Ас қорыту мүшелері Орындаған: Көшекова г тобы: вм-401 Ауыз қуысының мүшелері Ауыз қуысы



бет9/12
Дата14.12.2021
өлшемі2,69 Mb.
#126716
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ас қорыту мүшелері
өөт, Презентация 3, Презентация 3, Презентация 3, питон есептері, Байбараков Байрамбек Осөж 15, 1587199996
КӨП БӨЛІМДІ ҚАРЫН

Көп бөлімді қарын күйіс қайтаратын жануарларға тән. Қарында негізінен төрт бөлім болады. Олар: мес қарын, жұмыршақ, катпаршақ, ұлтабар. Алдыңғы үш бөлімнің кілегейлі қабықтарында без болмайды. Оларды біріктіріп, алдыңғы қарындар — деп атайды. Бұл бөлімдерде азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтеді. Ферментгердің қатысуымен азықты химиялық қорыту ұлтабарда жүреді.



Көп бөлімді қарын бөлімдерінің орналасу орындары (топографиясы).

Мес қарын сақа жануарларда көлемі жағынан бірінші орында. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысын толығымен алып жатады. Мес қарын 6-ншы қабырғааралық тұстағы диафрагмадан жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылып жатады. Оның қабырғалық беті (facies parietaRs) сол жақ құрсақ қабырғасымен, ал ішкі висцеральды беті (facies visceralis) ішектермен жанасады. Мес қарынның дорсальды иіні (curvatura dorsalis) диафрагма мен бел бұлшық еттеріне байламдармен байланады, ал вентральды иіні (curvatura ventralis) кұрсақ қуысының вентральды қабырғасымен жанасады.

Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында, семсерше өсіндінің жоғарғы жағында орналасады. 6-7-нші қабырғааралық тұста оның жоғарғы жағы бауыр және қатпаршақпен, ал оң жағы бауыр және диафрагмамен жанасады.

Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында жатады. Оның сол жағында мес қарын, оң және жоғарғы бетінде бауыр, төменгі бетінде ұлтабар орналасады.

Ұлтабар құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасқан. Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді.Ұлтабардың жіңішкерген пилорустық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12-нші қабырғааралық тұсқа дейін көтеріліп, сәл ғана алға қарай бұрылады да, 9-11 -інші қабырғааралық тұста ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) өтеді. Ұлтабардың оң жағы бауырмен, сол және алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы жағында ішектер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет