Артериалдық гипертония



бет4/10
Дата10.11.2022
өлшемі47,33 Kb.
#157658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Артериалдық гипертония

Физикалық тексеру:
1. АГ бар екендігін растау жəне оның тұрақтылығын белгілеу (тұрақты түрде гипотензивті терапия қабылдамайтын науқастарда, түрлі жағдайда кем дегенде үш өлшем нəтижесінде АҚ 140/90 мм.с.б. артуы.);
2. Екіншілік артериалдық гипертонияны алып тастау;
3. АГ қатер стратификациясы (АҚ жоғарылау дəрежесін анықтау, жойылатын жəне жойылмайтын қауіп қатер факторларын анықтау, ағза нысандардың зақымдануы мен бірлескен жағдай)
Инструменталдық зерттеулер: эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ, бүйрек қантамырларын допплер-УДЗ, бүйрек үсті безін УДЗ, радиоизотопты ренография.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: жоқ.



Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез деректерін бағалау (АГ жанұялық мінезі, бүйрек аурулары, жақын туыстарда ЖИА ерте дамуы, бұрын болған инсульт, миокард инфарктын көрсету, қантты диабетке, липид алмасу бұзылыстарына тұқымқуалаушылық бейімділік).
2. Өмір салтын бағалау (тамақтану, ас тұзын пайдалану, физикалық белсенділік), жұмыс, жанұя жағдайының мінезі, емделушінің психологиялық ерекшелігі.
3. Тексеру (бойы, дене салмағы, дене салмағының индексі, семіздіктің түрі мен дəрежесі, симптоматикалық гипертония белгілерін анықтау – эндокринді стигм).
4. АҚ бірнеше рет түрлі жағдайда өлшеу.
5. 12 құбылыстағы ЭКГ.
6. Көз түбін тексеру.
7. Популяцияда АГ таралуының жоғары болуына байланысты басқа жағдай себептері бойынша тұрақты тексеру шеңберінде ауру скринингін жүргізу қажет.
8. Əсіресе АГ скринингі, қауіп қатер факторларымен тұлғаларға көрсетілген: АГ бойынша бай жанұялық анамнез, гиперлипидемия, қантты диабет, темекі тарту, семіздік.
9. АГ клиникалық көріністерінсіз тұлғаларда, АҚ жыл сайын өлшеу. Əрі қарай АҚ өлшеу жиілігі бастапқы көрсеткіштермен анықталады.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Қажет жағдайда қосымша инструменталды жəне лабораторлық тесттер ретінде - эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ, бүйректік қантамырлардың допплер-УДЗ, бүйрек үсті безін УДЗ, радиоизотоптық ренография, сандық əдіспен қандағы С - реактивті ақуыз, тест - жолақтарымен микроальбуминурия (қантты диабет кезінде міндетті), сандық протеинурия, Нечипоренко жəне Зимницкий бойынша зəр анализі, Реберг сынамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет