Ашаршылық саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат



бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#111322
  1   2
Байланысты:
Теллур Алина 1-014 Контент талдау


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Қарағанды Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

Контент талдау

Тақырыбы : «1921-1922жылдардағы ашаршылық»

Орындаған: Теллур Алина Теллурқызы 1-014ЖМ

Тексерген: Алиева Гүлзат Габдоллаевна

Қарағанды 2021



Талдау1921-1922 жж. Қазақстанда болған ашаршылық мәселесіне арналған. Автор мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ашаршылықтың себептері мен зардаптарын көрсетеді.

Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат.



1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.

1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.

1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: «Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.

Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.

1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.




Республикадығы халық саны

Аштыққа ұшыраған адам саны







1921 жыл




 1 476 985 адам

927 593

Ересектер

158392

Балалар

1922 жыл

4 781 263адам

2 832 000адам









Сөйтіп, азық-түлік салғыртының салықпен алмастырылуы барлық өнімдерге қатысты салық мөлшерін белгілеген құжаттар қабылдатып, сол мөлшер бойынша шаруаларға салық төлеу міндеттелінді. Жеуге азық, малын асырауға шөп таба алмай қиналған қазақ шаруалары үкімет белгілеген салықты төлеуге шамасы келмеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет