Арнайы психология және арнайы педагогиканың қолданбалы мәселелері



бет2/5
Дата04.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#108937
1   2   3   4   5
Байланысты:
Арнайы психология және арнайы педагогиканың қолданбалы мәселелері5

«Бейімделу (адаптация) ұғымы психологиияда адамның қоршаған орта жағдайына бейімделуін білдіреді. Адам бейімделуінің екі аспектісі бар – биологиялық және психологиялық.

Биологиялық бейімделу ағзаның қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуін түсіндіреді (температураға, атмосфералық қысымға, ылғалдылыққа, жарыққа және басқа физикалық жағдайларға), сондай-ақ, ағзадағы өзгерістерге бейімделуді түсіндіреді (науқасқа, қандай бір мәшенің жойылуына немесе оның қызметінің шектелуіне).

Бейімделудің психологиялық аспектісі – адамның жеке тұлға ретінде, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Психологиялық бейімделу, қоғамдық ережелер мен нормаларды меңгеруден, қоғамдық құндылықтарды қабылдаудан тұрады. Психологиялық бейімделудің негізгі көріністері – адамның айналасындағы адамдармен белсенді қарым-қатынас жасауы. Психологиялық бейімделудің басты құралы, тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады.

Психологиялық адаптация, адам өміріндегі кез келген өзгерістерде жүзеге асады: «әйкүшік» баланың балабақшаға келген соң, жаңа жағдайларға бейімделуіне тура келеді, мектепке келу, жаңа талаптарды орындауға, жаңа жағдайларға бейіуімделуді қажет етеді, еңбек жолын бастаған жастар да, бейімделу кезеңін басынан кешіреді. Тіпті микросоциумдағы (отбасы) өзгерістер: ата-аналардың ажырасуы немесе жақын адамдардың қайтыс болуы т.б. жаңа жағдайлар туғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет