Ақша реформалары


жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы



бет3/3
Дата22.03.2022
өлшемі40,52 Kb.
#136519
1   2   3
Байланысты:
АҚША РЕФОРМАЛАРЫ 1922,1947,1961,1993
Тасибекова Торгын пікір үлгі
1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы
ҚР-да 1993 ж ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі- ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 ж басталған экономиканы қайт құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық- түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990ж қолма- қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-1985жж эмиссияланған қосында сомадан әлдеқайда көп еді.
1991ж қаңтарындағы «КСРО Мемлекеттік банкінің 1961ж үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау джәне оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарынан қолма- қол ақша беруді шектеу туралы» КСРО Президентінің 
Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991ж үлгідегі 50 және 100 сомдық купюрлер шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992ж айналысқа 200,500,1000 сомдық кеңестік үлгідегі купюралар шығарылды.
1992ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкісін Ресейдің Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рубльдің басты эмитенті қызметін атқаруды соған міндеттеді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма- қол ақша массасын көбейту қажеттігін тудырды. Республикалар өздерінің егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір- біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма- қол ақшамен қамтамасыз ететін жалғыз эмиссялық орталық- ақша шығаратын станок біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейн әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша- несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. 1992ж шілдеде Ресей Орталық банкі еегемен мемлекеттерге Ресей Банкімен күнбе- күн екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды. Қолма- қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500 % болғандықтан аударылған ақша құнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайтын.
Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша- несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей Банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. 
1993ж. көктемде жаңа ресейлік рубль шығарып, оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады. Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет- Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді. 1993ж 23 шілдеде Ресей Банкісі 1961-1991жж шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін және 1992ж шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000 рубльді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгіленген болатын. Екі күннен соң Ресей президентінің жарлығымен айырбас мерзімі 1993ж 1 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтілді.
Сөйтіп, 1992-1993жж егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуіне орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей орталық банкісінің 1961-1992жж банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері күрт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992ж бірінші жартысында ҚР-ң Президенті, үкіметі, Жоғарғы Кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының дизайнын дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993ж наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта- 1,3,5,10,20,50 және 100 тенге дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993ж 12 қарашасында ҚР Президенті Назарбаев Н. «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
1993ж.15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта- теңге енгізілді, 1993ж 18 қарашадан бастап теңге ҚР-да бірден- бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма- қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.
Қолма- қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта- сом және теңге- айналымда қатар жүрді.
ҚР-ң жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалануға құқы болмады. ҚР-ң Ұлттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды. 
Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары 1,5 жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 млн доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы болды. Қазақстан енді өндірілген алтын мен күмісті москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізуін қолдап 90млн стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180 млн доллар берді.
Айналымға теңгені енгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси алауыздығы тереңдей түскен каржы- экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, 1994 жылы 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі төрт айда кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауықымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті. 
1995ж ортасында Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығында алғашқыда қазыналық вексельдерді одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993ж 2500% болса, 1994ж бас кезінде 1260% болды, 1995 ж инфляция 58% болды.
1997ж мемлекеттің алтын валюта қоры кәсіпорындарды жекеменшіктендіру ждәне шетел инвесторларына басқаруға беру сияқты инфляцияланбайтын көздерден түскен 700 млн доллармен толықты. Бұл жылы теңге курсының ауытқуы тиынмен, ал инфляцияның деңгейі проценттің бөліктерімен есептелетін жағдайға жетті.
1998ж Оңтүстік- Шығыс Азиядағы дағдарыстардың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, Қазақстанға валюталық түсімдерді біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25%-ке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағамын одан әрі төмендетті. 1994 ж таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфляцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататынын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998ж күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999ж сәуірінен Қазақстан үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премьер- министр былай деген: «Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процесске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді, ендігі жерде олай болмайды...»
Қазақстан төңірегіндегі елдерде- біздің негізгі сауда әріптесімізде ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Ресейде рубльдің бағамы 1998ж тамыздың 17-нен бері қарай төрт есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды.
Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі шектеулер қойдық және Қырғызстан мен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200% жеткіздік. Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол- аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда..
Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар- теңге бағамының еркін өзгермелі болуына жол беруіміз керек.
Сонымен Қазақстан теңгесі міне 19 жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Мектеп бухгалтері» журналы, №2 (8), 2005

  2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.

  3. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /

  4. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.

  5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің

өзекті мәселелері», Алматы – 2002.

  1. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.

  2. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,

Алматы –2000

  1. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар»,

Алматы – 2000 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет