Асқабақ туралы түсінік II. Негізгі бөлім



бет1/3
Дата21.02.2022
өлшемі252,11 Kb.
#132698
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Кәді
рис, №2 дәріс ГКЛ

Жоспары:
Кіріспе.
Асқабақ туралы түсінік
II.Негізгі бөлім.
Асқабақтың түрлері
Асқабақ жемісінің құрамы
Асқабақ майы
Асқабақтан жасалынатын тағамдар
Асқабақ халық емінде
Асқабақ еті ем болатын аурулар
Асқабақ шырыны ем болатын аурулар
Асқабақ тұқымы (дәні) ем болатын аурулар
Асқабақ мәйегі ем болатын аурулар
III Қорытынды бөлім
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар.Мұртша- түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады. Жатыны ұзарып, төмен орналасқан. Сонда аталық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0, ал аналық гүлдің формуласы: Т(5)К(5)А0Ж(3). Жемісі - қабақ. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол жыл санауға дейін 3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері (қауақ, бәлішқауақ) бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.
Асқабақ (cucurbita) – асқабақ тұқымдастарына жататын бір және көп жылдық шөптесін, қолдан өсірілетін өсімдік, усыз, дәмді жеміс. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болып, 15 ғасырдың соңында Мысырға әкелінген. Асқабақ Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек өсіріліп, тағамда, мал азығында пайдаланылады.
Бір және көп жылдық өсімдік – асқабақтың қазақ жерінде 13 түрі өсіріліп келеді. Оның 60-80 келілік ірі жемісті мал азығына, мускатты тәтті, хош иісті түрлері тағамда пайдаланылып, дәмді де нәрлі құнарлылығымен қазақтарға да ежелден белгілі болып отыр.
Асқабақтың түрлері: Қазақстанда көбінесе асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде «Волгалық сұр-92», «Мозолевтік-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріліп, өнім алынады. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Жалпы, қатты қабықты асқабақтық түріне кәді мен табақша асқабақ та (патиссон) жатады. Оларды жас, тұздалған күйінде тамаққа қолданады.
Асқабақтың түрлері
Асқабақ жемісінің құрамы
15-18 пайыз құрғақ заттар, 8-10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибафлавин бар. Дәніндегі май мөлшері: 20-40 пайыз. Қазір көптеген асқабақтың құрамында әртүрлі физиологиялық әсері жақсы кукурбитация затының бар екендігі анықталып отыр. Және де асқабақтың құрамында 90,3 пайыз су, белок, клетчатка, күл де кездеседі. Адам денсаулығына пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс-жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге ерекше бай. Олар: С, В1, В2, В5, Е, РР және ағзадағы зат алмасу процесін жеделдетін Т, қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері және калий, калций, темір. С дәрумені – 8 мг. Қабығынан тазартылған (кілегей қабығымен бірге) тұқымы ішек құртына қарсы (қоймалжың, қайнатылған түрде) қолданылады, асқабақтың жемісінен (ұрығынан) каротин (А провитамині) алынады.
Асқабақтың сабағының ұзындығы 2-10 метр, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес, гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш түсті, тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі, жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әртүрлі, шырыны жұмсақ, дәмді. Мінеки, асқабақтың негізгі сипаты осындай. Ол – экологиялық таза өнім.
Асқабақ майы
Асқабақ майы. Ол – денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктегі зат. Асқабақ майы 90 пайызға жуық қанықпаған майларды, 45-60 пайызға дейін линолді қышқылды құрайды. Асқабақ майында омега-3, омега-6 май қышқылдары өте бай.
Тұрмыста асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Осы майдың өзіне тән ерекшеліктері: түсі – қошқыл жасыл немесе қою қоңыр, иісі өткір, хош иісті, дәмі тәтті. Яғни, асқабақ майы – биологиялық белсенді зат. Құрамындағы белсенді май қышқылдары: пальмитин, стеарин, олеин, линол қышқылдары, стериндер, фосфолипидтер, каротинойдтар; дәрумендер мен микроэлементтерге де бай. Асқабақ дәнінің майын дәрі ретінде капсула, флакондарда сақтап, пайдаланады. Асқабақ майының құрамында қанықпаған май қышқылдары болғандықтан, ол жануар майының ең жақсы алмастырушысы болып саналады. Өйткені, жануар май қышқылдары қанықпаған, сол себепті эмульсия түзбейді де ағзаға қиын сіңеді. Асқабақ майында қанықпаған майлар бар, ол тағамның сіңіп, жеңілдеп, зат алмасуының тездеуіне жәрдемдеседі. Соның нәтижесінде, ағзадағы асқорыту, зәр шығару мүшелерінің жұмысы күшейеді. Қазір дамыған елдерде асқабақ майы биологиялық белсенді зат –
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет