Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


§2. Басқару құжаттарын күшіне енгізу, сақтау жəне



Pdf көрінісі
бет25/188
Дата23.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#70787
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   188

§2. Басқару құжаттарын күшіне енгізу, сақтау жəне  
бөлімшелерге жіберу 
 
80.  Мекеменің  басқару  құжаттары,  құжаттың  өзінде  басқаша  мерзім 
көзделмеген болса, осы құжат тіркелген күннен бастап күшіне енеді. 
81-82.  Мекеменің  Басқармасы  мен  Директорлар  кеңесі  қаулыларының 
түпнұсқаларын  Мекеменің  Басқармасы  мен  Директорлар  кеңесінің  шешімдерін 
ресімдеуге жауапты қызметкерлері тіркейді жəне екі жыл ішінде сақталады (кейін 
белгіленген тəртіппен Мекеменің  мұрағатына беріледі). 
83.  Мекеменің  негізгі  қызметі  мəселелері  бойынша  Мекеменің  Төрағасы 
немесе оның орынбасарлары қол қойған бұйрықтар мен өкімдердің түпнұсқаларын 


 
50
уəкілетті  бөлімше  тіркейді  жəне  екі  жыл  бойына  сақталады  (кейін  белгіленген 
тəртіппен Мекеменің  мұрағатына беріледі). 
84.  Кадр  мəселелері  бойынша  (қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау  жəне 
шығару, орындарын ауыстыру, еңбекке ақы төлеу, демалыс күндері жұмысқа тарту 
жəне  басқалары),  сондай-ақ  қызметкерлерді  іссапарға,  оқуға  жəне  біліктілігін 
арттыруға 
жіберу 
мəселелері 
бойынша 
бұйрықтардың 
түпнұсқаларын 
қызметкерлермен  жұмыс  жүргізу  бөлімшесі  (бұдан  əрі  –  кадр  қызметі)  тіркейді 
жəне  екі  жыл  бойына  сақталады  (кейін  белгіленген  тəртіппен  Мекеменің  
мұрағатына беріледі). 
85.  Жауапты  бөлімшелер  басқару  құжатын  тіркейтін  бөлімшені  құжаттың 
электронды көшірмесімен қамтамасыз етуі тиіс. 
86.  Мекеменің  уəкілетті  лауазымды  тұлғалары  шығарған  басқару 
құжаттарын  Мекеменің  бөлімшелерінде  сақтау,  оларды  Мекеменің  мұрағатына 
сақтауға  қабылдау-өткізу,  сондай-ақ  құжаттарды  жоюды,  оның  ішінде  сақтау 
мерзімі  өткеннен  кейін  жоюды  Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілерінде  жəне 
осы Ережеде белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 
87.  Басқару  құжаттарының  нұсқаулары  мен  талаптарының  орындалуын 
бақылауды оларда көрсетілген, Мекеменің Басқармасы мен Директорлар кеңесінің 
шешімдерін  ресімдеуге  жауапты  лауазымды  адамдар,  уəкілетті  бөлімшелер  мен 
қызметкерлер жүзеге асырады. 
88.  Жауапты  бөлімшелерге  осы  басқару  құжаттарының  көшірмелерін 
Мекеменің мүдделі бөлімшелеріне жіберу жүктеледі. 
Мекеменің  жүйесіндегі  қызметкерлерге  қол  қойғыза  отырып  таныстыруды 
немесе  хабарлауды  керек  ететін  басқару  құжаттарын  жауапты  бөлімшелер  екі 
күннен аспайтын мерзімде орындайды. 
89.  Жауапты  бөлімшелер  бұйрықтар  мен  өкімдерге  қол  қойылып, 
тіркелгеннен  кейін  олардың  көшірмелерін  электронды  құжат  айналымы  шағын 
жүйесі  бойынша  мүдделі  бөлімшелерге  жібереді.  Құжаттардың  түпнұсқалары 
уəкілетті  бөлімшеге  не  қызметкерлермен  жұмыс  жүргізу  жөніндегі  бөлімшеге 
беріледі. 
90.  Мекеменің  мүдделі  бөлімшелеріне  жіберілетін  басқару  құжаттарының 
көшірмелерінде  Мекеме  басшыларының  түпнұсқа  қолдары  болмауы  тиіс  жəне 
жауапты қызметкер қол қойып, уəкілетті бөлімшенің мөрі басылуы тиіс. 
Кадр мəселелері жөніндегі құжаттардың көшірмелері жауапты қызметкердің 
қолымен  жəне  қызметкерлермен  жұмыс  жүргізу  жөніндегі  бөлімшенің  мөрімен 
расталады. 
 
5-тарау. Мекемедегі нормативтік құқықтық актілерді, басқару   құжаттарын жəне 
басқа да құжаттарды мемлекеттік тілден орыс жəне ағылшын тіліне жəне орыс 
тілінен мемлекеттік тілге аудару тəртібі 
 
91.  Мемлекеттік  тілден  орыс  тіліне  жəне  орыс  тілінен  мемлекеттік  тілге 
тиісінше  аударма  жасалатын  құжаттар  мен  басқа  материалдардың  (бұдан  əрі  - 
материалдар) мəтіндерін уəкілетті бөлімше аударады. 
92. Құпия материалдарды аудару тəртібі Қазақстан Республикасының жəне 
Мекеменің  арнайы нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. 
93.  Аудармаға  келіп  түскен  материалдар  (құпиядан  басқасы)  арнайы 
журналда тіркеледі. 
94.  Егер  келіп  түскен  материал  аударылған  материалдың  өзгертілген 
немесе  толықтырылған  нұсқасы  болса,  жауапты  орындаушы  іс  қағаздарын 
мемлекеттік  тілде  жүргізуді  ұйымдастыру  бөлімшесіне  аударма  барысын  тездету 
үшін аударылған материалдың көшірмесін беруі тиіс. 


 
51
95. Материалдарды аудару үшін мынадай мерзімдер белгіленеді: 
1) көлемі 5 бетке дейінгі материалдарды аударуға екі жұмыс күні ішінде; 
2) көлемі 10 бетке дейінгі материалдарды аударуға бес жұмыс күні ішінде; 
3) көлемі 10 беттен көп материалдарды аударуға он жұмыс күні ішінде. 
Жекелеген жағдайларда, аударуға берілген материалдардың маңыздылығы 
мен  шұғылдығын  ескере  отырып,  Мекеменің  басшылығы  аударма  жасаудың  өзге 
мерзімдерін белгілеуге құқылы. 
Аударманы  орындау  мерзімін  есептеу  материалдарды  уəкілетті  бөлімшеге 
аударуға берген күннен бастап жүргізіледі. 
96. Аударылған материалдарды Мекеменің бөлімшесі қажетті дана санымен 
қағазға шығарып жəне электронды түрде береді. 
97.  Соңғы  парақтың  сыртқы  бетіне  аударма  файлының  атауын,  аударма 
орындалған  күнді  көрсете  отырып,  аударылған  материалдың  əр  бетіне 
аудармашы қол қояды. 
Мекемеде  іс  қағаздарын  жүргізу  толығымен  мемлекеттік  тілге  көшірілген 
кезде  тиісті  бөлімше  мемлекеттік  тілде  əзірленген  құжаттардың  мəтіндеріне 
сараптама жасаумен жəне редакциялаумен айналысады.  
 
6-тарау. Құжаттарды тіркеу 
 
98. Мекемеде құжаттарды тіркеу былайша жүргізіледі: 
1) уəкілетті бөлімшеде келіп түскен хат-хабарлар, бұйрықтарды, өкімдерді; 
2)  Басқарманың  жəне  Директорлар  кеңесінің  шешімдерін  ресімдеуге 
жауапты  қызметкерлер  -  Басқарма  мен  Директорлар  кеңесінің  мəжіліс 
хаттамаларын; 
3)  Мекеменің  бөлімшелерінде  -    тиісті  бөлімшелердің  жіберілетін  жəне  ішкі 
хат-хабарларын тіркейді. 
Конкурстық ұсыныстары бар құжаттарды конкурстық комиссияның хатшысы 
Қазақстан  Республикасының  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  сатып  алу 
мəселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес тіркейді. 
99.  Келіп  түскен  құжаттар  түскен  күні,  ал  жіберілетін  жəне  ішкі  құжаттар  – 
жөнелтілген күні тіркеледі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   188




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет