Арнайы мектептегі сынып жетекші мен тәрбмешінің қызметтік міндеттері



Дата28.03.2020
өлшемі28,88 Kb.
#60986
Байланысты:
№3

Арнайы мектептегі сынып жетекші мен тәрбмешінің қызметтік міндеттері

Сынып жетекші

Тәрбиеші

Сынып жетекшісі – мектеп пен баланың арасындағы қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің санқырлы түрлері арқылы ұйымдастыратын кәсіби педагог, әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасайды және өз қызметін мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырады.

Тәрбиеші – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және осы жұмысты іске асырумен айналысатын педагог.

Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау

Тәрбиешінің мақсаты. Қазіргі заманауи әлемде дене және адамгершілік жағынан өздігінен өмір сүруге қабіліетті адамды дайындау. Егер мақсатты ойлау төмендегі талаптарды есепке ала отырып іске асырылса, онда олар табысты болады.

  • Диагностикалық, яғни психологиялық және даму бұзылыстары бар балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігін, сондай-ақ тәрбиелеу жұмысының талаптарын үнемі зерттеу негзінде алға жылжу;

  • Шынайылық, яғни нақты жағдайды есепке ала отырып алға жылжу және негіздеу;

  • Сабақтастық, яғни тәрбиелеу жұмысындағы барлық мақсаттар мен міндеттердің арасындағы байланыстың болуы;

  • Мақсатты сәйкестендіруге қызметтің барлық қатысушыларын мақсатты ойлау үдерісіне қосу арқылы қол жеткізеді;

  • Нәтижеге бағытталу, егер тәрбиелеу мақсаты анық, нақты болған жағдайда, мақсатқа жету нәтижелерін анықтау мүмкін болады.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне жататындар:

  • сынып ұжымы қызметін ұйымдастыру;

  • сынып ұжымының оқу жұмысын ұйымдастыру;

  • сыныптың оқудан тыс өмірін ұйымдастыру;

  • оқушы тұлғасын зерттеу.

  • оқушыларды әлеуметтік қорғау.

  • ата-анамен жұмыс.




Тәрбиешінің негізгі қызметі

  • тәрбиелеу

  • ұйымдастыру

  • дамыту

  • диагностикалық

  • ынталандыру

  • коммуниктивтік

  • қорғау

  • әдістемелік

  • бағалау

  • болжау

Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті

  • сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту;

  • тұлғаның дамуына, әрбір оқушының өз орнын табуына, оның қайталанбас потенциалдық қабілеттерінің сақталуы мен ашылуына қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің әртүрлі формалары арқылы ұйымдастыру;

  • оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

  • оқушылармен сыныпта жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

  • оқушылар арасындағы және оқушылар мен педагог қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты гуманизациялау;

  • оқушыларда адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарлар қалыптастыру;

  • оқушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметтерін

  • ұйымдастыру




Тәрбиешінің міндеті.

Мектеп-интернат жағдайында баланы тәрбиелеу мен оның мінезін қалыптастыру, оны өз бетімен өмір сүруге дайындау тәрбиешіге жүктеледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуге кіріспес бұрын тәрбиеші дамуында психикалық және дене даму бұзылыстары бар балалардың психологиясы туралы оқуға, оларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері туралы білуге міндетті.

Тәрбиешінің негізгі міндеті – тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру және дамыту, әр баланың жеке тұлғасының дамуына көмектесу, әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуына жағдай жасау.


Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері

Талдау қызметі:



  • Балалар мен жасөспірімдердің жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;

  • Әр оқушының отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеп, талдау;

  • Сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;

  • Қоршаған айналасының сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;

  • Өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау;

Болжамдық (прогностикалық)

  • Тәрбиелік ықпалмен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;

  • Оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәтижесін болжау;

  • Ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;

  • Ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арсындағы, оқушыр мен оқытушылар, ата-аналар мен оқытушылар арасындағы)

Коммуникативтік:

  • Оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйретуге көмектесу, қатарларының арасында өзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу:

  • «Оқушы-оқушы», «оқушы-ата-ана», «оқушы-оқытушы» арасындағы өзара қолайлы байланыс орнату;

  • Оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнату:

  • Ұжымдар әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу;

Тәрбиешінің атқаратын қызметтері

Жалпы талап



  • Аарнайы педагогикалық білімі болуға, өзінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде жетілдіруге және жоғарылатуға міндетті.

  • Нормативтік құжаттарды білу.

  • Арнайы педагогика мен психология саласы бойынша білімінің терең болуы.

Аналитикалық қызметі

  • Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен ауытқуларын тексеру.

  • Әрбір тәрбиеленушінің жанұялық тәрбиесінің жағдайын және талаптарын зерттеу және талдау.

Болжамдық қызметі

  • Тәрбиеленушілердің жеке даму деңгейін болжау

  • Ұжымның құрылуын, қалыптасуын болжау

  • Мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес келетін тәрбие жүйесінің үлгісін құру

Ұйымдық үйлестіруші қызметі

  • Әрбір баланың дамуындағы ауытқушылықтарды есепке ала отырып , оның даму ерекшеліктерін оның зерделік мүмкіндігін, эмоциялық көңіл-күйін білу

  • Барлық мәліметтерді баланың даму картасына тіркеу;

  • Түзету бағыттылығын есепке ала отырып, тәрбиеленушіге сабақ оқуға көмектесу;

  • Топтық өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, қосымша білім алуға көмектесу;

  • Ата-аналармен байланыс, оларға кеңес беру, шұғыл жағдайда олармен қатынасқа шығу;

  • Мұғалімдермен, психологпен, логопедпен байланыс орнату;

  • Топты , мектеп аумағын тазарту, асханада кезекшілік ұйымдастыру;

  • Салауатты өмір салтын дәріптеу;

  • Әрбір бала үшін жағымды микро орта жіне моральдық психология климат құру;

  • Медициналық тексеруден өту;

  • Өз жұмысын оқу жылына , оқу тоқсанына, айға, аптаға жоспарлау;


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет