда-саттықты күшейту.

Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызметті мемлекеттік басқару реттеудің нәтижесі несиелік-қаржылық мекемелер жүзеге асыратын күрделі операциялар мен тиісті мәмлелерді қоғамдық мемлекеттік мүдделер тұрғысынан экономикалық және әкімшілік мән-жайды мемлекеттік ұйымдастыру, реттеу, қадағалау аудиттердің заң шеңберінде жүргізілуіне баса назар аудару және т.б мемлекеттің (оның уәкілетті мемлекеттік органдарының) ұйымдастырушы – басқарушы қызметтерінің жиынтық көрінісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет