Ас қорыту жүйесінің физиологиясы


Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі



бет2/4
Дата24.02.2022
өлшемі3,02 Mb.
#133046
1   2   3   4
Байланысты:
Ас қорыту физиологиясы
10 сұрақ, 5апта прак Ерменбаева Т, ïñèõîëîãèÿ Ð2, РУП ОП9Б
Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі– қоректік заттарды т.м.қ. дейін ыдыратып, ішек қабырғалары арқылы қанға өткізу. Белок → амин қышқылы, көмірсу → глюкоза, май → жоғарғы май қышқылы + глицерин. Механикалық өңдеуауыз қуысында шайнау, сілекеймен шылану. Химиялық өңдеу– АІЖ ферменттерінің көмегімен қоректік заттардың химиялық өзгерістерін шапшаңдатып СО2, H2O, NH3 –қа дейін ыдырауы. Биологиялық өңдеу– қарында және он екі ішекте алуан түрлі микроорганизмдер ірі азықты тездетіп ыдыратуға көмектеседі.
Асқорыту мүшелерінің қызметі: Секрециялық қызметі- ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысымен байланысты.Қимылдау қызметі– қарын мен ішектің қабырғасындағы етті қабаттың жиырылу-босаңсу арқылы араласып, шайқалып, астың жылжуымен байланысты.Сіңіру қызметі- кілегейлі қабаттың құрылымдық ерекшеліктеріне және арнайы әрекетіне байланысты.Гормон түзу қызметі– ас қорыту жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік жасушалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі.Экскрециялау қызметі– қажетсіз заттарды ағзадан бөліп шығару. Ауыз қуысындағы ас қорыту шайнау арқылы ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездері: жақ асты,құлақ асты сөлдері арқылы азықтар шыланып, жұту процестерінен өтеді: шайнау процесін сопақша мида орналасқан жүйке орталығы реттейді. Сілекей бөлу, құрамы мен маңызы. Сілекей – шырышты және аралас бездер болып бөлінеді. Сілекей құрамында 99,4-99% су және 0,6-1,0% құрғақ зат болады. Құрғақ бөлігінде – белоктар, муцин, ферменттер амилаза, глюкозидаза, бейорганикалық тұздар, Na, K, Cl, Ca, P элементтері боларды. Сілекей түзу кезеңдері:а) алғашқы өнімдерді түзіп, секрет түйіршіктерін жасау; ә) жасушадан секретті бөлу; б) жасушалардың бастапқы құрылымын қалпына келтіру.
Сілекей бөлу – ауыз қуысындағы сезімтал жүйке ұштарының (механо- және хеморецепторларының қабылданған азық әсерімен тітіркенуінен басталады. Механорецепторлар азықтың консистенциясын, дымқылдығын анықтауға мүмкіндік береді). Хеморецепторлар арқылы тамақтың дәмін анықтайды. Ауыз қуысынан қозу толқыны үшкіл жүйкенің тілдік тармағы, тіл-жұтқыншақ жүйкесі, кезеген жүйкенің жоғарғы көмейлік тармағы арқылы сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі. Сілекейдің рефлекторлық доға құрамымен бөлінуі 1) Ауыз қуысындағы хемо- және механорецепторлар тағамның түсуімен тітіркенеді және олар тітіркендіргіш әсерінен жүйкелік импульске айналады. 2) Жүйкелік импульс бет, тіл жүйке құрамымен сілекей бөлу орталығына жетеді. 3) Сопақша мида ақпарат түзіліп, талданады. 4) Талданған ақпарат вегетативтік жүйке жүйенің (ВЖЖ) парасимпатикалық немесе симпатикалық бөлімінің жүйке құрамымен сілекей бөлу таралады. 5) Сілекей бөлу келген жүйкелік импульс әсерімен сілекей бөледі (қоймалжың сілекей немесе сұйық сілекей бөлінеді). Сұйық сілекей парасимпатикалық бөлімде қызмет атқарса (мыс: лектор, әншілер), ал қоймалжың сілекей симпатикалық жүйкеде қызмет атқарады (мыс: емтихан кезінде студент қобалжығанда). Сілекей бөлінуінің реттелуі: Жүйкелік- сопақша ми ВЖЖ екі бөлімімен реттелінеді. Парасимпатикалық жүйке жүйе – сілекей бөлуді арттырады, ал симпатикалық жүйке жүйе - төмендетеді.Гуморальдық- гормондармен реттеледі.
Қарында ас қорытуда маңызы зор HCI пепсиногенді – пепсинге айналдырып, бактерицидтік қасиет көрсетеді де, белокты амин қышқылына дейін ыдыратады. Қарын бездерінің сөл бөлу қызметінің реттелуі. 1) Күрделі рефлекстік және милық кезең– шартты және шартсыз рефлекторлық әрекетке негізделген. Шартсыз рефлекторлық әрекет – тамақ дайындау, иіс, түрі қарын сөлін бөлдіреді. Шартсыз рефлекторлар – дистантты рецепторлардың қоздырғышы. Шартты рефлекторлар – ауыз қуысына тағам келіп түсуі, рецепторлардың қозуы. 2) Қарындық және жүйкелік - гуморальдық кезең. 3) Ішектік кезең– қарыннан ас ішекке жылжығанда қарын сөлі бөлінеді. Қарын қимылы– қарын қабырғасының асты араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін әрекет жиынтығы. Қарын қимылының реттелуі: Жиырылу түрлері: А) Перистальтикалық жиырылу– 5-20 сек, бір фазалы, төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын жиырылу. Ә) Ширықпа жиырылу– бойлама және қиғаш қабаттарының толқын тәрізді жиырылуы. 15-20сек, 2-4рет Б) Систолалық жиырылу- қарын кіреберісінен басталып, 60сек дейін созылады, ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет