Асқабақ туралы түсінік II. Негізгі бөлім


Кәді Шаруашылық маңызы және таралуы



бет2/3
Дата21.02.2022
өлшемі252,11 Kb.
#132698
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Кәді
рис, №2 дәріс ГКЛ
Кәді

Шаруашылық маңызы және таралуы. Кәді (Cucurbіta pepo L.) асқабақтың түртарамына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Бақша дақылдарының ішінде кәді тез пісетін жеміске жатады. Оның жемісі піспей жатып та, піскен жас күйінде де және сүрлем күйінде де малға сапалы азық болып есептеледі. 100 кг жемісінде 7,5-9,0 а.ө. және 0,3-0,4 кг қорытылатын протеин бар. Жемісі көмірсуларына, витаминдер мен минерал тұздарына бай. Ол клетчаткаға бай көлемді азықтар қатарына жатуына байланысты малдың ас қорыту органдарының жұмысын белсендетіп, ірі азықтардың сіңімділігін реттейді, нәтижесінде алынатын мал өнімін жоғарылатады. Кәдінің піскен кезінде 5-10% құрғақ зат, 2,3-2,8% қант және 100 г шикі массасында 35-40 мг каротин болады.Қазақстанда кәдіні барлық аймақтарда өсіруге болады. Бірақта жылуды аса керек етпеуіне байланысты оны орталық және солтүстік облыстарда өсіру тиімдірек. Кәдінің әр гектардан жемісінің өнімі 400-500 ц дейін жетеді.

  • Биологиялық ерекшеліктерді. Кәді өзінің мал азықтық қасиеттері бойынша асқабаққа ұқсас келеді.

  • Тамыр жүйесі жақсы дамыған, орталық тамыры 1,5 м дейінгі тереңдікке дейін өседі, жанама тамырлары жан-жағына 1,4 м дейін жайылады. Тамырының негізгі массасы (60% дейін) топырақтың 10-30 см қабатында орналасады.

  • Сабақтары қысқалау, жақсы түптенген, асқабақ сабағына ұқсас. Жапырағы бесқалақты ұшы үшкірленген, ұзын сағақтарында кезектесіп орналасқан. Гүлі – даражынысты, айқас тозаңданады. Піскен жемісі цилиндр тәрізді, сопақша, ұзындығы 40-50 см, қабығы ақшыл-сары немесе қою-жасыл жолақты, шырыны бостау, дөрекілеу келеді.

  • Кәді – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы +10-120С өне бастайды. Өскіндері 6-7 тәулікте пайда болады. Толық өскін бергеннен 25-30 күннен кейін гүлдене бастайды да одан 30-35 күн өткесін жемісі піседі. Бақша дақылдарының ішінде кәді ең суыққа төзімдісі.

  • Кәдінің тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты уақытша құрғақшылыққа төзімді келеді. Сол себепті ол ылғалы орташа аудандарда (300мм жоғары) қанағаттанарлықтай өнім береді. Кәдінің өте ерте пісіп жетілуіне байланысты үздіксіз жеміс беруі жалғаса береді. Жемісін көктей жинаған жағдайда тамыр жүйесінің дамуы күшейеді, нәтижесінде жапырақтануы қарқынданады, өркендері жақсы күшейеді және аналық гүлдері мен түйіндері көбейіп тезірек дамиды.

  • Кәді қаратопырақты және құнарлы құмбалшықты топырақтарда жақсы өседі. Шаруашылықта кәдінің Грибовские 37 және Одесские 52 сорттары көп тараған.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет