Қарлығаш. Қарлығаштың түрлері



Дата01.11.2019
өлшемі10 Mb.
#50952
Байланысты:
ҚАРЛЫҒАШ-суреттер

Қарлығаш. Қарлығаштың түрлері

Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң бiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидан басқа жердiң бәрiнде ме-кендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жа-татын 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар-лығашы, қосреңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы¬ғашы.

Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топ-танып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар. Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.

Жар қарлығашы

Жар қарлығашы, жағалаушы (лат. Riparia riparia) — торғайтәрізділер отрядының қарлығаш тұқымдасына жататын кішкентай құс. Қазақстанның су айдындарында кең тараған. Өзендердің жарқабағын мекендейді. Дене тұрқы 12 — 14 см, қанатының ұзындығы 9 — 10 см, салмағы 11 — 18 г. Арқасы қоңырқай, қанаты мен құйрығы қара, бауыры ақшыл сұр түсті. Жемін ұшып жүріп ұстайды. Жерде жүре алмайды. Шықылықтаған дыбыс шығарады. Жар қарлығашы — жыл құсы. Сәуір — мамыр айында Қазақстанға ұшып келіп, жарқабақтағы індерге (тереңд. 50 см-дей, кейде 1,5 м-дей) ұялайды. Жылына екі рет көбейеді. Мамырда 3 — 8 (кейде 4 — 6) жұмыртқа салып, мекиені мен қоразы кезектесіп, 12 — 16 күн басады. Балапандары 20 шақты күнде қанаттанады. Қыркүйекте қыстау үшін Африкаға, оңтүстік Азияға ұшып кетеді.Ұсақ зиянкес жәндіктермен қоректеніп, пайда да келтіреді.

Құз қарлығашы

Құз қарлығашы,(лат.Ptyonoprogne rupestris) - Қазақстандандағы құз қарлығаштар туысының жалғыз өкілі. Жар қарлығашқа жалпы ұқсас болса да құз қарлығаштың денесі ірілеу (12-22 грамм). Оның төсі - қоңыр белдікшесіз ақ, ал құйрығында алыстан жақсы байқалатын әр қауырсынында ірі, сопақ ақ түсті теңбілдері болады. Батыс тәңіртаудан тарбағатайға дейін тек Ресаубликаның оңтүстік-Шығыс тауларында ғана қоныстанады. Көбірек жартастардың маңынан кездесуі мүмкін. Мұнда ол қарлығашқа тән әдеттегідей шапшаң ұшып қана қоймай, қимылсыз жазылған қанаты үстінде жоғары көтерілген ауа ағынымен ірі жыртқыш құстардың әдеттегідей жасайтын әрекетіндей қанатын желбіретіп, қалықтайды. Жар қарлығаштан ерекшелігі - інде өмір сүрмейді, жартастың тік бетіне бекітіп, сондап ұя жасайды салындыдағы екі - алты теңбілді жұмыртқаларды аналығы он төрт күнге жуық басып, балапандарын аталығымен бірлесіп жиырма бес күнге жуық қоректендіреді. Сәуірде Ұшып келіп, Қазанда ұшып кетеді.

Секпілтөс қарлығаш

Секпілтөс қарлығашы(лат. Hirundo daurica) - қыстау қарлығашқа туыстас құс. Одан айырмашылығы - мойны және құйрықүсті қызылсары реңді. Одан басқа, бауыры - таза ақ емес, бойлай созылған сепкілді. Секпілтөс қарлығаштың ұясы өте ерекше - ұя пішіні аузы ашық жарты тостағанша емес, кіретін аузы ұзын түтікшелі, толық жабылған ыдыс сияқты. Мұндай ыдыс көбінесе ғимараттың төбесіне немесе қабырға мен төбе ұласатын бұрышқа бекітіледі. Секпілтөс қарлығаш Оңтүстік Қазақстан тауларында теріс орналасқан бұрыштары бар жартас төбесіне жапсырып ұя салады. Оның мінез-қылығы қыстау қарлығашқа өте ұқсас, балапандарын да жазда сол сияқты екі рет өргізеді.

Қыстау қарлығашы

Қыстау қарлығашы, (лат. Hirundo rustica) - нағыз қарлығаштар тұқымдасына жататын құс. Дене тұркы шамамен 20 см-дей. Арқа жағы мен кеудесіндегі жолақ қара көк түспен алмасып тұрады, маңдайы мен тамағы сарғылт, қарыны әк немесе тат тәрізді. Шеткі бағдар қауырсындары жіңішке және серпімді өрметәрізді. Еуразияда, Солтүстік Африкада және Солтүстік Америкада тараған; ТМД-да барлық жерде кездеседі орманды тундрадан оңтүстіке далалық аймақтарға қарай. Шағын елді-мекендердің құрылыстарына ұя салады. Тостағанға ұқсас ұяларын төбеге іліп орналастырады. Балапандарын жаздың аяқ жағына қарай шығарады, оңтүстік аймақтарда екі рет, солтүстікте, бір рет шығарады.



Сұр қарлығаш

Сұр қарлығаш (лат.Hirrundinidae)-торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Арктика мен Антарктикадан басқа аймақтарда кеңінен таралған, 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Сұр қарлығашы өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Сұр қарлығашы ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады.



Қала қарлығашы

Қала қарлығашы,(лат. Delichon urbica) - Қазақстандағы қала қарлығаш туыстылардың жалғыз өкілі.Қала қарлығашының дене мөлшері мен пішіні әдеттегі қыстау қарлығашқа ұқсас болып келеді, алайда құйрығы едәуір қысқалау (бұрымшасы жоқ), қара, реңді жонындағы және құйрық үстіндегі ашық ақ түс айқын көрінеді, құйрығы да жоны сияқты қара реңді. Ұяларын үстіңгі жағы кесілген жар¬ты шар түрінде тік бетке бекітіп, жапсы¬рып жасайды. Қыстау қарлығаштың ұясынан айырмашылығы - қала қарлығашы ұясының ернеуі ішке қарай тартылып, ұя аузын тарылтады. Әдеттегідей, бірнеше ондаған жүптан бірнеше жүздеген жүпқа дейін шоғыр түзіп орнығады. Оның үстіне мүндай шоғырлардың орындары тұрақты болады, ал қарлығаштар жаңа ұя салумен қатар ескі ұяларды да жөндеп, оларды да пайдаланады. Ұяны ата-енесі бірлесіп жасайды. Салындыдағы жұмыртқаларды да 14-15 күн (күн райы қолайсыз болса, әлде- қайда ұзақ 20-23 күнге дейін басады. Балапандарын ұяда 20-25 күн шамасында бірлесіп қоректенеді. Күн салқын тартқанда ұядан ұшқан балапандар ұяға келіп, ата- енелері оларды қоректендіруін жалтырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет