Арнайы психология және арнайы педагогиканың қолданбалы мәселелері



бет5/5
Дата04.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#108937
1   2   3   4   5
Байланысты:
Арнайы психология және арнайы педагогиканың қолданбалы мәселелері5

Орнын толтыру (компенсация) даму кемістігі немесе зақымдану нәтижесінде жойылған, бұзылған қызметтердің орнын толтыру. Орнын толтыру күрделі, көп деңгейлі әдіс. Бұған зақымданған және жоғалған қызметтерды қалпына келтіру мен алмастыру енеді. Кемістіктің орнын толтыру, ағзаның бейімделу реакциясының бір түрі.

Әдетте, компенсация әдісіне ағза толық қатысады, өйткені қандай бір жүйенің бұзылуынан, ағзада өзгерістер пайда болады, олар тек зақымданған қызметпен ғана байланысты емес (алғашқы кемістік), ол басқа жүйелерге әсер етеді (туынды кемістік). Мысалы, туа біткен немесе ерте пайда болған саңыраулық - алғашқы кемістік, ал сөйлеудің қалыптаспай қалуы – туынды кемістік, бұл өз кезегінде ойлау, есте сақтау сияқты психикалық әдістерді тежеуі мүмкін, бұл – үшінші кемістік, егер осының барлығы, баланың жеке тұлғалық дамуында ауытқулар туғызса, төртінші кемістік болып табылады. Бірақ, зақымданған жүйелер автоматты түрде өз қызметін өзгертіп, қайта құрылады, сөйтіп, жаңа жағдайға бейімделе бастайды.

Ағза қызметтерінің компенсациясы, екі деңгейде жүзеге асады: жүйеішілік және жүйеаралық.

Жүйеішілік орын толтыру немесе компенсация, сол жүйенің ішіндегі мүмкіндіктерді пайдалану есебінен жүзеге асады. Мысалы, өкпе қабынған кезде, әдетте, тыныс алуға қатыспайтын жоғарыдағы тыныс мәселелері жұмыс істей бастайды; бір өкпе істен шықса, екіншісінің жұмысы күшейе түседі. Жүйеаралық орын толтыру немесе компенсация, қызметтердің қатты зақымдануында болады, бұл ағзаның күрделі түрдегі қайта құрылуы, зақымданған жүйелердің орнына өзге жүйелер қосылады.


Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет